«Математиканы оқыту әдістемесі» оқу пәні «Математиканы оқыту әдістемесі»


Дене өсуіне көңіл бөлу, денсаулық сақтау



бет9/16
Дата19.06.2022
өлшемі147,58 Kb.
#37072
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   16
Дене өсуіне көңіл бөлу, денсаулық сақтау:

а) сынып бөлмесінің тазалығын сақтау;
ә) бөлменің ауасын жаңартып отыру;
б) бел омыртқаның қисаймауы үшін оқушының отырысын үнемі қадағалау;
в) көздің саулығына мән беру т.б.

  1. Өнегелілікті тәрбиелеп дамыту:

а) мәдениеттілік тәрбиелеу;
ә) қазақтың бұрынғы ұлттық қасиеттерін оқушылар бойына дарыту себебі, сол ұлттық қасиеттер. (зор мәдениеттілік, тазалық, тәртіптілік, инабатылық, төзімділік, нәзіктік, үлкендерді сыйлау т.б.)
б) зейін қойып тыңдай білу, ешкімді сөз сөйлеп тұрғанда бөлмеу, сұраққа толық жауап беру, математикалық объектілердің анықтамаларын бергенде сөйлемді дұрыс құру;
в) жауаптың дәлдігі, дұрыстығы арқылы шыншылдыққа, адамгершілікке, сұлулыққа тәрбиелеу;

  1. Ақыл-ойды дамыту:

а) оқушылардың математикалық қабілеттерін дамыту:
–  математикалық материалды қабылдай білу;
–  логикалық ойлау қабілеттін дамыту;
– математикалық объектілерді, қатынастарды, амалдарды талдап қорыта білу;
–  математикалық есте сақтау қабілетін дамыту;
– ойлау үдерісінің икемділігін дамыту;
б) оқушылардың жаңа білімге құштарлығын тәрбиелеп, оны толық және тиянақты меңгерулерін қадағалау;
в) алған білімдерін қолдана білуге бағыттау;
г) өздігімен нәтижелі ойлау зердесін дамыту;
д) ізденушілік қабілеттерін дамыту.
26. Жобалап оқыту технологиясының ерекшеліктерін және мұғалім мен оқушының іс-әрекет жүйесін таңдап алыңыз
Жобалау технологиясы - оқушылардың жоспарлау жəне күрделене беретін тапсырмаларды орындау арқылы меңгеретін білім. Жобалау технологиясы 19 ғасырдың 2-ші жартысында АҚШ ауылшаруашлығы мектептерінде пайда болған. Оның негізін қалаған - Джон Дьюи аты психолог жəне педагог, философ. Дьюидің ілімін жалғастырушы- Колумбия университетінің жанныдағы мұғалімдер колледжінің профессоры Ульям Херд Килпатриктің ойынша, балаларды өз жұмысының жемісін көруге ынталандыру арқылы үлкен өмірге дайындау - бұл технологияның негізі. обалап оқыту оқушылардың өзбетімен білім алуға мүмкіндік береді. Бір мезгілде оқушылар жеке, жұппен, топ пен жұмыс істейді. Жобалап оқыту қандай да бір мәселенің шешімін іздейді, әр түрлі әдіспен бір нәрсені жабалап зерттейді, ал екінші жағынан өзінің білім, біліктілігі арқылы әр түрлі ғылым, техника, технология аймағында шығармашылықпен жұмыс жасайды. Жобалау нәтижесінде теориялық білімі мен практикалық білімі ұштасып, өмірге сүруге бейім, өзіндік ой-талғамы бар жеке тұлға қалыптосады. Жобаның тиімділігі - көзбен көріп, құлақпен естіп, сақтай отырып, оқушыны ізденіске іскерлік пен танымдық ынтаға, шығармашылық қабілетті жетілдіру арқылы түрлі мəселелерді шоше білуге, тапқырлыққа, жаңа ғылыми ізденіске жетелеуде.
Технологияны дұрыс жүзеге асыру үшін ең алдымен төмендегі әдістемелік принциптерді сақтау қажет: 1.мұғалімнің педагогикалық шеберлігіне сену керек; 2.оқу үдерісінің кез-келген кезеңінде оқушылардың білім-білік, дағдыларына кепілдік беру; 3.оқу үдерісін тақырып жағынан жабалау; 4.баланың дұрыс дамуы; 5. кертартпа іс -әрекеттер мен шектеулерді жоя отырып, дәстүрлі мектеп қорын дұрыс пайдалана білу 6.оқу үдерісінде оқушы мен мұғалімнің бірлескен жұмысын дамыту; 7.мұғалімнің өзін жайлы сезінуі және оқушының өзін жайлы сезінуі; 8.оқыту технологиясын жобалауда мазмұны мен жүйелілігінің бірлігінің болуы; 9.әрбір оқушының жалпы білім беру стандартының базалық деңгейін міндетті түрде меңгеруі;

27. Жеті модуль бойынша жаңа әдіс-тәсілдерді оқытуда қолданыңыз




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет