«Математиканы оқыту әдістемесі» оқу пәні «Математиканы оқыту әдістемесі»


-әдіс Квадрат теңдеуді шешудің графиктік түрі



бет8/16
Дата19.06.2022
өлшемі147,58 Kb.
#37072
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   16
Байланысты:
Математиканы оқыту әдістемесі жауап

7-әдіс Квадрат теңдеуді шешудің графиктік түрі


Бірінші функцияның графигі – координат басынан өтетін парабола, екінші функцияның графигі – түзу (1-сурет). Енді келесі жағдайлар болуы мүмкін: -түзу және парабола екі нүктеде қиылысуы мүмкін, қиылысу нүктесінің абциссасы квадрат теңдеудің түбірі болады.


24. Математика сабағында деңгейлеп оқыту технологиясның қолданыңыз
Оқытудың қазіргі жаңа технологияларын меңгеру және оқушылардың психологиялық жас ерекшеліктеріне сай келтіріп, сабақ үрдісіне ендіру мол ізденушілікті талап етеді. Әрине, ұстаз әрбір сабағын мазмұнды құрып, жаңа технологиямен сабақ беріп отырса, оқушылардың терең әрі тиянақты білім алуына жол ашылады. Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту, өз бетінше жұмыс жасауға дағдыландыру барысында өз іс-тәжірибемде педагогика ғылымының докторы, профессор Ж. Қараевтың деңгейлеп оқыту технологиясын қолдана отырып сабақ жүргізуге болады. Деңгейлік тапсырмаларды жүргізудегі негізгі мақсат баланың қабілетін ашу, шығармашылығын шыңдау, іздендіру, пәнге қызығушылығын арттыру. Осы мақсатқа жету үшін төмендегідей міндеттерді жүзеге асырамын.
Деңгейлік тапсырмалар арқылы оқушылардың тілін дамытып, сөздік қорын молайтуға мүмкіндік бар. Деңгейлеп оқытудың ерекшелігі: оқушылардың сабақ үрдісінде бірнеше деңгейде жұмыс жүргізе алатындығында. Деңгейлік тапсырмалар арқылы мұғалім оқушының нені білетінін, нені меңгергенін, нені меңгермегенін біледі, соның нәтижесінде оқушыларда намыс оты оянып, басқалардан қалып қоймауды ойлап өз мүмкіндігіне қарай дайындық жасайды, әрі тырысады. Деңгейлік тапсырмалар дегеніміз – балаға шамадан тыс жүктеме беру емес, керісінше оқушының біліміне, мүмкіндігіне, сұранысы мен қабілетіне сәйкес дайындалған сатылы жұмыстар жүйесі. Деңгейлік әдістің маңыздылығы – оқушының шығармашылықпен белсенді жұмыс істеуін дамытады, әр оқушыны өздігінен үйренуге баулиды, тақырыптарды жүйелі игеруге дағдыландырады, ой еңбегімен айналысуға жетелейді, яғни оқу - танымдық құзіреттілігі қалыптасады.
Бұл технология бойынша оқушылардың білімді өздігінен саналы түрде меңгеруіне ерекше мән берілген. Оқу іс-әрекетінің негізгі түрі оқушылардың өздігінен орындайтын жұмысы болып табылады. Деңгейлеп оқыту технологиясы оқушының да, мұғалімнің де белсенді шығармашылық қызметін дамытуға арналған. 1-деңгейдегі тапсырма мемлекеттік стандарттық деңгей, оны орындауға барлығы міндетті. 2- 3 деңгей бірте-бірте күрделенеді және бұл тапсырманы орындауға оқушылар құқылы, ал 4-деңгейді шығармашылықпен жұмыс істей алатын оқушылар орындайды. Әрине, барлық оқушы 4-деңгейді түгел орындап шығады деу артық. 1-2 деңгейді түгел жуық орындайды да, озат оқитындар алға кетеді.
Әрбір оқушы деңгейлеп оқыту технологиясының мақсатында өзінің даму деңгейінде оқу материалын меңгергенін қамтамасыз етеді.
1) Деңгейлеп оқыту әр оқушыға өз мүмкіндіктерін пайдалана отырып, білім алуына жағдай жасауға мүмкіндік береді.
2) Деңгейлеп оқыту әр түрлі категориядағы балаларға, олармен саралай жұмыс істеуге мүмкіндік береді.
3) Деңгейлеп-саралап оқыту құрылымында білімді игерудің үш деңгейі қарастырылады: ең төменгі деңгей (базалық), бағдарламалық, күрделенген деңгей сондықтан әрбір оқушы меңгеруі тиіс.
Деңгейліп оқыту технологиясы тиімді нәтижелі болу үшін:
а) жеке тұлға ерекшеліктеріне,
б) психологиялық даму ерекшеліктеріне,
в) пән бойынша білімді игеру деңгейіне көңіл бөліп отырамын.
Бұл технологияда жұмыс міндеті үш деңгейлік және қосымша шығармашылық деңгей талаптарынан тұрады.
1-деңгей: міндетті, оқушылық;
2-деңгей: алгоритмдік;
3-деңгей: эвристикалық материалды саналы түрде меңгеру;
4-денгей: шығармашылық – өз бетімен ауқымды оқу материалын меңгеру.

1-деңгейдегі тапсырмаларға:
1) Жаттап алуға лайықталған болуы керек;
2) Алдыңғы сабақта жаңадан меңгерілген білімнің өңін өзгертпей қайталап, пысықтауына мүмкіндік беру тиіс;
3) Тапсырмалар жаңа тақырып үшін тиімді және өмірмен байланысты болуы керек. Мұндай тапсырмаларды құрастырған кезде олардың танымдылығы мен қызығушылық жақтарына көңіл аударған жөн.

2-деңгейлі тапсырмаларға:
1) Өтіп кеткен материалды реттеуге және жүйелеуге берілген тапсырмалар;
2) Оқушылардың ойлау қабілетін жетілдіруге берілетін тапсырмалар. Бұлар: логикалық есептер, ребустер мен сөз жұмбақтар.

3-деңгейлік тапсырмаларға:
1) Танымдық – ізденім түрдегі тапсырмаларды орындау барысында оқушылар жаңа тақырып бойынша меңгерген алғашқы қарапайым білімділігін жетілдіріп, тереңдетумен қатар, ол тағы да жаңа білімді меңгеріп, өзі үшін жаңалық ашуы тиіс.
Эврика! Мұндай жұмыс – анализ бен синтез және салыстыру арқылы негізгісін анықтау, қорытындылау сияқты ой жұмыстарын қажет етеді.
2) Әртүрлі әдіс-тәсілдермен шешілетін есептер.
3) Өздігімен мысалдар мен есептер құрастыру және оны өздігімен шығару, өмірден алынған мәліметтер диаграмма, графиктер салу, жергілікті жағдайда өлшеу жұмыстарын жүргізу, көрнекі құралдар дайындауға берілетін тапсырмалар, ой қорытуға арналған, дағды қалыптастыратын тапсырмалар.
4-деңгей шығармашылық деңгей тапсырмалары:
1) Оқушылардың жинаған өмірлік тәжірибесі мен қалыптастырған ұғым, түсініктердің қиялы мен белсенді ой еңбегінің нәтижесінде жаңаша, бұған дейін болмаған, белгілі бір дәрежеде олардың басының икемділігін байқататын дүние жасап шығуына негізделген (теорема дәлелдеу, заңдылықтарды оқулыққа сүйенбей мұғалімнің көмегінсіз қорытып шығару).
2) Олимпиада есептерін шығару
3) Берілген тақырыпқа өз бетімен реферат, ғылыми жобалар қорғау.

Демек, бұл тапсырмалар – оқушылардың біліктілігі мен дағдысын


қалыптастыру және оны бағалау деңгейі болады.
Деңгейлік тапсырмалармен жұмыс жасау арқылы оқушының өзіндік жеке жолы, темпі, даму динамикасы, ынтасы, ойлауы, есте сақтауы, оқу сапасы арта түседі. Әр оқушының ой өрісі кеңейе түседі. Оқушыларды бағалау да ерекше, ол рейтингтік (көпұпайлы) жүйе бойынша жүзеге асады. Математика пәнінен оқушының білім сапасын жетілдірудегі қажеттілігі туады. Деңгейлік тапсырмалар арқылы оқушыны үнемі тапсырма орындайды, үш кезең арқылы өздігінен үзіліссіз білім алуға ынталандырады.

25. Дамыта оқыту технологиясындағы сабақтың құрылымының кезеңдерін таңдап алыңыз


Дамыта оқыту технологиясының негізін қалаушылар В.В.Давыдов , Л.С. Выготский, Л.В.Занков, Е.Н. Кабанова-Меллер, Ю.М.Шуба, Д.Б.Эльконин, И.С.Якиманская және т.б. Адам психикасының дамуының мәдени және тарихи теориясының негізін қалаушы Л.С. Выготский «баланың дамуында, оның ішінде интеллектісінің дамуында, оқыту мен тәрбиелеу ілесе жүреді», – деп есептеді. Л.С.Выготский «педагогика өткенге емес, келесі күнге баланың дамуына бағытталу керек», – деді. Сонда ғана оқыту үдерісінде адамды дамытуға болатынын көрсетті.Л.В.Занковтың зерттеулеріне дейін, Л.С.Выготскийдің идеялары оқыту дидактикасы мен практикасында қолданысы болмады. Л.В.Занков бастауыш сыныптарда, оқыту барысында педагогикалық эксперимент жүргізу арқылы, оқыту тиімділігін көрсету арқылы оқушылардың дамуын жеделдетуге болатынын көрсетті. Бұл идеяны жүзеге асыру барысында бірнеше жаңа дидактикалық принциптер құрылды. Ол дидактикалық принциптер ішінде қиындықтың жоғары деңгейінде оқыту принципі шешуші рөл атқарады. «Қиындықтың орташа мөлшерін» жоғарылату баланың рухани күшін ашып, бағыт береді. Егер оқу материалы мен оны оқыту әдістері оқушыларға ешбір кедергі тудырмаса және ондай кедергіні жою қажеттілігі болмаса, баланың дамуы төмен болады. Сондықтан қиындықтың жоғары деңгейінде білім беру мазмұнын таңдап құру қажеттілігі туындайды. Оқу материалы кеңейтіледі және тереңдетіледі. Оқушылардан алдымен теориялық білім, одан кейін практикалық білік пен дағды талап етіледі. Дамыта оқыту технологиясының дидактикалық идеясына оқушылардың рефлексиясы – ойлауға құлшындыру жатады. Рефлексия – оқып үйрену барысында оқушының әрекетін, әдіс тәсілдерінің мағынасын түсінуін қамтамасыз етеді. Рефлексияда өзін-өзі бағалауға үлкен мән беріледі. Қазір мектептерде дамыта оқыту тхнологиясының идеяларын тәжірибелі оқытушылар қолданып жүр. Дегенмен, дамыта оқыту технологиясының кейбір жәйттері жұмыс барысында, қиындықтар туғызады. Оқушылардың барлығын жоғары жылдамдықпен, қиындықтың жоғары деңгейінде оқыту мүмкін емес. Бүгінгі таңда математика қоғам өмірінде үлкен рөл атқаратыны мәлім. Математика – адамның ақыл-ойын, сана-сезімін, ойлау қабілеттерін дамытатын бірде бір құрал. Сондықтан да математиканы дамыта оқыту күн тәртібінде ең бірінші тұрған мәселе. Дамыта оқыту технологиясын қолдануда оқушының дамуының бір-біріне тығыз байланысты үш компоненті болып отыр. Олар:
1) дененің өсуі яғни денсаулық;
2) өнегелілік;
3) ақылдылық (ақыл-ой).
Дененің өсуі дененің тазалығына, денсаулықтың дұрыстығына байланысты. Өнегелілік адамның адамгершілік қасиеттеріне, ішкі мәдениетінің жоғарылығына байланысты. Дені сау адамның көп жүріп, көп көріп, көп оқып өнеге алуына, ішкі мәдениетін өсіруіне мүмкіндігі бар. Дені сау, өнегелі адам оқуға, ізденуге құштар. Оқып ізденудің арқасында ақыл-ой дамитыны сөзсіз. Олай болса дамыта оқыту принципі мынандай үш мақсатты жүзеге асырады:
1) денсаулықты сақтау арқылы дененің өсуін қамтамасыз ету;
2) өнегелілікті тәрбиелеу және дамыту;
3) ақыл-ойды дамыту .
Дененің өсуі дененің тазалығына, денсаулықтың дұрыстығына байланысты. Өнегелілік адамның адамгершілік қасиеттеріне, ішкі мәдениетінің жоғарылығына байланысты. Дені сау адамның көп жүріп, көп көріп, көп оқып өнеге алуына, ішкі мәдениетін өсіруіне мүмкіндігі бар. Дені сау, өнегелі адам оқуға, ізденуге құштар. Оқып ізденудің арқасында ақыл-ой дамитыны сөзсіз. Олай болса дамыта оқыту принципі мынандай үш мақсатты жүзеге асырады:
1) денсаулықты сақтау арқылы дененің өсуін қамтамасыз ету;
2) өнегелілікті тәрбиелеу және дамыту;
3) ақыл-ойды дамыту .
Бүкіл адамзаттың дамуы – дамыта оқытуға тікелей байланысты болып отыр. Осыған орай дамыта оқытуға үлкен көп мән беріп, мектеп денсаулық, өнегелілік, ақыл-ой секілді үш күшті қатар гармоникалық түрде дамытса, болашақта эстафетаны инттелектісі жоғары, парасатты азаматтарға береміз.
Сонымен, дамыта оқыту технологиясын қолдануда төмендегідей міндеттер қойылады:



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет