Мектеп: C.Ғаббасов атындағы жалпы орта білім беретін мектеп
Күні: 19.02
Мұғалімнің аты-жөні: Токыжанова Ш.Қ.
Сынып: 8
Қатысқандар саны:
Қатыспағандар саны:
Сабақтың тақырыбы:
Квадраттық функцияның қасиеттерін пайдаланып мәтін есептерді шығару
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)
8.4.2.3 қолданбалы есептерді шығару үшін квадраттық функцияны қолдану;
8.4.3.1 есеп шарты бойынша математикалық модель құру;
Сабақ мақсаттары
Барлық оқушылар: Квадраттық функцияның қасиеттерін біледі;
Басым оқушылар: Квадраттық функцияның қасиеттерін қолданады;
Кейбір оқушылар: Қолданбалы есептерді шығару үшін квадраттық функцияны қолданады;
Оқушылар:
Квадраттық функцияның қасиеттерін қолданады;
Қолданбалы есептерді шығару үшін квадраттық функцияны қолданады;
Ойлау дағдылары
Білу,түсіну,қолдану
Тілдік мақсаттар
Пәндік лексика мен терминология Квадраттық функция; парабола; парабола төбесі, парабола тармақтары; симметрия осі; функцияның нөлдері; гипербола; графикті симметриялы бейнелеу; х осімен сығу; х осімен созу; оңға жылжыту, солға жылжыту.
Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер парабола тармақтары ... бағытталған; график Ох осінен ... (жоғары, төмен) орналасқан; квадраттық функцияның графигі Оу осін ... (жоғары, төмен) қиып өтеді, себебі ... 0-ден (<, >); берілген функцияның графигін ... функциясының графигін екі параллель көшіру көмегімен алуға болады: х осі бойымен ... бірлікке ... (оңға, солға) жылжыту және у осі бойымен ... бірлікке ... (жоғары, төмен) жылжыту;
Құндылықтарды дарыту
Белсенді қарым- қатынас, өзіндік шешім қабылдауды үйрену және оны дамыту, бір – бірінің пікірлері мен ерекшеліктерін құрметтеу, қабылдау
Оқушылармен амандасады
Сабақтың эпиграфын оқиды: “…егер ғылыми теория практикада қолданылуымен өзінің өмірден алынғанын дәлелдесе, практика теорияны жаңартып, жаңа сатыға көтеруімен маңызды” П.Л.Чебышев (1-слайд ). П.Л.Чебышев не туралы айтып отыр деп ойлайсыңдар?
Сендер немесе сендердің ата-аналарың өмірде осындай есептермен бетпе-бет келді деп ойлайсыңдар ма?
Дұрыс айтасыңдар, балалар,қазіргі кезде біздің елімізде өндірістің барлық саласында тиімділік пен сапаны арттыруға баса назар аударып отыр.Уақытты үнемдеп,аз шығынмен қалай жоғары нәтижеге жетуге болады?
Дәптерлеріне бүгінгі күнді жазады
Оқушылар пікірлерін айтады.