«Математиканы оқыту әдістемесі» оқу пәні «Математиканы оқыту әдістемесі»


модуль. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу



бет12/16
Дата19.06.2022
өлшемі147,58 Kb.
#37072
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16
Байланысты:
Математиканы оқыту әдістемесі жауап

6 модуль. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу;
Күнделікті сабақ өту барысында деңгейлік ерекшеліктері әртүрлі оқушыларды бір топқа бөлу қарастырылады және осы оқушылар үшін деңгейлік сұрақтар дайындалады. Оқушыларды мұндай тәсіл арқылы топтастыру оқушылардың когнитивтік дамуына байланысты жүргізіледі. Когнитивтік даму- баланың оқу және проблемаларды шешу қабілеті. Сондай-ақ, бұл оқушылар арасында ынтымақтастық атмосферасын құру негізі болып табылады. Оқытудың мұндай түрі оқушылардың зейінін тұрақтандыруға және шығармашылық, зияткерлік қабілеттерін дамытуға негізделеді
Белгілі бір шақтық кезеңге тән анатомиялық-физиологиялық және психологиялық ерекшеліктерді әдетте жас ерекшеліктері деп атайды. Сондықтан педагогика және психология балалардың жас ерекшеліктеріндегі ширақтықты, өзгерімпаздықты айқындайды, тәрбиеленушінің және қоршаған ортамен жасайтын қарым-қатынастар жүйесіне тәуелді болатынын атап көрсетеді.
7 модуль.Оқытудағы басқару және көшбасшылық.
Оқытудағы басқару және көшбасшылыққа кіретін дағдылар: білу және түсіну уақыт өткен сайын дамиды. Оқытуды басқару мен көшбасшылыққа кіретін іс-әрекеттер тек, егер олар құндылықтарды нақты анықтауға негізделсе және кәсіби мақсаттарды көздесе ғана табысқа ие болады
Ол үшін мынадай мақсаттар қою шарт:
· Мен … жақсартқым келер еді.
· Мен … жаңа тәсілін әрі қарай дамытқым келеді.
· … үшін мен стратегиялар жасар едім
· Мен біздің … тәсілді өзгертер едім.
Яғни, соңғы модуль мұғалімнің жұмысын дамытуға бағытталған. Дамыту жұмысының мақсаты:
· жақсарту
· дамыту
· өзгерту
Қандай жағдай болмасын, өзіңіздің өмірлік ұстанымыңызды таңдай білу, адамдық көшбасшылыққа негізделеді. Олай болса, бағдарламаның негізгі идеясы сыни тұрғыдан бағалау, өзгерту және тәжірибе мен білім саясатын қайта бағалау мұғалімдер бастамасымен барлық деңгейлерде өзгерістердің іске асырылатыны негізделеді. Мектеп жұмысының бағдарламасына балаларға көшбасшы болуға үйрететін тренингтер, рөлдік ойындар кіреді.
7-модулді сабақта әр түрлі стратегияларға ықпалдастыра қолдану арқылы оқушылардың жеке, жұппен, топпен жұмыс жасауға деген белсенділігі, сабаққа көңілді қатысуы, қызығушылықтары оянады. Өйткені бірін-бірі оқыту арқылы ойлау қабілеттері дамиды. Әр оқушының жауабы тындалуы қажет, әр топ мәселе бойынша өз ойларын ортаға салуы маңызды. Сабақта берілген тақырыпты алдымен жеке, содан кейін жұпта, ұжымда талқылатып жұмыс жасайды. Бұл жағдайда әрбір оқушы бір сәт өзін мұғалім ретінде сезініп, оқуға деген жауапкершілігі артады. Әр топқа берілген тақырыпты жеке оқып, содан кейін өзге топқа реттік нөмірлер бойынша топталып, өз тақырыптарын түсіндіреді. Бұл есте сақтау, негізге алу, түсіндіруді арттырады, яғни жаңа ақпараттарымен бөліседі.Тақырыпты қаншалықты түсінгендерін флип чартқа түсіру арқылы жеткізеді.Рефлексия кезеңінде оқушылар алған жаңа ақпараттарды, жаңа білімді реттейді өз пікірлерін дәлелдеп айтады.. 

 
28. Қашықтан оқыту аясында білім беру платформасын қолданыңыз

29. Сабақ және оның кұрылымы және сабақка қойылатын талаптарды таңдап алыңыз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет