Жан-жақты дамыту жаттығулары: (Таяқшалар).
1.Қол мен иық бұлшықеттеріне арналған жаттығулар.
Б.қ.: тік тұру, таяқшаны екі шетінен ұстау.
1. Таяқшаны жоғары көтеру, таяқшаға қарау.
2. Төмен түсіру, таяқшаға қарау.
3. Б. қ. келу.
2. Дене бұлшықеттеріне арналған жаттығулар:
Б.қ.: аяқ иық көлеміндей ашық, қол төменде.
1. Таяқшаны алға созу.
2. Жоғары көтеру.
3. Б. қ. келу.
Б. қ.: аяқ арасы иық көлеміндей алшақ, таяқшаны екі шетінен ұстау.
1. Таяқшаны оң қолмен ұстап тұрып, оңға бұрылу.
2. Таяқшаны сол қолмен ұстап тұрып, солға бұрылу.
3. Б. қ. келу
3.Аяқ бұлшықеттеріне арналған жаттығулар:
Б.қ.: отыру, таяқшаны екі шетінен қолмен ұстау.
1. Таяқшаны алға, аяқ ұшына қарай созып иілу.
2. Жоғары көтеру.
3. Б. қ. келу.
Б. қ.: тік тұру, таяқшаны екі шетінен ұстау.
1.Таяқшаны ұстап тұрып, алға секіру.
2. Б. қ. келу.
Шеңбер құрып тұрады.
Таяқшаны екі шетінен ұстап, жоғары-төмен түсіреді.