Дәрістің мақсаты: Студенттерді ықтималдықтар теориясының негізгі ұғымдарымен, ықтималдықты есептеудің кейбір әдістерімен таныстыру.
Ықтималдықтар теориясы – кездейсоқ құбылыстардың заңдылықтарын зерттейтін математикалық ғылым. Зерттелетін құбылыстар олардың табиғатынан тәуелсіз қарастырылады, яғни ықтималдықтар теориясы кездейсоқ құбылыстардың математикалық модельдерін қарастырады. Бұл жерде кездейсоқ құбылыс деп ақырғы нәтижесі алдын ала болжауы мүмкін емес құбылыстарды түсінеміз.
Кездейсоқ оқиғалар, олардың классификациясы
Айталық, ақырғы нәтижесі алдын ала болжауы мүмкін емес кейбір тәжірибе (эксперимент, сынақ) жүргізілсін. Кездейсоқ оқиға деп тәжірибенің кейбір белгілі шарттар жиынтығы орындалу нәтижесінде пайда болуы да мүмкін, пайда болмауы да мүмкін кез келген нәтижесін айтамыз. Оқиғаларды латын , , , … әріптерімен белгілейміз. Тәжірибе нәтижелерін элементарлық оқиғалар дейміз де, арқылы белгілейміз. Барлық элементарлық оқиғаларының жиынын арқылы белгілейміз. Табиғатта кездесетін оқиғаларды үш топқа бөлуге болады: ақиқат оқиғалар, мүмкін емес оқиғалар, кездейсоқ оқиғалар.
14.1 анықтама Егер оқиғасы белгілі бір шарттар жиынтығы орындалғанда міндетті түрде пайда болса, ақиқат оқиға деп аталады.
14.2 анықтама Егер оқиғасы белгілі бір шарттар жиынтығы орындалғанда пайда болмаса, мүмкін емес оқиға деп аталады.
14.3 анықтама Егер оқиғасы белгілі бір шарттар орындалғанда пайда болуы да мүмкін, пайда болмауы да мүмкін оқиға болса, кездейсоқ оқиға деп аталады.
Әрбір кездейсоқ шама көптеген кездейсоқ себептер әсерінің салдарынан болады. Ол себептердің әсер ету заңдылықтары белгісіз болғандықтан, олардың барлығының тәжірибе нәтижесіне әсер етуін ескеру мүмкін емес. Ал егер бірдей шарттар орындалғанда, сан рет жүргізілген бақылауларда пайда болатын кездейсоқ шамаларды қарастырсақ, мәселе өзгереді. Жеткілікті көп рет пайда болатын біртекті кездейсоқ оқиғалар өздерінің жаратылысынан тәуелсіз белгілі заңдылықтарға бағынады екен. Осы заңдылықтарды ықтималдықтар теориясы орнатады.
Сонымен, ықтималдықтар теориясы көптеген біртекті кездейсоқ оқиғалардың ықтимал заңдылықтарын зерттейді.
Достарыңызбен бөлісу: |