Библиографический список
1.Байрам М. Нужно ли изучать иностранный язык, чтобы общаться с другими народами. //
Этнопсихолингвистические аспекты преподавания иностранных языков. – М., 1996
2.Миролюбов А.А. Культуроведческая направленность в обучении иностранным языкам//
Иностр. языки в школе.-2001,С.11-15
3.Бим И.Л., Садомова Л.В. Некоторые актуальные проблемы организации обучения
иностранным языкам \\ Иностр. Языки в школе.-1998-№ 6 С.4-8.
ТІЛ МЕН МӘДЕНИЕТТІҢ ӚЗАРА ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСЫ
Абдибекова А. Е.
А. Байтурсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті
Костанайский государственный университет имени А.Байтурсынова
Kostanay State University named after A.Baitursynov
Тілді ата-бабамыздан мұра болып қалған мәдениеттің ӛнімі, мәдениеттің бӛлігі,
мәдениеттің шарты ретінде қарастырамыз. Тіл - мәдениеттің құрамдас бӛлігі және оның құралы,
біздің рухымыздың шынайы кӛрінісі, мәдениеттің бет бейнесі, ол ұлттық ділдің ӛзіне тән
ерекшеліктерін сол табиғи қалпында кӛрсетеді [1, 4-б.].
Тілді ӛзінің ӛзгеге ұқсамайтындығымен, ерекшелігімен, мәдениетті, ділді қалыптастырып,
«халықтың рухын жаниды». Тілдер ол тілде сӛйлеушілердің «ӛзіне тән рухани ерекшеліктерінен
жаралған» [2, 49-б.].
Тіл мен мәдениетке ортақ нәрселер кӛп, тіл мен мәдениет адамның дүниетанымын, ой-
санасының деңгейін білдіреді, тіл мен мәдениет ӛзара диалог құрады. Тіл мен мәдениеттің
субъектісі - әрқашанда индивид немесе cоциум, жеке тұлға немесе қоғам, тіл мен мәдениетке
нормативтілік тән, тіл мен мәдениеттің маңызды қаситеттерінің бірі – тарих.Мәдениет —
халықтың тарихы, тілдің кумулятивтік функциясының нәтижесінде ұрпақтар сабақтастығын
сақтайды [3, 225-б.].
Тіл мен мәдениеттің ӛзара қарым-қатынасы кӛбіне метафоралармен сипатталады: тіл -
мәдениеттің негізі, құрылыс материалы, мәдениет құралы, рухани қауаты, мәдениет феномені,
мәдениеттің кӛрініс, және бет-бейнесі, мәдениеттің мән мағынасы, оны қорғайтын сауыты, даму
факторы, мәдениеттің тіршілік ету кӛзі, мәдениетке басшылық, мәдениетке апарар жол.
Тілге мәдениет арқылы, мәдениетке тіл арқылы анықтама берген кезде олардың бір бірін
тәуелді және ӛзара ықпалы болатындығын байқауға болады: тіл мәдениетсіз бола алмайды,
мәдениет те тілсіз бола алмайды.
165
Тіл мәдениет аясында жетіліп, дами түседі, әрі оны бейнелеп береді. Тіл халықтың ӛзіндік
ерекшелігін, ұлттық кӛрінісін, ұлттық мәдениетін білдіреді. «Әлем тілдерін білуді, - дет атап
кӛрсетеді В. фон Гумбольдт,- адамзаттың ойлау қабілеті мен сезімдерінің бүкіл әлемдік тарихы
деп бағалауға болады. Ол бүкіл елдер адамдарын, мәдени даму дәрежесін түгелдей сипаттап
беруге тиіс, адамға қатыстының бәрін қамтуы қажет» [2, 43-б.].
Тіл бірліктерінің семантикалық жағына айырықша мән беруге келетін болсақ, әрбір тілдің
ӛзіндік мәдениетке қатысты сӛздеріне мән беруге тура келеді, мұның ӛзі аталған пәнге таза
ұлттық кӛзқарас тұрғысынан келуге мүмкіндік береді. Мысалы, орыстың баня, балалайка,
хоровод тәрізді сӛздерінің «орыс тӛркінді» екендігі, ал бауырсақ, шаңырақ «қазақ тӛркіндес»
екендігі белгілі болып тұрады.
Орыстарда как ножом полоснули деген сӛз тіркесі бар, ал қазақтар оны көзге қамшы
тигендей (будто камчой хлестнули по глазам) деп бейнелейді, бұл арада теңеудің әр ұлтқа тән
ерекшелігі айқын кӛрінеді: сӛзді орнымен қолдануда орыстар үшін қолайлысы - нож, қазақтар
үшін - қамшы, тағы бір теңеуді келтірейік: орыстар чист как стеклышко десе, қазақтар сүттен
ақ, судан таза деп айшықтайды (тазалық белгісі - орыстар үшін әйнек болса, қазақтарға суға
жетер ештеңе жоқ) [1, 11 б.].
Тіл біздің болмысымызда қоршаған ортаға ұқсайды, ал тілсіз және оның қатысуынсыз
ӛмірде ештеңе де болмас еді. Қоршаған әлем - адам мен ортаның ӛзара қарым-қатынасы, ал
дүниенің бет-бейнесі осындай орта мен адам туралы ақпаратты қайта ӛңдеу нәтижесі деуге
болады. Дүниенің бет-бейнесі адамзат әлемі туралы білімдермен ұғымдардың тұрақты дамитын
жүйесі, ол адамның кеңістік пен уақыт туралы, қоршаған табиғатпен оның дүниедегі орны
туралы түсініктерінің жиынтығы болып табылады. Дүниенің бет-бейнесін қалыптастыруды
мәдениет, тіл, тарих, білім және т.б. елеулі түрде әсер етеді. Әр ұлт дүниенің бейнесін сан
қырынан таниды, бұл тілге ӛзіндік әсерін тигізбей қоймайды.
Дүние туралы адам білімдерінің қалыптасуы мен қолданысқа енуі тек тіл арқылы жүзеге
асады. Тілде қоршаған ортаны танудың нәтижелері, құндылықтары, халықтың тұрмыс салты мен
ойлау қабілеті орнығады. Адам сӛзді ести отырып, оны ұғынуға тырысады, ӛзінің ішкі әлемі
тұрғысынан зерделеуге күш салады.
Әрбір тілде сол этностың дүниеге, оның бейнесіне деген ӛзіндік кӛзқарасы болады. «Әр
түрлі тілдердің болуы дегеніміз бір нәрсені әр түрлі белгілеу деп түсінбеу керек, мәселе оны әр
түрлі кӛре білуде жатыр». Бұл ойды айтар болсақ, былайша ұғынған жӛн: «әр тіл сол халықтың
ӛзіне ғана қатысты аймағын сипаттап кӛрсетеді, ал осы шеңбер аясынан шығып кеткен адамның
сол бойда басқа тіл шеңберіне кіруіне тура келеді» [2, 80-б.].
Ұлттық тіл қоршаған дүниені ӛзінше «ӛрнектейді», мұның ӛзі оған қатысты
құбылыстардың, процестердің маңызынан туындайды, демек ол аталған халықтың ӛзіне тән
қызмет ерекшелігіне, тұрмыс салтымен ұлттық мәдениетінен бастау алады. Салыстыру ретінде
мысалдарды келтірейік: балық аулаумен айналысатын халықтардың сӛз қорында балыққа, оны
аулау құралдары мен аулау тәсілдеріне қатысты нақты атаулар болады.
Әр халыққа тән адам денесінің белгілі бір бӛлігінің сезгіштік қаситеттері болады, адам
физикалық немес психологиялық құбылыстарды белгілі бір ортаны арқылы «қабылдайды».
Мұндайда орыстардың кӛңіл күй ауаны жүрекпен байланысты келеді (салыстыру:
жүрегім қуанады (сердце радуется),
жүрегім ойнап тұр (сердце не на месте),
жүрегім зуылдайды (сердце падает),
жүрегім жай тапты (отлегло от сердца),
жүрегін ұстады (брать за сердце),
жүрегі тас болып қалды (на сердце камень),
жүрегі қан жылады (сердце кровью обливается) және т.б.,
яғни жүрек кӛбіне жан деген ұғымның орнына қолданылады, кӛбіне адамның тура ӛзін
сипаттап береді (қара жүрек, ақ жүрек). Әлемнің басқа тілдерінде мұндай сезгіш мүшеге жататын
талақ, бүйрек және т.б. орыстың тіл санасына «келіңкіремейді». Бүкіл Еуропа тілдері бүйреккке
166
«мән бермесе», ал қытайларда кӛңіл күй ауанын білдіруде жүрекпен қатар бүйректің де орны
ерекше [1, 13 б.].
Орысша қорыққанды сердце ушло в пятки деп білдіреді, ал қазақша жүрегім тас төбеме
шықты дейді [4, 204-б.].
Бұл орайда қазақ тілінде бауыр сӛзі ерекше мәнге ие екендігі белгілі, мысалы, бауырым;
ашуланба, бауырыңды езесің (не гневайся, печенку испортишь); бауырыңды қан қылады
(ашуландырады) (за печень берет), орыс тілінен мысал: брать за сердце, за душу ӛте қатты
толқу, тию, мазасындану; қайғыру, жаны ауыруы, қауныш немесе кӛңілі босау және т.с.с. және
т.б.
Кӛне түркі тілінде bayir «бауыр», «жүрек», «туысқан, ағайын» дегенді білдіреді, салыстыру:
bolu bar maka sen bayiro tas «кімнің жүрегінің тас екенін менен сұра, туынды сӛздерден оның
екінші, ауыспалы мағынасы шығады bayir: bayir ber - шын жүректен, bayirsaq - қайырымды,
жүрегі жұмсақ, аяғыш, bayirsaqliq - шын берілген, bayirsiz - қайырымсыз [5, 78-б.].
Әр халықтың бір құбылысқа қатысты «ӛзіне тән» белгілері болуы да маңызды. Қазақтар
«бәйшешек» деп атайды; ал орыстарда ол қар астынан ӛсіп шығатын гүл - под-снеж-ник;
ағылшындарда - snowdrop (қарға тамған тамшы); немістерде - schneeglockchen (қар сыңғыры); ал
француздарда – perce-neige (қарды тесіп шығу, яғни қарды жарып шығатын гүл) [1, 12 б.].
Қазақстан жазушылар кеңесінің жиналыстарының бірінде Ақселеу Сейдімбеков жыл
мезгілдерінің ауысуын білдіретін қазақ тіліндегі етістіктерді келтірді:
Қыс келді. Зима пришла.
Көктем туды. Весна родилась.
Жаз шықты. Лето вышло, наступило.
Күз түсті. Осень упала, свалилась [6, 13 б.].
Қазақ тілінде «көк» түсі сұр, боз, ақшыл кӛк, кейде жасыл түсті де білдіреді («кӛк шӛп»).
Немістерде де ақшыл кӛк пен кӛк түсті білдіретін blau сӛзі [6, 36 б.].
Сӛз қолданысының мәдениетке қатыстылығы, тіл бірліктерінің семантикасында сӛздің
мәдениетке байланысты мән мағынасын сол тілде сӛйлеушілер соншалықты сезіне бермеуі де
мүмкін, ӛйткені, ондай сӛздің қайдан бастау алатындығы тіл тарихына, тілді қолданушылардың
мәдение тұрғыдан ұғыну тарихына зер салмайынша, түсінікті бола қоймайды, бұл мәселе тарихи
этимологиялық, лингвомәдениеттану талдауы нәтижесінде ғана айқындалатын нәрсе.
Орман мен алаңның, тау мен жазықтықтың арасында болатын ерекшеліктер ондай
ӛңірлерді мекендейтін халықтар арасында да айырмашылықтар туғызады. Табиғат аясының
қандай болуына орай шаруашылық жүргізу әдістері де ӛзгеріп отырады. Бір адам теңізден балық
ауласа, екіншісі тауда мал бағады, үшіншісі егістікте егін егеді, тӛртіншісі жазықтықтарда жүзім
ӛсіреді. Тіпті олардың шыққан тектері бір болғанның ӛзінде әр түрлі табиғи ортаға бейімделіп
кетуіне байланысты бірнеше ұрпақ ауысқаннан кейін бір- біріне кӛп ұқсай қоймайды.
Басқаша айтқанда, «этнос келбеті» «Жер келбетінің» ықпалымен қалыптасады екен, осы екі
«келбет» бірігіп «Тіл келбетін» қалыптастырады. Мұндай жағдайда адамның танымдық қызметі
тілдің антропоцентризмінің пайда болуына әкеледі, сондай ақ тілде оның кӛрініс табуына
мүмкіндік береді. Адам үшін қоршаған дүниенің құбылыстары, нәрселері елеулі маңызға ие
болады, ӛйткені, мұның бәрі адамның тұрмыс- тіршілігіне қажет әрі бұл тілден ӛзінің нақты
кӛрінісін табады. Демек, халық пен табиғатты бір бірінен ажыратуға болмайды. Ұлттық кеңістік
дегеніміздің ӛзі Халықтың Атамекені.
Е. Бартминьский тұрақты сӛз тіркестерін «халықтық стереотиптер» деп атайды. Тілдік
стереотип деп кез келген тұрақты сӛз тіркестері мен салыстыруды айтамыз. Э.Сепирдің
пайымдауынша: «Сравнение – самый древний вид интеллектуальной деятельности,
предшествующий счету»[7, 59 б.].Салыстырудың негізінде метафора,мақалдар мен жұмбақтар
пайда болады. Орыс және беларус тілдеріндегі мұндай құбылыстарды зерттеген белгілі ғалым
В.А.Маслова мынадай мысал келтіреді: «Так, все красивое русские связывают с морем, небом,
закатом, цветком, ночью, розой, а белорусы - со звездами, солнцем, цветами, красками, маками,
весной. Различны здесь и стереотипные сравнения: для русских - «красивый, как кукла», «как на
картине», для белорусов - «как ягодка» .
167
Теңеулерде тұлға және оның адамгершілік, этикалық жақтары жӛнінде түсінігі бекітілген:
добрый, как мать; трудолюбивый, как пчела; трусливый, как заяц; щедрый, как земля; упрямый,
как осел; бестолковый, как баран, және т.б.Мұндай теңеулер әр тілде кездеседі және әр халыққа
тән ерекшеліктері болады. «Злой, как собака» тіркесі орыс, беларус, қырғыз, қазақ тілдерінде
бар, тек ағылшын тілінде ғана кездеспейді. Себебі ағылшындар итті ӛте қастерлейді [7, 64 б.].
Тұрақты сӛз тіркестерінің ұлттық мәдениетте алатын орны туралы еңбектерде:
«фразеологизмдерде бекітілген образдарда тіл белгілі бір тілдік қоғамдастықтың материалдық,
әлеуметтік, рухани мәдениетімен сабақтас дүниетанымының кумуляциясы бола отырып, ұлттың
мәдени-рухани тәжірибесі мен дәстүрін бейнелейді», «фразеологизмдер тілдік ұжымның мәдени
салт-дәстүрімен тығыз байланысты тұрмыстық, тарихи, рухани тәжірибесінің кӛшірмесі болып
табылатын ақиқатты ұлттық тілде образды бейнелеу арқылы қалыптасады», «тілдік бірліктер
мәдени-ұлттық сипатымен ерекшеленетін болса, тіл ұлттық және жалпы адамзатқа ортақ
мәдениет
белгілерді
–
концептілерді,
стереотиптерді,
эталондарды,
символдарды,
мифологемаларды тілдік семантикамен ұштастыра танытуы қажет» деп кӛрсетіледі.
Библиографиялық тізім
1.
Сәбитова, З.К. Әлемдік мәдениеттану ой-санасы. Тілдердің лингвистика-мәдениеттану
феномен ретіндегі ӛзара әсері – Алматы: Жазушы, 2006.- 76 б.
2.
Гумбольдт, В.фон. Избранные труды по языкознанию – М.: Прогресс, 1984.- 400 б.
3.
Телия, В.Н. Русская фразеология – М.: Школа, 1996.- 288 б.
4.
Бельгер, Г. Ода переводу -
Алматы: Дайк Пресс, 2005.- 418 б.
5.
Наделяев В.М., Тенишев Э.Р., Щербак А.М., Боровкова Т.А., Дмитриева Л.В., Зырин А.А.,
Кормушин И.В., Летягина Н.И., Тугушева Л.Ю. Древнетюркский словарь – Л.: 1969
6.
Бельгер, Г. Казахское слово – Астана, 2001
7.
Маслова, В.А. Когнитивная лингвистика – Мн: ТетраСистемс, 2004, 256 б.
ТІЛ ҚАЗЫНАСЫНЫҢ БІР БӚЛІГІ
–
ФРАЗЕОЛОГИЗМДЕР
Абильбекова Б.Т
.
А. Байтурсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті
Костанайский государственный университет имени А.Байтурсынова
Kostanay State University named after A.Baitursynov
Тұрақты сӛз тіркестері – сӛздердің орны әбден қалыптасқан және құрамындағы сӛздерден
мүлдем басқа мағына беретін тіркес. Тұрақты сӛз тіркестерінің құрамындағы сӛздердің орнын
ӛзгертуге, басқа сӛзбен алмастыруға келмейді. Неше сӛзден тұрса да, тұрақты сӛз тіркесі бір ғана
мағынаны береді. Сӛйлем ішінде бір ғана мүшенің қызметін атқарады. Мысалы: Көзі ашық,
көкірегі ояу азаматтар елге қызмет етеді. Осы сӛйлемдегі кӛзі ашық, кӛкірегі ояу тұрақты
тіркестің сұрағы қандай? Саналы деген мағынаны білдіреді, анықтауыштық қызмет атқарады.
Тұрақты сӛз тіркестері ғылым тілінде фразеология, фразеологизм деп те аталады.
Фразеология – «phrasis» – орам, сӛйлемше «logia» – ұғым, ілім деген грек сӛздерінен
жасалған термин. Бұл атау негізінен екі түрлі мағынада қолданылады. Біріншіден, тілдегі
тиянақты тұрақты сӛз тіркестерін қазіргі және тарихи даму тұрғысынан зерттейтін тіл білімнің
бір саласы дегенді, екіншіден – белгілі бір тілдегі фразеологимдердің тұтас жиынтығы дегенді
білдіреді. Сондықтан болар фразеологизмдер кӛкейге қонымды, ықшам, ұтқыр да ұтымды сӛз
ӛнерінің тілдік және поэтикалық бұлақтары санатына жатады. Айшықты сӛз ӛнерінің басым
кӛпшілігі халықтың тұрмыс тіршілігінде, салт-дәстүріне, әдет-ғұрпына, діни, наным-сеніміне
байланысты туындаған. Олардың құрылымын, тілде қалыптасу кезеңдерін тұрақталу негіздерін
зерттеу, сайып келгенде, оқырман қауымды оның тілдік табиғатынан хабардар етіп қоймай,
сонымен қатар этнос ӛмірімен тұтастығымен ерекшеленеді [1].
«Лингвистикалық энциклопедиялық сӛздікте» фразеологизмге мынадай анықтама берілген:
« Фразеологизм дегеніміз – формасы жағынан синтаксистік құрылымдармен ұқсас, бірақ олардай
жалпы заңдылыққа сай сӛйлеу кезінде жасалмай, даяр қалпында қайталап қолданылатын,
семантикалық және лексика-грамматикалық құрамы тұрақты сӛз тіркесі мен сӛйлемшелер». Осы
168
анықтамаға қарағанда фразеологизмдерге кең мағынада тілдегі мағына бірлігін сақтаған тұрақты
сӛз тіркестерінің барлық түрі де жатады. Олар тұрақты сӛз тіркестерінің түрлері номинативтік
бірліктер, ресми іс құжаттарындағы даяр сӛз орамдары түрінде болуы мүмкін.
Фразеологизмдердің осы айтылған түрлерінің құрылымдық, мағыналық, қолданымдық
сипаты, лексикологияға қатысы бірыңғай емес. Сондықтан, тәжірибе жүзінде фразеологизмдер тар
және кең мағынада қарастырылады. Бұлайша бӛліп қарастырудың мәні фразеологизмнің
лексикалық бірлік ретінде танылатын атауыштық сӛзбен мағыналық байланысына, сол арқылы
лексикологиямен жақындасатынына негізделген. Тұрақты сӛз тіркесі бірнеше топқа жіктеледі:
идиомалық тіркестер немесе идиома (мысалы: қабырғаңмен кеңес, біреудің ала жібін аттама);
мақал-мәтел ( Ел үмітін ер ақтар, ер атағын ел сақтар; Өнерлінің өзегі талмас).Тұрақты сӛз
тіркесі қатарына бұлардан басқа екі кейде одан да кӛп сӛздердің қатары жұмсалуынан жасалып,
бастапқы мағынасын сақтай отырып, бір ұғымды білдіретін тіркестер ( лексикалық тіркестер) де
кіреді. Мысалы, ( қол қою, көз салу, қол ұшын беру).
Тұрақты сӛз тіркесі
Мағынасы
Ит өлген жер
Алыс
Тайға таңба басқандай
Анық
Тілді үйіреді
Тәтті
Көз шырымын алу
Ұйықтау
Ажары кірді
Көріктенді
Ат салысу
Көмектесу
Аш көз
Қомағай адам
Аяғы аспаннан келді
Тас талқаны шықты
Бармағын тістеді
Өкінді
Бауыр басу
Үйрену
Бес аспап
Өнерлі
Жібі түзу
Дұрыс адам
Сәлемі түзу
Ниеті дұрыс
Тон пішу
Сырттай болжау
Таба болу
Мазақ болу
Төсек тарту
Сырқаттану
Түбіне жету
Құрту
Тіс жармау
Айтпау
Кемінде екі сӛздің тіркесуінен жасалған, мағынасы біртұтас, құрамы мен құрылымы тұрақты,
даяр қалпында қолданылатын тілдік единица, әдетте, фразеологизмдік оралым деп аталады.
Фразеологиялық оралымдардың түрлері бір-біріне әрқашан ашық айқын ажыратыла бермейді,
осыған орай, оларды классификациялау тіл білімінде ӛте-мӛте күрделі мәселе болып саналады.
Тіл білімінде фразеологиялық оралымдар әр түрлі жағынан қарастырылып, осыған сәйкес, олар
түрліше топтастырылып жүр[2].
Академик В.В.Виноградов фразеологиялық единицаларды бүтіндей фразеологизмнің
біртұтас мағынасы мен оны құрастырушы сыңалардың мағыналарының ара қатысы тұрғысынан
фразеологиялық тұтастық (фразеологическое срашение), фразеологиялық бірлік (фразеологическое
единство) және фразеологиялық тізбек (фразеологическое сочетание) деп үш түрге бӛледі. Орыс
тіліндегі фразеологизмдерді зерттеуші Н.М. Шанский аталған классификацияны қолдай келіп,
фразеологиялық оралымдардың 4-ші түрі фразеологиялық сӛйлемше (фразеологическое
выражение) деп есептейді.
Әлемдегі тіршіліктің бар саласын қамтитын әр ұлттың ӛзіне ғана тән кӛркем сӛз орамдары –
фразеологизмдерді молынан табуға болады. Фразеологизм тілдің айшықты да, мәнерлі, бай
саласының бірі. Бұлар ӛзінің бейнелік, әсерлік, экспрессивті – эмоциялық, суреттеме қасиетімен
169
кӛзге түседі. Осындай кӛркем, пәрменді бояуы қанық алуан түрлі фразеологизмдерді халық
орынды пайдаланып, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп келеді. Халықтың талай ғасыр сомдап шығарған
тұрақты тіркестері – фразеологизмдер тіл қазынасының бір бӛлігі екені даусыз.
Соңғы жылдары халықаралық, тіларалық қатынастың дамуына байланысты құрылымы
жағынан да мүлдем алшақ тілдерді салыстыра зерттеу тіл ғылымында дәстүрге айналып келе
жатыр. Салыстыра зерттеу барысында екі тілдің ӛзіндік құрылымдық және жүйелік ерекшеліктері
мен ұқсастықтары айқындалады. Сондай-ақ, тіл табиғатында осы уақытқа дейін зерттеушілер
назарынан шет қалған кейбір құбылыстардың сыры ашылып, осы кезеңге дейін қалыптасқан
тұжырымдар басқа қырынан зерделенуі, тілдің ӛзіндік сипатын айқындатуда. Әр типтес тілдердегі
фразеологизмдерді салыстыразерттеу де ӛзіндік тұңғиық сыры бар қиындығы да мол күрделі
жұмыс.
Тұрақты сӛз тіркестерін, яғни фразеологизмдерді орыс тіліне аударғанда, олардың ӛз ара
мәндес келетіндігі ескеріледі. Мысалы:
Тұрақты сӛз тіркесі (орыс тілінде)
Қазақ тіліндегі мағынасы
Беречь как зеницу ока
Көздің қарашығындай сақтау
В пух и в прах
Күлін көкке ұшыру
В прятки играть
Жасырынбақ ойнау
Он пятки показал
Ол өкшесін бір-ақ көрсетті
Хоть глаза выколи
Көзге түртсе көргісіз
Зубы точить
Тісін қайрау
Волосы встали дыбом
Төбе шашы тік тұру
Как в воду канул
Жер жұтқандай
За три девять земель
Жеті қабат жер астында
Седьмом небе
Төбесі көкке жету
Вешать нос
Еңсесін түсіру
Душа в пятки ушла
Жаны мұрын ұшына келу
Дела, как на ладони
Алақанға салғандай
Кусать себе палец
Бармағын тістеу
Дегенмен, қазақ тіліндегі тұрақты сӛз тіркетерін орыс тіліне, сол сияқты орыс тіліндегі
тұрақты сӛз тіркестерін қазақ тіліне аударғанда бірден тура мағынасымен, яғни калька
аудармасымен аудару әрқашан ұтымды бола бермейді. Олай дейтініміз, тұрақты сӛз тіркестерін
бір тілден екінші бір тілге, сӛзбе-сӛз аудару барысында сӛз мағынасы, сӛз кӛркемділігі, әуезділігі
жоғалады немесе айтайын деп отырған сӛз мағынасы ӛзгеріп, мүлде мағына үстемеуі мүмкін.
Мысалы: Ни рыба, ни мясо — ет те емес, балық та емес. Как две капли воды — екі
тамшы судай. Рыбак рыбака видит из далека — балықшы балықшыны алыстан көреді. Лучше
поздно, чем никогда — Ештен кеш жақсы. Правда - хорошо, а счастье - лучше —- шындык -
жақсы, ал, бақыт- одан да жақсы т.б.
Фразеологизмдерді орыс тілінен аударған кезде ерекше кӛңіл бӛлетін тағы бір мәселе — ол
тұрақты сӛз тіркестерінің арғы шыққан тегі. Мысалы, қазіргі орыс тілінде қолданылып жүрген
фразеологизмдердің ішінде басқа тілдерден енгендері бар. Олар: ―лучше поздно, чем никогда‖,
―убит время‖ (француз тілінен);―холодная война‖, ―железный уровень‖ (ағылшын тілінен);
―невзирая на лица, ―Вот где собак зарыта‖(неміс тілінен)Сонымен қатар орыс тілінде кӛне грек
мифологиясына байланысты сӛз образдары да кӛп кездеседі: ―танталовы муки‖, ―авгиевы
конюшни‖, ―троянский конь‖, ―яблоко раздора‖, ―Ахилесова пята‖, ―Дамоклов меч‖ . т. б.
Осылар сияқты сӛз орамдарының ең алғаш қай тілде, қандай мағынада қолданылып,
қалыптасқанын жақсы білмейінше, оларды бірден аудара салуға болмайды. Қазақшаға мұндай
сӛз образдарын аударғанда сілтемеде олардың мағыналары ашылып, түсініктеме беріліп отырса
дұрыс болады.
Фразеологизмдердің дамуының негізгі екі түрі бар: Бірінші, тұрақты сӛз тіркестері, ең
алдымен, сол тілдің иесі болып табылатын халықтың ұлттық ерекшелігіне қарай жасалып,
қалыптасады. Бұлар тілдің ӛзінің ішкі даму процесімен байланысты болады. Екіншісі — тұрақты
170
сӛз тіркестері дамуының сыртқы процесі. Халықтар арасындағы қарым-қатынас бір тілден екінші
бір тілге фразеологизмдердің ауысып отыруына мүмкіндік туғызады. Фразеологизмдер бір тілден
екінші тілге сӛйлеу тілі және жазба нұсқалар (публицистика, кӛркем әдебиет т. б.) арқылы
ауысады. Мәселен: көк базар, көз бояу, өмір сабағы, әр бір істің басталуы қиын, ештен кеш
жақсы, жылтырағанның бәрі алтын емес, бейбітшілік көгершіні т. б. тіркестер біздің, тілімізде
орыс тілінің ықпалымен қалыптасып, фразеологиялық қорымызды байыта түсуде. Сондай-ақ,
Келдім, кӛрдім, жеңдім (Юлий Цезарь). Уақыт біздің пайдамызға қызмет етеді (Гладстон). Бәрі
де ағады, бәрі де ӛзгереді (Гераклит). Стиль — ол адам (Бюффон) т. б. сияқты әр түрлі халықтың
афоризмдері де бізге орыс тілі арқылы енгені белгілі [3].
Сӛйтіп, қай тілдің болмасын фразеологиясы халықтардың ӛзара қарым-қатынаста
болуының нәтижесінде бірін-бірі толықтырып отырады. Ал бұл мәселе, бір жағынан,
фразеологизмдердің сәтті аударылуына да байланысты. Яғни, бір тілдегі фразеологизмдердің
екінші бір тілге аударылғанда олардың жымдасып, жатық болып жұмсалуында.
Достарыңызбен бөлісу: |