Ұлттық
Дидактикалық
Логикалық
Грамматикалық
Мысалы: «Ақсүйек», «Қанталапай», «Көкпар» , «Мың бір мақал», «Ғажайып алаң», «Сөз құрау», «Жұмбақ есеп», «Әріпті кубиктер», «Сергіту сәті».
Соның ішінде менің қолданып жүрген ойын түрі – дидактикалық ойындар.
Дидактикалық ойындардың мақсаты мен міндеттері
Дидактикалық ойындар баланың ынтасын сабаққа аударуға, көңіл қойғызуға, қабылдауын жеңілдетуге, білімді толық игеруге көмектеседі,сабаққа эмоциялық бояу береді, пәнге қызығушылығын арттырады.
Мақсаты:
Баланы пәнге қызықтыру, логикалық ойлауын дамыту, таным әрекетін қалыптастыру, тиянақтау, пысықтау, алған білімді тексеру, белсенділігін арттыру.
Міндеттері:
1) Танымдық: баланың тану, іздену әрекетін дамыту.
2) Тәрбиелік: айналасымен қарым-қатынас жасауға, қажетті дағдыны,
адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру.
Дидактикалық ойындарды ұйымдастыруда төмендегі элементтерге сүйенеміз:
Дидактикалық ойынның құралы, сабақтың да құралы болып есептеледі. Мысалы: таблицалар, модельдер, таратылу материалдары, интерактивті тақта, т.б. Дидактикалық ойынды сабақтың кезеңдеріне байланысты қолданудың орындылығы да байқалады.
Дидактикалық ойындарды құру мына негіздерге сүйенеді:
1) Балалардың іс-әрекетіне ойын түрлерімен оқуды байланыстыру,біртіндеп қызықты әрі жеңіл ойындардан ойын-тапсырмалар арқылы берілген оқу-тәрбие мәселелеріне көшу.
2) Шарты мен міндеттерінің біртіндеп күрделенуі.
3) Берілген тапсырмаларды шешуде баланың ақыл-ой белсенділігінің күшеюі.
4) Оқу-тәрбие мақсаттарының бірлігі.
Дидактикалық ойындардың сапалылығы:
Олардың сабақтың әр кезеңіндегі орны мен міндетін, мақсатын дәл анықтауға, оны қолданудың теориясы мен практикасын мұғалімнің жетік меңгеруіне, шеберлік танытуына, ойынға қажетті материалдарды алдын-ала дайындап алуына, ойын үрдісіне оқушыларды белсенді қатыстыруына байланысты болады.
Математикалық мазмұнындағы дидактикалық ойынның сапалылығына әсер ететін келесі сұрақтарды қарастыру керек:
• Ойынның мақсаты. Ойынның кезінде оқушылар қандай математикалық білік пен дағдыны қалыптастырады?
• Қатысушылардың саны.
• Ойынға қандай дидактикалық материалдар қажет болады ?
• Ойынның ережесімен таныстыруға қаншама уақыт кетеді?
• Қанша уақыттқа ойын есептелінген? Ойын қызықты және әсерлі бола ма? Осы ойынды оқушылар тағы ойнауға келіседі ме?
• Оқушыларды түгелдей қатыстырудың қандай амалдары бар?
• Оқушылардың ойынға қатысуын бақылауды қалай ұйымдастыру керек?
• Ойынды қызықты етіп, оқушылардың белсенділігін көтеру үшін қандай өзгерістер ендіру керек болады?
• Ойыннан соң қандай қорытынды жасау керек?
Ойын кезінде келесі жағдайларды ескеру керек:
Ескеретін жай: Кері әсері
- Ойынның шарты қарапайым және анық болу керек, ал ұсынылатын материалдың математикалық мазмұны оқушыларға қабылдауына сай болуы керек. Себебі,ойын оқушыларды қызықтырмауы және формальды түрде өтуі мүмкін.
- Ойын кезінде қолданылатын дидактикалық материалдың қолдануға ыңғайлы болуы. Керісінше жағдайда ойынның әсері төмендейді.
- Математикада ойынның өз мәнері болуы шарт . Ойын ережесінен асып кету, оқушыларды барлық ісіңізді «Ойын» деп қабылдауға итермелейді.
- Ойынның кезінде оқушылар өз ойын қысқа және сауатты тілмен жеткізу керек. Математикалық тілде сауатты сөйлеуі төмендейді.
- Ойынды сол сабақтың үстінде аяқтап, ойынның нәтижесіне жету. Егер уақытылы нәтиже шығарылмаса ойынның мәні кетеді.
Дидактикалық ойынның белгілі бір нәтижесі болады, ол ойынның финалы болып есептелінеді, яғни ойынның аяғы.Мұғалім үшін ойынның нәтижесі оқушылардың математика саласындағы жетістіктерінің көрсеткіші болып табылады немесе оқу-білімді игеру деңгейі болып есептелінеді.
Мен өз тәжірибемде оқушыларды пәнге қызықтыру масатында көптеген «Математикалық ребустар», «Ыстық орындық», «Математикалық фокус» , «Формуланы дұрыс тап» (сары түсті шарлар формуланы дұрыс тапса, жасыл түске өзгереді) т.б ойындарын жиі қолданамын. «Өрмекшінің торы», «Сиқырлы қоржын» ойындарын өткенді қайталау мақсатында 7 сыныптарға «Қысқаша көбейту формулалары» , 5 сыныптарға «Жай бөлшектер» тақырыбына байланысты пайдаланған кезде оқушылар белсенді қатысып, ойынның нәтижесіне көңілдері толды.
Достарыңызбен бөлісу: |