Сабақты қорыту
- Балалар, біз бүгін қай санмен таныстық? Ол сандар қатарында қай саннан кейін келеді
Ауызша бағалау.
12 сабақ
Сабақтың тақырыбы: Математикалық жұмбақтар.
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың математикалық білім қабілеттерін тексеру, алған білімдерін пысықтау. Мұндағы өлең-есептер, сөзжұмбақты шешу арқылы логикалық ойлау қабілетін дамыту.Оқушыларды ауызбіршілікке , ұйымшылдыққа тәрбиелеу. Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру бөлімі:
Математикалық санамақ айтып жарысу.
1-дегенің жаман баға,
- Алады оны жаман бала.
2-дегенім нашар баға,
Інішегім нашарлама.
3-дегенім орта баға
Сапасы да орта ғана.
4-дегенім жақсы баға,
Сергіту сәті:
Жапырақтары жайқалып,
Биік ағаш өседі.
Самал желмен тербеліп,
Бұлттар жылжып көшеді.
Математикалық өлең есеп «Торғай нешеу?»
Талдан ұшты көп торғай,
Емес бірақ көп торғай.
Алдында оның бастаушы,
Артында оның қостаушы.
Және тағы қарасақ,
Қайта оны санасақ,
Соңында біреу қап келді,
Алдында төртеу, топ келді,
Үшеуі қатар жарысқан,
Түзіліп үшеу қалыспан.
Ойың жүйрік болса егер,
Торғай нешеу, есепкер
(Бес торғай)
6 аламаның 2-ін
Досың сұрап алады.
Айтшы сонда нешеуі
Өз қолыңда қалады. (4)
11 түйе, бес жылқы.
2 сиыр, бір ешкі
2 қоян, үш түлкі,
Неше болды барлығы? (24)
Қызықты тапсырмалар.
1. Аулада жүрген бұзаулар мен тауықтардың аяқтарының саны - он. Аулада неше тауық, неше бұзау болуы мүмкін?
2. Ағаш басында 2 балық отыр еді. Оларға тағы 2 балық ұшып келді. Барлығы неше балық болды?
Сабақты қорытындылау.
13 сабақ
Сабақтың тақырыбы: Кестелік қосу және азайту
Сабақтың мақсаты:1. Қосынды және айырма туралы түсінік білімдерін тексеру.
2. Қосу мен азайтудың кестелік жағдайлары туралы білімді бекіту. Сөйлеу тілін, қабілеттерді, өздігінен әрекеттенуді дамыту. 3. Есептерді таза және ұқыпты дәптерге жазуды үйрету.
Достарыңызбен бөлісу: |