«Математиканы оқыту әдістемесі» оқу пәні «Математиканы оқыту әдістемесі»


Жеті модуль бойынша оқытудағы жаңа әдіс- тәсілдер



бет10/16
Дата19.06.2022
өлшемі147,58 Kb.
#37072
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   16
Байланысты:
Математиканы оқыту әдістемесі жауап

Жеті модуль бойынша оқытудағы жаңа әдіс- тәсілдер:
1 модуль. Дилогты оқыту арқылы жүзеге асады.
«Диалог» сөзі гр. тілінен аударғанда екі кісінің тіл арқылы қатынасқа түсуін айтамыз. Мерсер мен Литолтон (2007) диалог сабақта оқушылардың қызығушылығын арттырумен қатар, олардың білім деңгейінің өсуіне үлес қосатынын атап көрсетеді. Тапсырманы орындауда сыни тұрғыдан ойлануды үйренеді. Зерттеушілік әңгіме барысында бір-бірінің идеяларын талқылайды,баға береді,бірлескен түсінік қалыптасады Өз идеясын ортаға салып,басқалардың пікірін тыңдайтын болады. Топтық тапсырмаларда постірді орындауға белсене қатысатын болады.Таланты мен дарындылығын анықтауда берілген тапсырмаларды жоғары деңгейде орындай алады. Жоғарғы балл жинағандар арасында пресс-коонференция өткізгенде «көшбасшы» анықталады.


2 модуль. Сыни тұрғыдан ойлауға оқыту
Сыни тұрғыдан ойлау – бақылаудың, тәжрибенің, ойлау мен талқылаудың нәтижесінде алынған ақпаратты ойлауға, бағалауға, талдауға және синтездеуге бағытталған пәндік шешім.
Сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасы –әлемнің түпкір-түпкірінен жыйылған білім берушілердің бірлескен еңбегі,ал бағдарламаның негізі Ж.Пиаже,Л.С.Выготский теорияларын басшылыққа алады.Сын тұрғысынан ойлау дегеніміз – ой қозғай отырып, оқушының өз ойымен өзгелердің ойына сыни қарап, естіген, білгенін талдап, салыстырып, реттеп, сұрыптап, жүйелеп, білмегенін өзі зерттеп, дәлелдеп, тұжырым жасауға бағыттау. Өз бетімен және бірлесіп шығармашылық жұмыс жасау. 
3 модуль.Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау;
Білім беруді, әдістерді және осы мүмкіндіктерді іске асыру түрлерін жақсарту мүмкіндіктерін анықтауға бағытталған бағалау формативті немесе оқыту үшін бағалау болып табылады.
«Бағалау» термині «жақын отыру» дегенді білдіретін латын сөзінен шыққандығы кездейсоқ емес, себебі бағалаудың негізгі сипаты бір адам басқа адамның не айтып, не істегенін немесе өзін – өзі бақылау жағдайында өзіндік дербес ойлауын, түсінігін немесе тәртібін мұқият бақылауы болып табылады.
Сыныптағы бағалау тек қана техникалық тәсіл емес. Мұғалімдер жазбаша немесе ауызша түрде баға қою жолымен бағалайды. Жаңа технология бойынша оқушылар өз білімдеріне сыни қарап, білімдерінің қай деңгейде екенін бақылауда өзін -өзі бағалауға үйренеді.
Болашақ ұрпақты тәрбиелеу мен білім беруде сындарлы оқыту және бағалау маңызды болып отыр.Бағалау формативтік (қалыптастырушы) және жиынтық болып екіге бөлінеді.Бағалау –одан арғы білім туралы шешімді қабылдау мақсатымен оқытудың нәтижелерін жүйелі түрде жиынтықтауға бағытталған қызметті белгілеу үшін қолданылатын термин. Мұғалімдер мен оқушылар өздерінің қандай мақсатқа жететіндіктерінің өлшемдерін түсіну. Осыған байланысты бағдарлама критерийлі бағалау тәсілдерін қарастырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет