1-тәсіл
Фактілер туралы: Сені не қызықтырды? Нені байқадың? Қандай фактіні көріп тұрсыңдар?
Теория туралы: Сені не қызықтырды? Сенің көзқарасың бойынша қанша теория бар?
Ыңғайлысын таңдау: Қандай сұрақ туады? Бүгінгі сабақтың тақырыбы қандай деп ойлайсыңдар? Біздің алдымызда қандай проблема тұр?
2-тәсіл Cыныпта бірнеше көзқарас пайда болды.Неге?
3-тәсіл. Cендер басында қалай ойладыңдар? Іс жүзінде қалай болды?
4-тәсіл Бүгінгі сабақтың тақырыбы қандай деп ойлайсыңдар? Біздің алдымызда қандай проблема тұр?
5-тәсіл
Сендер тапсырманы орындай аласыңдар ма? Не қиындығы бар?
6-тәсіл
Сендер тапсырманы орындай алмадыңдар ма?Неге тапсырманы орындау мүмкін болмай жатыр? Алдыңғы тапсырмалардан қандай айырмашылығы бар?
7-тәсіл
Сендер не істегілерің келді? Қандай білімді қолдандыңдар? Тапсырма орындалды ма?
Проблемалық сабаққа дайындық барысында мұғалім іс-әрекеттің әр қадамын нақты,анық жазу керек.Сабақта проблемалық технологияны қолдануға даярлық уақытты қажет етеді,проблемалық сұрақтың тұжырымдамасын дайындау біршама күрделі,оқушыларды тығырықтан шығаруға ұмтылдыру үшін әр тапсырманы,әр сұрақты ойластыру керек.
Пробеманы шешу сабақтың недәуір уақытын алғанмен,дайын білімді алумен салыстырғанда әлдеқайда пайдалы,құнды.
Проблеманы шешуді топтық жұмыс барысында,ынтымақтаса отырып та жүзеге асыруға болады.Дұрыс ұйымдастырылған ынтымақтастық оқу-тәрбие процесінде жақсы нәтижелер береді.