«Математиканы оқыту әдістемесі» оқу пәні «Математиканы оқыту әдістемесі»



бет16/16
Дата19.06.2022
өлшемі147,58 Kb.
#37072
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16
Сабақты талдау

  1. Сабақтың үш мақсатының орындалуы.

а) білімдік мақсат – нақты тақырып бойынша.
ә) тәрбиелік мақсат – тәрбиенің кешенді берілуі немесе бір тәрбиенің ерекше көрінуі.
б) дамытушылық мақсат – баланың іс-әрекетте белсенділігінің артуы.

  1. Сабаққа қойылатын 6 талаптың орындалуы.

  2. Сабақтың түріне қарай құрылымдық сәттердің жүзеге асуы.

  3. Сабаққа қатысушының арнайы тақырыбын бақылауы.



сабақты талдау үлгісі

  1. Сабақтың дидактикалық түйіні – оқушының жаңаны ашу әрекеті. Олар бақылайды, талдайды, салыстырады, топтайды, үйлестіреді.

  2. Балалар сабақта не істеді, шын ниетімен еңбектенеді ме? Жұмысқа барлық оқушының тартылуы.

  3. Жаңа білімді меңгерту жұмысы мен баланы дамыту жұмысының біріктіріле жүргізілуі қалай жүзеге асты? Бала ойына шектеу қойылмады ма?

  4. Сұрақтардың қойылуы, мазмұны.

  5. Іздену, бірге іздену әрекетінің ұйымдастырылу жайы. Өзара түсіністік, сөйлесу, тілдесу жайы.

  6. Балалардың сабақтағы жай-күйі:

  • танымдық сипаты /қызығушылықпен, білімді баға үшін емес, қажеттілігін түсіне меңгеруі/;

  • сабаққа ақыл-ой ғана емес, сезімінің де қатысуы. Қабылданған білімге сену, көзін жеткізу.

  • Танымның сезіммен бірігуі. Сезімге әсер еткен дүние жақсы қабылданатынын ескеру.

  1. Қайталау қалай жүрді? Қайталанған сайын жаңа білім қосылып отырды ма?

  2. Сабақтың икемді түрі. Жоспармен емес, балалар арқылы жұмыс істеу.

  3. Мөлшерді сақтай отырып, жоғарғы қиындықта оқыту.

  4. Оқушының бұрынғы біліміне сүйену.

  5. Мұғалімнің бүкіл жұмысының баланың білімді жете түсінуіне бағытталуы.

  6. Білімді меңгеру жағдайын үнемі ескеріп отыру.

  7. Оқушы мен оқушының, мұғалім мен оқушының пікірлесуі. Пікірлесу мазмұны үшін баланы кемсітпеу.

  8. Тәрбиенің білінбей, жанама жүруі. Білім, даму және тәрбиенің бірлігі.

  9. Сабақтағы мұғалімнің тұлғасы. Мұғалімнің таңдану сезімін оятуы, жетістікке қуануы, сананың алғашқы өсу қадамын мадақтауы т.б.

  10. Мұғалімнің сырт бейнесі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет