«математика сабақтарында проблемалық технологияны қолдану арқылы оқушылардың іздену-зерттеушілік қабілеттерін дамыту» тақырыбындағы іс-тәжірибені жалпылау



бет2/10
Дата22.05.2023
өлшемі95,21 Kb.
#95800
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Жұмыстың негізгі сипаттамасы
Проблемалық оқу технологиясының негізгі идеялары
Қазіргі оқушы – ертеңгі халық тағдырын шешетін азамат. Білім беру ұйымдарының алдында күрделі міндет тұр. Ол жан-жақты, бәсекеге қабілетті, креативті ойлайтын, ертеңгі күні қоғамда өз орнын табатын жеке тұлғаны тәрбиелеп шығару бүгінгі күннің аса маңызды міндеттерінің бірі.
Проблемалық оқыту технологиясы арқылы оқушылардың тез ойлап табу, жаңалық ашу, аяқ астынан ақыл табу, интеллектуалдық биіктік, ұшқыр ойлылық сияқты қабілеттерін дамытады.деп анықтама беріледі. Креативтілік — өркендеуге, дамуға, нәтижеге жетуге бағытталған.Проблемалық технология бойынша ізденушілік, зерттеушілік, эвристикалық әдістермен жұмыс жасалады, қиялдауға итермелейді, қысылмай өз ойын айтуға мүмкіндік береді. Еліміз келешекте дамыған елдердің қатарында болу үшін ,бүгінгі мектеп түлегі өз бетінше ойлай алатын, қиындықтарды көре білетін, оларды шешудің тиімді жолдарын таба алатын,алған білімдерін қалай қолдануға болатындығын түсінетін тұлға болулары керек. Қазіргі таңдағы білім беру жүйесі білім алушылардың алдына міндеттерді қою және оны шешуде өз бетінше жұмыс істеудің шығармашылық ізденушілік дағдыларын меңгеру міндетін қояды. Проблемалық оқыту оқушылардың өздігінен ізденуіне, зерттеу жұмыстарына баулуда, белгілі емес проблемаларды өз беттерінше шешуде өте ұтымды технология болып келеді.
Сондықтан мұғалімдердің алдында білім алушыны қажетті білім құралдарымен қалай қаруландыру керек деген сұрақ туады. Проблемалық оқыту проблемалық жағдайлар жасау арқылы педагогтың мақсатты іс-әрекетін қамтамасыз ететін тәсілдер жүйесі болып табылады. Бүгінгі білім берудің негізгі міндеттері – білім алушыны белгіленген білім жиынтығымен қаруландыру ғана емес, оның өмір бойы оқу, командада жұмыс істеу, рефлексивті өзін-өзі ұйымдастыру арқылы өзін-өзі дамыту қабілетін қалыптастыру. Аталған дағдыларды қалыптастыруда проблемалық оқыту технологиясы маңызды роль атқарады. Бұл технологияның өзектілігі оқу қызметіне мотивацияның жоғары деңгейін дамытумен, оқушылардың танымдық қызығушылықтарын арттырумен анықталады, туындаған қайшылықтарды шешу, сабақта проблемалық жағдайларды жасау кезінде мүмкін болады. Оқушылардың жан-жақты қиындықтарын жеңуде жаңа білімді, іс-әрекеттің жаңа тәсілдерін, іскерліктер мен дағдыларды меңгеруге деген қажеттілік туындайды Проблемалық оқытуды зерттеуші ғалым М.И.Махмутов: «Білім мен білім алу әрекеті арасындағы өзара байланыс оқушы өзі білмейтін нәрсемен танысқанда, оны түсінуге тырысқанда пайда болатын қайшылықтардан шығу жолын іздегенде ғана тығыз болады. Өйткені ол жаңа білімді игеру барысында ізденіс жасап, әрекет етеді» - деп көрсетеді. Ғалым проблемалық оқыту негізінде оқу проблемасы жататындығын, ал ол проблема оқушылар бұрын меңгерген білім мен берілетін жаңа білім арасынан туындайтынын сөз етеді. Мұндай жағдайдан шығу білімді меңгерудің жолдарын қарастыру кезінде туындаған проблеманы шешу үшін ойлау қабілетін дамытқанда ғана іске асады. Ал поляк ғалымы В.Оконь: «Проблемалық жағдай тудыру, проблема көтеру, қойылған мәселелерді шешуде оқушыларға қажетті көмек көрсету .. », - дейді Ғалым проблемалық оқытудағы проблемалық ситуацияның орнын сөз етеді. Оны шешуге оқушыларды жұмылдыру, көмек беру, мәселесіне тоқталып, ең бастысы проблеманы таба білу, оны ұсынудың маңызын айқындайды. Ғалымдар пікірін талдап, саралағанда ортақ бір тұжырым шығады. Проблемалық оқыту негізінде оқушыларға бейтаныс проблеманың жататыны, оқушылардың оны салыстыру, дәлелдеу шешу үшін болжамдар жасай отырып еңбектенуі керектігін тұжырымдайды. Проблемалық ситуацияны шешу-зерттеу, іздену еңбегін, шығармашылық еңбекті талап етеді. Ал шығармашылықтың мәні – жеке тұлғаның бір нәрсе жасап шығаруы немесе өзіне ғана тән бір нәтижеге қол жеткізуі. і. Демек, проблемалық оқыту білім алушылардың шығармашылық ойлауын дамытады деген сөз.
Орта білім беретін мектептің міндеттеріне сүйене отырып, оқытудың дәстүрлі типін проблемалық оқытумен салыстырудан шығарылған қорытындылар негізінде проблемалық оқытудың негізгі міндеттерін тұжырымдауға болады. Оларды шартты түрде жалпы және арнайы міндеттерге бөлеміз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет