«Математиканы оқыту әдістемесі» оқу пәні «Математиканы оқыту әдістемесі»


Аналитикалық геометрия элементтерін оқытып үйрету әдістемесіне мысал келтіріңіз



бет5/16
Дата19.06.2022
өлшемі147,58 Kb.
#37072
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
18.Аналитикалық геометрия элементтерін оқытып үйрету әдістемесіне мысал келтіріңіз.


19. Критериалды бағалаудың негізгі қағидаттарын анықтаңыз

Критериалды бағалау төмендегідей қағидаттарға принциптерге) негізделеді:


Оқыту мен бағалаудың өзара байланысы. Бағалау оқу бағдарламасындағы мақсаттармен, күтілетін нәтижелермен тікелей байланысты оқытудың ажырамас бір бөлігі болып табылады. Демек, неге және қалай оқытады, білім алушының қажеттілігі қандай және бағалау тәжірибесінде жүзеге асыруға қажетті нәтижелерге жетуге қалай көмектесуге болады деген сұрақтарға жауап іздеу.
Шынайылық, анықтық және валидтілік. Бағалау дәл және сенімді ақпаратты ұсынады. Қолданылатын критерийлердің, құралдардың оқу мақсаттарына жетуге, күтілетін нәтижелерді 
бағалайтынына сенімділік бар.Объективтілік, анықтық, валидтілік жиынтығы бағалаудың сапасын
анықтайды. Барынша мазмұнды сипаттаманы бағалауды қаншалықты дұрыс өткізетінімізді және нақты нені өлшейтінімізді бағалаудың  валидтілігі ұсынады. Аталған қағидатты жүзеге асыру:
- нені бағалау қажеттігін нақты түсіну және анықтауды;
- бағалау критерийлерін құрастыру және негіздеуді;
- тапсырмаларды құрастыру және рәсімдерді жоспарлауды 
көрсетеді.
Ашықтық және нақтылық. Бағалау түсінікті, айқынақпараттарды ұсынады, сондай-ақ, барлық оқу үдерісіне қатысушылардың қызығушылығын, жауапкершілігін арттырады.
Аталған қағидат мақсаттар мен бағалау рәсімдерінің түсінікті,  нұсқаулықтың анық және нақты, нәтижелердің пайдалы және  қолжетімді болуын болжайды. Бағалау үдерісінде оның мақсаттылығы мен дұрыстығы еш күмән тудырмауы тиіс. Өз кезегінде білім беру үдерісіне қатысушылар арасындағы өзара әрекет пен сенімге қол  жеткізу олардың қызығушылығын арттыру және оқу нәтижесіне оң әсер  етуге ықпал етеді.
Үздіксіздік. Бағалау білім алушылардың оқу жетістігінің ілгерілеуін дер кезінде және жүйелі қадағалап отыруға мүмкіндік беретін үздіксіз үдеріс болып табылады. Бағалау үдерісінің 
тұрақтылығы рәсімдер арасындағы өзара байланысты негіздейтінжәне бірыңғай білім беру жүйесін құратын қалыптастырушы бағалау, балл қою кестесі механизмін қолдану және жиынтық бағалаудың кестесін белгілеу әрекеттері арқылы қамтамасыз етіледі.
• Дамытуға бағыттылық. Бағалау білім алушылардың,мұғалімдердің, мектептің, білім беру саласының даму бағытын анықтайды және ынталандырады. Бағалау білім алушылардың қандай 
білім мен дағдыларды меңгергені туралы ақпараттарға талдау жасауға және жинақтауға негізделген білім беру үдерісінің алдағы уақыттағы қадамдары туралы негізгі шешімді қабылдауына мүмкіндік береді.
20. Дәстүрлі және критериалды бағалаудың айырмашылығын көрсетіңіз.
Отандық мектептердің көбінде дәстүрлі бағалау жүйесі, яғни 4 балдық жүйе сақталып келеді: 2 (қанағаттандырылмаған), 3 (қанағаттандырылған),
4 (жақсы), 5 (өте жақсы). Теориялық түрде 1 деген балл да бар, бірақ ол қолданысқа ие емес.
Оқушылардың білімін бағалау үшін критериалды бағалау жүйесі қолданылады. Бұл ретте оқушының қаншалықты білім алғанымен қатар, сол алған білімді пайдалана ала ма, жоқ па деген сұрақ маңызды рөл атқарады. Критериалды бағалау әрбір оқушының оқудағы жеке траекториясын анықтау үшін қажет. Критериалды бағалаудың басты ерекшелігі — алдын ала ұсынылған бағалау шкаласы, анық, айқындылығы, бағаның әділдігі, баланың өзін бағалауға мүмкіндіктің берілуі. Бұл тәсіл баланың күнделікті алған білімінің меңгеру деңгейін анықтайды. Негізгі бақылау жұмысына дейін білімін жүйелейді. Қателіктерден сабақ алуды үйретеді. Әр пәннің әр тапсырмасының бірнеше критерийі бар. Мысалы, математика пәнінен берілген тапсырма туралы айтайық. Бірінші критерий бойынша баланың формуланы білетіндігі тексеріледі. Екінші критерий — формуланы пайдалана алтындығын анықтайды. Үшінші критерий — осы формула арқылы графикті қалай сызатындығын білу үшін керек. Төртінші критерий нәтижесінде баланың осы формула арқылы талдау жасай алатындығы тексеріледі. Осы 4 критерий бойынша балл қойылады. Балл шкаласы бағаға ауыстырылады.
Критериалды бағалауды енгізудің мақсаты — мектепте білім беру сапасын көтеру, мектеп бітірушілердің білімін халықаралық стандартқа сәйкестендіру.
Оқушылардың оқу жетістіктерін әділ және шынайы бағалау жүйесі, білім беру мазмұнының ажырамас бөлігі болып саналады. Осы уақытқа дейін білім мен білікті тексерудің түрлі әдістері қолданылып келді. Алайда тарихи даму процесінде бағалаудың түрлері мен тәсілдері, бақылау-өлшем іс-шаралары, оның мазмұны, оқушыларға әсері, ынталандыру элементтері және басқа факторлар өзгеріп отырды. Қазіргі уақытта білім беру процесінің жүйелі болуы керек екеніне ешкім күмән келтірмейді, олай болмаған жағдайда оның нәтижелігі төмендейді. Оқыту-тәрбиелеу жұмыстарын дұрыс бағыттай отырып қана оқушылардың бірін-бірі толықтырып отыратын қайшылықсыз педагогикалық әсерге қол жеткізуге болады. Онымен қоса, осы процесс аясындағы әр әрекет мақсатты бағытталған, яғни белгілі бір мақсатқа қол жеткізуге бағытталған және соған жетуге жетелейтін болуы керек. Білім беруге қойылған талаптардың қарапайымдылығына қарамастан, оларды толықтай жүзеге асыру қиындығы жоғары объективті және субъективті себептерге келіп тіреледі. Сол арада, бірыңғай оқыту-тәрбиелеу кеңістігіндегі нақты оқу орнының аясында, білім алушы тұлға нысанда болған жағдайда қалыптастыру міндеті өте өзекті болып табылады. Өкінішке орай, оларды шешудің отандық педагогикадағы дәстүрлі жолдары әрдайым жүзеге аса бермейді. Себебі ол қазақстандық тарихи процесстерден бастау алатын жаһандық сипаттағы (ақпараттық өркениетке ауысу баспалдағы), жеке көзқарастағы маңызды өзгерістерге байланысты. Аталмыш мәселені шешудің екі жолы бар:
-Біріншіден, оқыту процесінің түпкі мақсаты мен одан шығатын міндеттерді, оны кезеңмен жүзеге асырудың стратегиясын, оның аясындағы оқушылармен арақатынастың принциптерін анықтау қажет.
-Екіншіден, бір пән аясында, сондай-ақ білім беру мекемесінің аясында түрлі элементтер мен сабақ беру әдістерінің арасында өзара байланыс орнауы; белгілі бір мақсаттарға жету және нақты білім міндеттерін шешу негізінде бір бірімен байланысуы; оқу процесі мекемесінің аясында әр әдістемелік құраманың орнын мақсатты анықтау. Бұл жерде жаңа әдістемелік элементтер әзірлеу туралы емес, білім технологиясының айтылған мақсаттары мен міндеттеріне жауап беретін қолданыстағы әдістемелерді мақсатты жинақтау туралы айтылып отыр.
Критериалды бағалау:
— оқушы оқытудың негізгі субъектісіне айналады;
— оқушы бойындағы үрейленуді басады;
-мұғалімді төрешілік қызметінен босатып, ол кеңес беруші, маман, бағыттау- шыға айналады.
Критериалды бағалау мұғалімдерге арналған қағидаттық ұстанымдарды тұспалдайды:
1. Баға арқылы оқушының өзі емес жасаған жұмысы ғана бағаланады;
2. Оқушының жұмысы басқа оқушылардың жұмыстарымен салыстырылады;
3. Нақты тапсырмалардың түрлілігі және жақсы орындалған тапсырманың анық және дұрыс сипаттамасының болуы;
4. Оқушыларға өлшемдер алдын ала айтылады;
5. Оқушы өзінің жетістік деңгейін өзі анықтап, өзін бағалай алатындай баға коюдың нақты алгоритмі әзірленуі керек. Өзін-өзі бағалау оқушылардың өз жұмыстарын рефлексиялауды көздейді. Рефлексия оқушының тұлғалық дамуының, оқушы ретінде дамуының қажетті құраушысының міндетті шарты болып табылады;
6. Өзін-өзі бағалауға ауысуға талпыну мақсатында, бағалау процесіне оқушыларды қатыстыру;
7. Нені оқытты соны ғана бағалауға болады, сондықтан бағалау критерийлері — оқу мақсатының нақты көрінісі;
8. Пән бойынша жалпы оқу мақсаттары аталмыш пән бойынша оқушылардың жетістіктерін бағалаудың критерийлері болып табылады және оқушылардың жеке жұмыстары барысында анықталған нәтижелерін жалпылауға мүмкіндік туғызады.
Критериалды бағалаудың тәжірибелік маңызы төмендегі артықшылықтармен белгіленеді:
— жеке тұлға емес, оқушының жұмысы бағаланады;
— оқушы жұмысы алдын-ала белгілі критерийлер бойынша бағаланады; — бағалау критерийлері нақты оқыту мақсаттарын айқындайды, сондықтан оқушыларға баға оқып-зерделенген материал бойынша ғана қойылады; — өзінің оқу жетістіктерінің деңгейін анықтау үшін және ата-аналарына осы ақпараттарды жеткізу үшін оқушыға нақты бағалау алгоритімі белгілі;
— оқушының оқуға деген және өзін-өзі бағалауға ынтасы артады.
Дәстүрлі оқыту кезінде оқушының алған білімдері жаттанды түрде есте сақталынып, кейбір жерде ұтымды пайдаланады, бірақ, мәні терең меңгеріл- мегендіктен оқушылар оны өмірде тиімді пайдаланбайды. Ал қазіргі дамыған қоғамда азаматтың тек қана білім алуы жеткіліксіз, ең маңыздысы — сол алған білімін күнделікті өмірлік жағдаятта тиімді қолдана білуі қажет. Сол себепті, қазір оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыруға басымдық беріліп отыр. Міне, сондықтан критериалды бағалау жүйесін енгізудің басты мақсаты:
-Мектепте оқыту сапасын қөтеру.
-Оқушылардың алған білімдерін өмірде қолдана білуге дағдыландыру.
-Жаңартылған орта білім беруді енгізу барысында білім алушылардың оқу жетістігін критериалды бағалау жүйесі арқылы бағалайды.
Критериалдық бағалау жүйесінің дәстүрлі бағалау жүйесінен ерекшелігі неде?деген сұрақ туындауы сөзсіз.
Дәстүрлі бағалау процесінде мұғалім оқушыға жауап бергені үшін немесе сабақ оқымағаны үшін баға қояды. Оқушыны тым көтермелеп немесе төмендетіп алады. Сонда оқушы қаншалықты әділ баға алғанын білмей күмәнмен қарайды, сабаққа деген қызығушылығы төмендейді.Себебі: білім алуға деген қызығушы- лықты жоғарылатуға мүмкіндік жасайтын бағалаудың нақты критерийлері және мұғалім мен оқушы арасындағы кері байланыстың болмағандығынан . Егер әр білім алушыға, оның ата-аналарына түсінікті анық, өлшемді бағалау критерий- лері берілсе, объективті бағалауға қол жеткізуге әбден болады. Критерий деген — ұсынылған талаптарға сәйкес бір нәрсені бағалау бойынша шешім қабылдау ережесі.Әр критерийдің дискрипторы болады, онда оқу тапсырмасының орын- далу нәтижесінің дұрыстығы туралы нақты түсінік беріледі. Дискрипторға сәйкес бағалау оқушының қойған мақсатына жетуін анықтайды.
Ал критериалдық бағалау — оқушылардың оқу-танымдық құзыретін қалып- тастыруға жағдай жасайтын, білім беру мақсаты мен мазмұнына сәйкес білім беру процесіне қатысушылардың (оқушылар, мектеп әкімшілігі, ата-аналар, заңды тұлғалар және т.б.) барлығына алдын ала таныс, ұжым талқысынан өткен, нақты анықталған өлшемдер арқылы оқушылардың оқу жетістіктерін салыстыруға негізделген процесс.
Егер балаға оның белгілі бір деңгейге жеткендігін айтса, онда бұл оған үздік нәтижеге жету үшін не істеу керек екендігін түсіндірмейді; бұл ретте егер баламен бірге оның жұмысында мұндай бағалауға не әкелгенін және бағалау өлшемдерін түсіндіруге талдау жасаса, онда бұл балаға өзінің нәтижесін жақсарту үшін ары қарай не істеу керек екендігін түсінуге мүмкіндік береді.
Оқушылардың оқу жетістіктерін бағалауда бірқатар дағдылар қолданылады. Олар: білу, түсіну, қолдану, сыни ойлану, анализ, синтез, бағалау, зерттеу дағдылары, рефлексия, коммуникативті дағдылар, тілдік дағдылар, жеке жұмыс жасау дағдылары, топта жұмыс жасау дағдылары, мәліметті іздеу дағдылары, тәжірибелік дағдылар, шығармашылық дағдылар, жаңа технологияларды қолдану дағдылары қолданылады.
Критериалды бағалаудың ерекшелігі неде?
Критериалды бағалау өзінің:
-Анық, айқындылығымен;
-Жеке тұлға емес жұмысының бағалануымен;
-Бағаның әділдігімен;
-Өзін бағалауға мүмкіндік берілуімен;
Кері байланыстың жүзеге асуымен;
Алдын ала ұсынылған бағалау шәкілімен ерекшеленеді.
Критериалды бағалаудың қағидаттары (принциптері):
Оқыту мен бағалаудың өзара байланысы. Бағалау оқытудың ажырамас бір бөлігі болып табылады, ол оқу бағдарламасындағы мақсаттармен, күтілетін нәтижелермен тікелей байланысты.
Шынайылық, анықтық және валидтілік. Бағалау дәл және сенімді ақпаратты ұсынады. Қолданылатын критерийлердің, құралдардың оқу мақсаттарына жетуге, күтілетін нәтижелерді бағалайтынына сенімділігі болады.
Ашықтық және қолжетімділік. Бағалау түсінікті, айқын ақпараттарды ұсынады, сондай-ақ, барлық оқу үдерісіне қатысушылардың қызығушылығын, жауапкершілігін арттырады.
Үздіксіздік. Бағалау білім алушылардың оқу жетістігінің ілгерілеуін дер кезінде және жүйелі қадағалап отыруға мүмкіндік беретін үздіксіз үдеріс болып табылады.
Дамыту бағыты. Бағалау нәтижелері білім алушылардың, мұғалімдердің, мектептің, білім беру саласының даму бағытын анықтайды және ынталандырады.

21. Тиімді оқыту және оқу тәсілдерін таңдап алыңыз


 Қазіргі таңда мұғалімдердің педагогикалық тәжірбиесін арттыру мен жетілдіру барысында «Тиімді оқыту мен оқу» бағдарламасына біртіндеп көшіп, білім саласына жаңалық енгізілуде. Аталмыш бағдарламада орта білім беру жүйесін әлемдік жоғары деңгейге жеткізетін әдіс-тәсілдер берілген. Осы бағдарламаны ұсынған ғалымдардың зерттеулері бойынша, оқыту туралы сындарлы түсінік оқушыға нақты білім беруді мақсат тұтқан мұғалімнің өз сабақтарын оқушының идеясы мен білім-біліктілігін дамытуға ықпал ететін міндеттерге сай ұйымдастыруын талап ету керек деген.
Жалпы, «Тиімді оқыту мен оқу» бағдарламасы бойынша өткізілген сабақтарда оқушылардың сабақты қалай оқу керектігін үйренуді меңгере отырып дағдыланды. Яғни метатанымдары пайда болады. Өздері ой қорытып, нәтижеге жетуге ұмтылады. Топтық жұмыс арқылы оқушы мен оқушы арасында, жұптық жұмысты пайдалану арқылы мақсатқа қол жеткізе алады. Сыныпта сабақ барысында көп өзгерістерді байқауға болады. Оқушылар өз ойларын Блум таксономиясы негізінде құрылған сұрақтарға толық жауап бере отырп, жаңа сабақты өз беттерімен тез меңгере алады. Сабақтағы үнсіз оқушылар сөйлеп, сабаққа қатысып отыратынын да байқауға болады.
ТИІМДІ ОҚЫТУДЫҢ ЖЕТІ ҚАҒИДАТЫ

  1. Оқытуды оқушыға бағыттаңыз, олардың өзін оқушы ретінде сезініп, оқуға деген құлшынысын арттыруға жағдай жасаңыз.

  2. Оқудың әлеуметтік сипатын түсініп, оқушылардың бірлесіп білім алуын қамтамасыз етіңіз.

  3. Оқушылардың ішкі ынтасы мен эмоциясына мән беріп, дамытыңыз.

  4. Әр баланың жеке ерекшелігін ескеріп, оқушылардың барлығын бір өлшемге салудан алыс болыңыз.

  5. Оқушыларды жалықтырмай, барлық оқушыларды оқу үдерісіне білкелкі тартыңыз.

  6. Оқу мақсаттарына сәйкес бағалауды қолданыңыз, кері байланысты тиімді пайдаланыңыз.

  7. Білім салаларының өзара байланысын жүзеге асырыңыз, оқу орталарының қоғамдық ортамен тығыз байланысын орнатыңыз.

22. Критериалды бағалау жүйесін енгізудің мақсаты мен міндеттерін таңдап алыңыз


«Критериалды бағалау» терминін алғаш Роберт Глейзер (1963) қолданған, ол әдеттегі мінез-құлық моделінің жиынын анықтау үдерісін, білім алушылардың оқу жетістігі деңгейінің шамасы мен қолжетімділігінің арасындағы сәйкестікті сипаттады. Бұл оқушы әрекетін алдын ала анықталған критерийлерді тіркеп жинақтау арқылы бағалауды білдіреді. Глейзер критериалды стандарттағы бағалаудың басқа оқушылар жетістігіне тәуелділік пен салыстыруға қатысы жоқ екенін, сондай-ақ, әр оқушының құзыреттілік деңгейі туралы ақпараттануға бағытталғандығын атап көрсетті. Оқушылардың оқу жетістігін критериалды бағалау жүйесі оқыту, оқу, бағалаудың өзара байланысына және оқу үдерісін ұйымдастырудың бірыңғай тәсілдерін қамтамасыз етуге негізделген.
Бұл барлық бағалау элементтері арасындағы өзара байланыс орнатуды, теориялық негіздемені болжамдайды (оқу мақсаттары, бағалау түрлері, құралдары мен нәтижелері).


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет