«Математиканы оқыту әдістемесі» оқу пәні «Математиканы оқыту әдістемесі»


модуль.Оқытуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану



бет11/16
Дата19.06.2022
өлшемі147,58 Kb.
#37072
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16
4 модуль.Оқытуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану;
Бүгінгі білім мазмұны мұғалім мен оқушының арасындағы байланысты субъективті деңгейде көтерудегі демократиялық бастамалардың барлығы мұғалімдер арқылы жүзеге асырылады. Бүгінгі мұғалімге өзін тек пән мұғалімі ретінде қабылдау олқылық көрсетеді. Мұғалім- қоғам айнасы.
АКТ-ны игеріп пайдалану, оқыту мен оқудың тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді. АКТ оқушыларға ғылыми ұғымдарды түсіндіруді және олардың қабылдауын түсінуін жеңілдетуге мүмкіндік беріп мұғалімдерге сабақ беруде көмектесетін маңызды құрал болып отыр. Мектептегі сандық технологияларға мыналар жатады:
-теледидар бағдарламалары
-сандық теледидар
-ғаламтор
-ұялы телефон
-ұтқыр қондырғылар
-компьютер, ноутбук
Сандық сауаттылық-бұл сандық технологияны пайдалана отырып ақпараттың орналасқан жерін анықтау. Ақпаратты ұйымдастыру, түсіну, бағалау және құру қабілеті.
Техникалық жағынан сауатты болу оқушылардың сандық құралдарды пайдалан білуін, сыни тұрғыдан ойлауын,әлеуметтік хабардарлығын,оқуға әлеуметтік тартылуын білдіреді.
Оқытуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану қоғамдағы өзгерісті танып білуге және оларды тез қабылдауда мол мүмкіндік береді. Жоспарланған сабақты тиімді өткізуге көмектеседі, оқушының ой өрісінің дамуына, зерттеулік жұмыстар жүргізуіне ықпал етеді. Бағдарлама соңында мұғалімдер ақпараттық-коммуникациялық технологияларды сенімді және сыни тұрғыдан пайдаланушыларға айналады. 
5 модуль.Талантты және дарынды балаларды оқыту
Дарындылық – өмір сүру барысында жүйелі дамитын психика сапасы. Басқа адамдармен салыстырғанда бір не бірнеше іс-әрекет түрлерінен ерекше жетістікке жету мүмкіндігін анқытайды. Дарынды адам ақыл-ойымен ғана дарынды емес, сонымен бірге оның жан дүниесі дарынды. Ол адамның мінезі де,қоршаған әлемді қабылдауы да өзгеше. Адамдармен қарым–қатынасы да өзгеше,өзгеше еңбектенеді.
Еліміздің маңдайына жазып берген дарынды жоғалтпай,жұлдызын сөндіріп алмай уақтылы танып, дамытып,құрметтеу, ұлт мақтанышы боларлықтай қылу — әр біреуіміздің міндетіміз.
Оқушылар арасындағы «дарынды және талантты балалар деген кімдер?» деген сұрақ туындайтыны рас. «Дарындылық мазмұны әр түрлі болып келеді»деп жазады мұғалімдерге арналған нұсқаулықта Ренцулли мен Райс (1985)» дарынды және талантты балалар күрделі қабілеттердің иелері,әрі олар адам қызыметінің кез келген құнды саласында өз қабілеттерін көрсетуге бейім»деген пікір білдіреді.Талантты және дарынды оқушыларға білім беруді дамытудың инклюзивті тәсілі негізінде осындай балаларды анықтау туралы ой-пікірлер мен зерттеулер жасау. Оқушылардың қабілеттерін дер кезінде анықтай білген ұстаз болашақ талантты да тани біледі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет