«Математиканы оқыту әдістемесі» оқу пәні «Математиканы оқыту әдістемесі»


Математикадан сыныптан тыс және факультативтік сабақтарды ұйымдастыру әдістемесін көрсетіңіз



бет4/16
Дата19.06.2022
өлшемі147,58 Kb.
#37072
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
17.Математикадан сыныптан тыс және факультативтік сабақтарды ұйымдастыру әдістемесін көрсетіңіз.
Қазіргі кезде факультативті сабақтарды ұйымдастыру, шындығына келгенде, дәстүрлі сабаққа ұқсап кетіп жатады. Өйткені, педагог факультатив сабақтың күнтізбелік жоспарын жасақтамас бұрын, ол тақырыптың маңыздылығы және оның әрбір бөліміндегі тақырыпшаға аса мән бермейді. Факультатив күнделікті сабаққа ұқсамағаны жөн, оқушының шығармашылығын, ойлау қабілетін дамытатын сабақ болғаны дұрыс.
Факультатив сабақтарының негізгі мақсаттары:

  1. Оқушылардың математика пәнінен білімдерін тереңдетіп, кеңейтіп дағдыларын қалыптастыру;

  2. Оқушылардың математикаға деген қызығушылығын арттырып қабілеттерін дамыту;

  3. Оқушылардың математикалық ойлау қабілеттерін қалыптастыру және дамыту;

  4. Оқушылардың келешектегі кәсіби бағдарлауын анықтау;

  5. Оқушыларды бітіру емтихандарымен ҰБТ-ге дайындау.

Мектептегі факультативтік сабақтардың мақсаты – оқушылардың математикалық білімдерін одан әрі тереңдету, қабілетін дамыту, математиканың сан алуан қолданымдарын көрсету, олардың пәнге ынтасын арттырып, кәсіптік бағдар беру. Бүгінгі таңда математиканың факультативтік сабақтары енгізіліп, оқушылардың жалпы математикалық даярлығын арттыруда ерекше орын алады. Факультативтік сабақтарды оқытудың әдістері мен тәсілдерін таңдағанда, алдымен курстың мазмұнын, оқушылардың дайындық деңгейін, олардың бағдарламалық материалдарға ынта-ықыласын ескерту керек. Сонымен бірге олардың ой-өрісі мен дербестігіне де назар аударған дұрыс. Әдетте факультативтік курстардың дәріс, әңгімелеу, практикалық жұмыстар, қосымша әдебиет бойынша тапсырмаларды талқылау, оқушылардың баяндама жасауы, реферат жазу, экскурсия ұйымдастыру сияқты формалары мен әдістері кең пайдаланылады. Факультатив курсының кейбір материалдары дәріс түрінде өтілуі мүмкін. Дәріс барысында оқушылармен жеке мәселелер бойынша, қайсыбір ұғымның пайда болуы, оны дамытуда белгілі бір ғалымның қосқан үлесін, проблеманың есептүрінде қойылуын қысқаша әңгімелеудің рөлі зор. Факултативтік курстың маңыздылығын арттыру жолдарының бірі – практикалық жұмыстар орындау. Сабақтың бұл түрі оқу процесін білімді іс жүзінде қолданумен ұштастыруға жол ашады. Мұнда мұғалім ең алдымен оқушыларды практикалық жұмыстың мақсатымен, жұмыс істеу тәртібімен таныстыруы, қажетті нұсқаулар берілуі тиіс. Берілетін практикалық тапсырмаларды жеке ерекшеліктеріне қарай берген дұрыс, ал жұмыс нәтижесін күллі топтың қызметі ретінде бағалау керек.
Факультатив сабақтар арнайы болғанымен, оны әдеттегі сабақ сияқты өткізуге болады. Сабақтардың жеке сабақ кестесі жасалып, оған қатысатын оқушылар сабақтан қалмауын қадағалауы тиіс. Факультатив сабақтарда сұрақ- жауап болғанымен күнделікті бағалар қойылмайды, бірақ толық курсын біткен соң оқушылар сынақ тапсырулары тиіс.
Факультативті ұйымдастырудың негізгі формалары болып оқушылардың оқу- танымдық іс-әрекеттерін дамыту болып табылады. Оны іске асыру үшін оқушылар курстың негізгі түйінді мәселелерін түсініп, оларға дәріс, семинар, әңгімелесу, пікір таластар жүргізіліп, есептерді шығаруды үйретіп, баяндамалар, математикалық шығармалар және сан түрлі тапсырмалар берілуі керек. Факультатив сабақтарында оқушыларға еркіндік беріп, олардың өзіндік жұмыстарын көп орындауын қадағалау керек. Ол үшін оқушыларға қосымша әдебиеттерді кеңінен пайдаланып, іздену жұмыстарына үлкен көңіл бөлу қажет. Оқушылардың қиындатылған есептерді талқылап түсіндіріп, шешімін табуды үйрету – факультативті сабақтың негізгі мақсаты [4.648].
Факультативтік сабақтың тағы бір мақсаты оқушыларды оқыту емес оларды оқуға үйрету. Осыған байланысты факультативтік сабақтың құрылымын анықтап алу керек. Ол үшін факультатив сабақ жүйелі бірізді жеңілден қиынға біртіндеп көшу керек болады. Әрбір жеке тапсырма тек сол тапсырманы орындайтын оқушыға ғана пайдалы болып қалмай, басқа оқушыларға да пайдалы болуы тиіс.
Оқушылардың логикалық ой-өрісін арттыруда сыныптан тыс жұмыстардың маңызы ерекше.
Математикадан жүргізілетін сыныптан тыс жұмыстардың негізгі мақсаты: оқушылардың математикаға деген қызығушылығын арттыру,  шығармашылық қабілеттері мен дербестіктерін жан–жақты дамыту. Сонымен бірге, оқушыларды өзіндік және ғылыми–зерттеу жұмыстарының ең қарапайым дағдыларын үйретуге баулуға жол ашу.
Сыныптан тыс жұмыстардың маңызды міндеттері: а) оқушылардың 
танымдық белсенділігі мен пәнге деген ынтасын қалыптастыру;
б) математикалық білімдерін тереңдету; в) дүниеге ғылыми көзқарастарын 
кеңейту болып табылады.
Математикадан жүргізілетін сыныптан тыс жұмыстарды мазмұны 
жағынан екі топқа бөлуге болады.
1. Бағдарламадағы материалды қосымша өту.
2. Математиканы ерекше қабілетпен қызығып оқитын оқушылармен 
жүргізілетін жұмыстар.
Бірінші бағыт әр түрлі себептермен білім деңгейі, біліктілігі төмендеген 
оқушылармен жүргізіледі. Мұндай оқушылармен дайындық мүмкіндігінше 
жүйелі түрде, әр оқушыға нақты көмек ретінде болуы керек. Оның негізгі 
мақсаты математика курсы бойынша оқушы білімі мен дағдарысындағы 
кемшіліктерді дер кезінде жою.
Екінші бағыты математиканы ынтамен оқитын оқушыларға арналады. 
Ол төмендегідей мақсаттарға жауап береді.
1)оқушылардың математикаға қызығушылығын тудырып дамыту;
2) бағдарламалық материал бойынша оқушының білім көлемін кеңейту 
және тереңдете оқыту;
3) оқушылардың ғылыми зерттеушілік сипаттағы дағдарысы мен 
математикалық қабілетін дамыту;
4)оқушылардың жеке өзіндік ойын дамытып жетілдіруге тәрбиелеу. 
Математикадан сыныптан тыс жұмыстардың негізгі түрлеріне: 
математикалық үйірме, математикалық апталық, математикалық кеш, математикалық 
сайыс, викториналар, конкурстар, математикалық олимпиадалар, көңілді математиктер клубы, т.с.с жатады. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет