«математика сабақтарында проблемалық технологияны қолдану арқылы оқушылардың іздену-зерттеушілік қабілеттерін дамыту» тақырыбындағы іс-тәжірибені жалпылау


-4 слайд Сабақтың ортасы 20 минут Сабақтың соңы



бет7/10
Дата22.05.2023
өлшемі95,21 Kb.
#95800
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
1-4 слайд

Сабақтың ортасы


20 минут

Сабақтың соңы

Бүгінгі сабағымызды Лев Толстойдың "Адамға қанша жер керек?" әңгімесімен бастайын деп отырмын
Ауылдағы тұрмысы жұтаң жігітке шайтан қонаққа келіп,мынадай талап қойған екен ...бір күнде қанша жерді айналып шықсаң - сол жер сенікі, ал, бір күннің құны - мың сом. Тек бірақ шартымыз бар: егер күн батқанша шыққан жеріңе қайта келіп үлгірмесең – ақшадан айрыласың.
Қанағатты білмейтін қу кедей жігіт, шамасын білмей жүгіреді-ай келіп! Сөйтсе, тым ұзаққа шауып кеткен екен. Бірақ, отбасына оралуға тым кеш еді. Жанын шайтанға сатқан Пахом 40 км төртбұрышты айнала жүгіріп,ес-түссіз құлап,ажал құшады.Ауданы ең үлкен болу үшін Пахом қандай төртбұрышты жүріп өтуі керек?

Сендер қалай ойлайсыңдар: неғұрлым үлкен жерге ие болу үшін Пахом нені білу керек?


Пахомға қандай көмек бере аласыңдар?
Пахомға көмектесу үшін біз қандай білімді игеруіміз керек?
Мұғалім оқушылардың қорытындысын жалпылайды және бүгінгі сабақтың тақырыбын ,мақсатын айтады

Квадраттық функцияның қасиеттерін есеп шығарғанда қолдану үшін Quiziet ойынын ұсыну.Тест тапсырмасы топқа беріледі,әркім ұялы телефонымен Quiziet сайтына кіреді,ойынды мұғаліммен бірге бастайды


Балалар квадраттық функцияның қасиеттерін еске түсіріп алдық, енді Пахомға көмектесейік.Сонымен , Пахом бір күнде 40 км жолды жүріп өтті.
Есептің шартын қалай жазар едіңдер?
Есепті қалай шығарамыз?
Не белгісіз? Х-пен нені белгілейміз?
Х қандай мәндерді қабылдауы мүмкін?
Тік төртбұрыштың ауданын қалай өрнектейміз?
Квадраттық функция алынды.Бізге оның ең үлкен мәнін табу керек
Квадраттық функцияның қасиеттерін еске түсірейік
Параболаның төбесінің координаталарын есептеңдер
Тіктөртбұрыштың қабырғасын есептеңдер
Қорытынды жасаңдар:неғұрлым үлкен жерге ие болу үшін Пахом қабырғасы нешеге тең тіктөртбұрышты айналу керек?
Desmos графикалық калькуляторы арқылы
у= - х2+20х ең үлкен мәні 100-ге тең болатындығына көз жеткізіңдер








Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет