КӚПТІЛДІЛІК БҤГІНГІ ЗАМАННЫҢ ЕҢ БАСТЫ ӚЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІНІҢ БІРІ
Шолпанбаева Ғ. Ә., Ловцова Д. П.
Қостанай мемлекеттік педагогикалық иниституты
Костанайский государственный педагогический институт
Kostanay State Teachers' Training Institute
214
XXI ғасыр – ғылым ғасыры. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Жаңа әлемдегі жаңа
Қазақстан» атты халыққа Жолдауында: «Білім беру реформасы табысының басты ӛлшемі-тиісті
білім мен білік алған еліміздің кез келген азаматы әлемнің кез келген елінде қажетке жарайтын
маман болатындай деңгейге кӛтерілу болып табылады. Біз бүкіл елімізде әлемдік стандарттар
деңгейінде сапалы білім беру қызметіне қол жеткізуге тиіспіз» - деген болатын [5, 4 б.]. Осы
мақсатта Қазақстан Республикасының азаматын қалыптастыру, оның тез ӛзгеріп отыратын
әлемде табысты білім алуға деген сұранысын қалыптастыру, бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелеу
және оқыту басты мақсат болып отыр.
Сондықтан оқушыларға қазіргі заманға сәйкес кӛптілді білім беру мақсатында әр түрлі
шаралар қолға алынды.
Халқымыз ежелден тіл абыройын биік кӛтеріп, «Ӛнер алды ــ қызыл тіл» деп, сӛз ӛнерін бар
ӛнердің алдына қойып, жоғары бағалаған. Әдетте тіл жӛнінде, тіл ــ адамдар ара қарым-қатынас
жасау құралы деп, оған жай-жадағай анықтама берілгенімен, іс жүзінде тіл тек адамдар ара
қарым-қатынас жасау құралы ғана болып қалмастан, қайта онан да маңыздысы, ол белгілі бір
ұлттың ұлттық сана-сезімі, халықтың халықтық қасиеті, оның жалпы тарихы, әдет-ғұрпы,
мәдениеті қатарлыларды тұтастай ӛз бойына қамтып жататын күрделі ұғым. Сондықтан тіл -
мейлі қайсы ұлттың болмасын тарихы мен тағдырының, тәрбиесі мен тағылымының, бүкіл
халықтық болмысының баға жетпес асылы, сарқылмас құнды қазынасы, ұлт рухының ұйтқысы
болып келген.
Бір азаматтың ӛз ана тіліне қанық болуы шарт астында ӛзге бір ұлттың тілін жеттік игеріп,
сол ұлт азаматтарымен ойдағыдай тіл табыса білуін үлкен біліктіліктің белгісі деуге болады.
Ӛмірде ӛзге бір ұлттың тілін игерген адам сол халықтың ішкі жан-дүниесін түсініп, күллі мәдени
қүндылықтарымен танысу орайына ие бола алады. Азаматтарымыздың қазіргі ай сайын алға
ілгерлеп, күн сайын жаңарып, тез қарқынмен дамып бара жатқан ӛзгерісшең ӛмірге ойдағыдай
сәйкесуі үшін, қос тілді болып қана қалмай, қайта кӛп тілді болуы тӛтенше қажеттілікке
айналуда. Бұлай істеу әр азаматтың ӛзіне де, ӛзгеге де тиімді. Сондықтан қазіргі қоғамда кӛп
тілді болу әрқандай адамды кең ӛріске, тың ӛмірге бастайтын жол есептелмек.
Кезінде халқымыздың «Жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі білім біл» деген аталы сӛзі дәл
бүгінгі дамыған дәуірімізге сәйкес айтылғандай. Тарихи деректерге жүгінсек, осыдан 12
ғасырдың алдында жасаған энциклопед ғалым, әлемде Аристотелден кейін екінші аға ұстаз
аталған ұлы ғұлама Әбу Насыр Әл-Фараби бабамыз ӛз ӛмірінде 70-ке жуық ұлттың тілін жеттік
білгендіктен, артына мәңгі ӛшпес мол рухани құнды мұра қалтырып кеткендігі анық.
Кӛптілді меңгерген адам әуелі ӛз тілінде ой қортып, туған халқына ӛнеге болып, ӛзге
жүртпен бәсекеде ырықты орынды иелеп, сан мәдениетті санасына салып сараптай алса, онда ол
ӛз ӛмірін қалайда мағыналы ӛткізетін айтулы тұлға болып жетілері қақ.
Бүгінгі таңда елімізде «Кӛптілділік» мәселесі кӛкейкесті мәселелердің бірі болып саналады.
Елбасымыз сол үшін де тілдердің үштұғырлылығын міндеттеп отыр.
Кӛптілділік мәселесі – Қазақстан үшін ғана емес, бүкіл әлемнің алдында тұрған кӛкейтесті
мәселелердің бірі. Бұл ұғымға жалпылама тоқталсақ… кӛптілділік, белгілі бір әлеуметтік ортада,
мемлекетте бірден үш, одан да кӛп тілде сӛйлей білушілік. Кӛптілділіктің үштілді меңгеру
дәрежесі сол адамның немесе бүтіндей халықтың ӛмір сүрген тілдік ортасы, әлеуметтік,
экономикалық, мәдени ӛмірі, тұрмыс-тіршілігі секілді кӛптеген факторларға байланысты [4, 266
б.].
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан
халықтары Ассамблеясының 12 сессиясында: «Қазақстандықтардың жас ұрпағы кем дегенде үш
тілді білулері тиіс: қазақ, орыс, ағылшын тілдерін еркін меңгерулері қажет» - деп, Еуропадағы
мектеп түлектері мен студенттерінің ӛзара бірнеше тілде еркін сӛйлесулері қалыпты жағдайға
айналғандығын атап ӛтті. Кем дегенде үш тілді меңгеру-заман талабына айналып отырған
қажеттіліктердің бірі.
Қазіргі таңда адам қызметінің барлық салаларында жаһандану үдерісі орын алғандықтан,
білім беру саласында қайта қарастырулар жетілдіруде. Сол себептен ақпараттық-комуникативтік
құзырлықпен қатар, полимәдениеттілік бүгінгі уақытта әлемдік білім беру қоғамдастығының
215
кеңістігін қалыптастыратын білім беру құзырлығының басты бағыттарының бірі ретінде
анықталды [1. 13б.].
«Жаңа онжылдық-жаңа экономикалық ӛрлеу - Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты
Жолдауын жүзеге асыру мақсатында дайындалған Қазақстан Республикасында білім беруді
дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы - білім беру жүйесінің
бәсекеге қабілеттілігін арттыру, адам капиталын дамыту үшін білім мазмұнын түбегейлі
жаңғырта отырып, білім саласында кезек күттірмей тұрған мәселелерді шешуге бағытталған.
«Қазақстан әлемде тұрғындары үш тілді қатар қолданатын, яғни қазақ тілі-мемлекеттік тіл,
орыс тілі-халықаралық тіл ретінде, ағылшын тілі - әлемдік экономиканың жетістікті
интеграциясы ретінде, жоғары білімді елдер қатарында қабылдануы тиіс» - деді Елбасымыз
Н.Ә.Назарбаев.
Қазіргі таңда Қазақстан қоғамының әлеуметтік-экономикалық, рухани қалыптасуының
жаңа міндеттерін іс жүзінде асыруға дайын жас ұрпақты тәрбиелеудің негізгі факторларының
бірі- мектепте кӛптілді білім беруді жолға қою болып табылады.
Кӛптілді білім - кӛп мәдениетті тұлғаны қалыптастырудың ӛзегі. Бүгінгі таңда кӛп тілді
оқыту – жас ұрпақтың білім кеңістігінде еркін самғауына жол ашатын, әлемдік ғылым
құпияларына үңіліп, ӛз қабілетін танытуына мүмкіндік беретін қажеттілік. Үш тілде оқыту –
заман талабы десек, оның негізгі мақсаты: бірнеше тілді меңгерген, әлеуметтік және кәсіптік
бағдарға қабілетті, мәдениетті тұлғаны дамыту және қалыптастыру. Қазақ тілі мемлекеттік тіл, ал
орыс тілі мен шетел тілдерінің бірін білу тұлғаның ой-ӛрісін кеңейтеді, оның «сегіз қырлы, бір
сырлы» тұлға болып дамуына жол ашады, ұлтаралық қатынас мәдениетін, толлеранттілігін және
планетарлық ойлауының қалыптасуына мүмкіндік туғызады. Маманға шет тілін меңгеру кез-
келген шетелдік ортада ӛзін еркін ұстап, жаңа кәсіптік ақпараттар легіне немесе жалпы
ақпараттық ғаламшарға бейімделу мүмкіндігіне ие болады. Әр адамның түрлі әлеуметтік
қызметтерінде жеткен жетістіктерінің нәтижелері түрлі болмақ, сол себептен шетел тілін
оқытудың мақсаты тек нақты білім іскерліктерін біліп қана қоймай, сондай тілдік тұлғаны
қалыптастыру болып табылады, оған шет тілі «ӛмір заңдылықтарында» және «нақты
жағдаяттарда қарым-қатынас жасай алу үшін» қажет болмақ.
Бұл халықаралық тұрғыда бағытталған тұлғаны тәрбиелеуде тікелей құрал болып
есептеледі, яғни ӛзін ӛркениетті және тарихи субъект ретінде тани алатын, даму кезінде ӛз елінің
және адамзат тарихын қабылдай алатын, ӛзі үшін, халқы үшін, мемелекеті үшін, адамзат
болашағы үшін жауапкершілік жүгін сезінетін, ӛзара тәуелділік пен әлем бүтіндігіне, адамзат
ӛркениетінің ғаламдық мәселелерін шешуде мәдениаралық қатынастың қажеттілігін жете
түсінетін, адамның азаматтық құқықтарын (мәдениет және тілдік құқықтарын қоса)
мойындайтын және саяси бостандыққа ұмтылатын, қоғамдағы гуманизм идеалын жасау үшін
басқа адамдармен, қозғалыстармен, қоғамдық институттармен қызмет атқаруға дайындығы мен
қабілеттілігін кӛрсете білетін және де қоғам, адам және табиғат арасындағы ынтымақтастықты
қалыптастыратын ұқыпты да тиянақты, білікті маман мен адамды дайындау осы заман
оқытушылары мен ұстаздардың алдында қойылатын үлкен заман талабы деп білуіміз керек.
Елбасы Н.Ә.Назарбаев ӛзінің жылдағы дәстүрлі Жолдауында «Тілдердің үш тұғырлығы»
мәдени жобасын іске асыруды жеделдету тиістігіне ерекше мән береді. Сонымен қатар бүкіл
қоғамымызды топтастырып отырған мемлекеттік тіл ретінде қазақ тілін оқытудың сапасын
арттыру қажеттілігіне ерекше назар аударады. Сондықтан қазақ тілін тереңдетіп оқыту, сонымен
қатар кӛптілділікті меңгеруді жолға қою - бүгінгі таңдағы орта білім жүйесінде педагогикалық
үдерістің негізгі бағыттарының бірі. Әлемдік білім беру іс- тәжірибесінде кӛптілді және
билингвалды білім беру жаңалық емес, атап айтқанда, АҚШ пен кӛптеген Еуропа елдерінде,
әсіресе соңғы жылдарда бұл бағытта жетістікке қол жеткен. Бірақ, қазақстандық білім беру
жүйесінде кӛптілді және билингвалды білім берудің халықаралық іс-тәжірибесінде қолданыс
тапқан моделдерін енгізу - жаңа педагогикалық проблема, ӛйткені ол жаңа жағдайларда
шығармашылық тұрғыдан іске асырылуы тиіс.
Кӛптілді білім беру ісінде атқарылып жатқан жұмыстардан шығатын қорытынды мынадай:
216
- кӛптілді білім беру - бұл мектепте оқу пәндерін екі немесе одан да кӛптілде аудармасыз
оқыту;
- билингвалды білім беру - оқу және оқудан тыс жұмыстардың негізгі бағыттарын екі тілде
іске асыру, педагогикалық үдерісте екі тілді оқыту құралы ретінде пайдалану;
- әрбір мектеп бітірген Қазақстан Республикасының азаматы қазақ, орыс, ағылшын тілдерін
жетік біліп шығады;
- кӛптілді меңгерген оқушылар ӛзгермелі кезеңде еркін әрекеттер жасауға бейім болады;
- кӛптілді меңгеру еңбек нарығында да жоғары бағаланады;
- алыс және жақын шетелдерде тілдік кӛмекті керек етпейді.
Демек, «Тілі бірдің-тілегі бір», «Тіл тағдыры - ел тағдыры» екендігін жадымызда ұстай
отырып, ел бірлігінің негізі - тіл бірлігіне қол жеткізу жолында қызмет ету қазақстандықтардың
ортақ парызы. Ендеше жас ұрпақтың қазақ тіліне деген сүйіспеншілігін, ӛзге тілдерді оқып
білуге деген қызығулары мен ұмтылыстарын арттыру арқылы олардың. Отанға деген
махаббаттарын оятып, ӛз тағдырын ел тағдырымен мәңгілікке байланыстыратын ұрпақ болып
қалыптасуына қол жеткізу мақсатына ӛз үлесіміз бар екендігін мақтан тұтамыз!
Библиографиялық тізім
1. Солташұлы Ы. Заман талабы ــ кӛптілді болу. // Ақиқат. 26 қараша - 2012 ж. № 11. 14-15 б.
2. Жаминова Р.Ж. Модульдік оқыту технологиясын қолдана балалардың тілдік құзыреттілігін
қалыптастыру. // Мұғалімнің кәсіби дамуы: дәстүрлері мен ӛзгерістер. ІІ халықаралық ғылыми-
тәжірибелік конференция. ІІ том. Астана-2012 ж. 115-120 б.
3. Пассов Е.И. Коммуникативный метод обучения иноязычному говорению, 2-е изд. – М.:
Просвещение, 1991. – 116 б.
4. Тер-Минасова С.Г. Язык и межкультурная коммуникация. – M.: Слово/Slovo, 2008. с – 264-270
5. http://www.akorda.kz/kz/category/poslaniya_narody.
Қазақстан Республикасы
Президентінің
Ресми сайты.
6. http://www.surak-zhauap.kz/
ҤШ ТҰҒЫРЛЫ ТІЛ – ЕЛІМІЗДЕГІ ҰЛТТЫҚ РУХАНИЯТЫМЫЗДЫҢ ӚЗЕГІ
ЖӘНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БІРЛІКТІ НЫҒАЙТУДЫҢ СИПАТЫ
Журсиналина Г .Қ.
. Байтурсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті
Костанайский государственный университет имени А.Байтурсынова
Kostanay State University named after A.Baitursynov
А .Байтұрсынов атындағы ҚМУ, филология ғылымдарының кандидаты
Кӛпұлтты мемлекетте қазақ тілінің мемлекеттік тіл мәртебесіне сай қызмет етуін
қамтамасыз ету – ӛте маңызды мәселе. «Қазақстан үштілділіктің әлеуметтік кеңістігіне
айналуда Б. Хасанұлының Қазақстандық «тілдердің үштұғырлығы» саясатына қатысты:
«Кӛпұлысты тілдік қатынас сұранысы – үштілділік. Қазақстандағы қостілділікті де, үштілділікті
де тек қана Қазақстанның мемлекеттік тілі негізінде дамыту шарт», - деген пікірі бұл мәселенің
мән-жайын ашып береді [1, 48 б.]. Шын мәнінде, үштілділікті мемлекеттік тіл негізінде дамытқан
кезде ғана бұл мәселе дұрыс шешімін табады. Үштілділіктің қазақ тілі сыңарын алдымен
дамытуды басты назарға ұстай отырып, жүргізілген тіл саясаты еліміздегі әлеуметтік - тілдік
ахуалдың тұрақтылығын, мемлекеттік мәртебесіндегі қазақ тілінің кеңінен қанат жаюын
қамтамасыз етеді. Сол кезде Қазақстан Республикасы мемлекеттік қазақ тілімен қатар орыс және
ағылшын тілдерін де бірге қолдануға қабілетті мүшелерден тұратын қоғамға айналады. Кӛпұлтты
Қазақстанның жағдайында «Үш тұғырлы тіл» ұлттық мәдени жобасы қоғамдық келісімді
нығайтудың негізгі факторы болып саналады. Алайда, еліміздегі негізгі үш тілді дамытуға
басымдық беру – басқа халықтардың тілдерін назардан тыс қалдыру деген сӛз емес. Сондықтан
217
да Қазақстан Республикасындағы Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға
арналған мемлекеттік бағдарламасының 4-мақсаты ретінде айқындалған Қазақстан халқының
лингвистикалық капиталын дамыту мәселесі – аса ӛзекті мәселелердің қатарынан орын алатыны
дәлелдеуді қажет етеді.
Қазақстандағы тілдердің үштұғырлылығы туралы ойды Нұрсұлтан Назарбаев алғаш рет
2006 жылы Қазақстан халқы Ассамблеясында айтқан еді. Ал 2007 жылғы «Жаңа әлемдегі жаңа
Қазақстан» деп аталған халыққа Жолдауында Елбасы «Тілдердің үштұғырлылығы» –
«Триединство языков» мәдени жобасының жүзеге асырылу кезеңдерін айқындады. 2014 жылы
кезекті Қазақстан халқына Жолдауында да: «Үкімет «Тілдердің үштұғырлығы» мәдени жобасын
іске асыруда. Бүкіл қоғамымызды топтастырып отырған мемлекеттік тіл ретінде қазақ тілін
оқыту сапасын арттыру қажеттігіне ерекше назар аударғым келеді», – деп атап
кӛрсетті.Тілдердің үш тұғырлылығы идеясына Елбасы нақты анықтамасын да береді: қазақ тілі
мемлекеттік дәрежесінде мемлекет ӛмірінің бар саласында «бүкіл қоғамымызды біріктіруші»
қызметін атқарса, орыс тілі ұлттар арасындағы қарым-қатынастарға қызмет етеді, ал ағылшын
тілі әлемдік экономикаға, әлемдік қауымдастыққа кірігуімізге қызмет етеді. Осыдан артық
қандай нақтылы анықтама керек?! Бұл жердегі ең мәндісі де, маңыздысы да , мемлекеттік тіл
мәртебесіне ие қазақ тілі – ұлттық руханиятымыздың ӛзегі екендігі сӛзсіз, әрбір қазақстандық
мойындауға тиісті ақиқат.
Жалпы, біздің халықта үш тілді де ӛз деңгейіндеигеру, қабылдау мен қолдануға деген
дұрыс түсіністік қалыптасқан. Оның қазіргі ӛмір талабы екені, бүкіл әлемді жайлаған
бәсекелестік жағдайында оған тӛтеп берудің бірден-бір жолы қоғамдағы қажеттілігіне тікелей
байланысты екенін де біздің заманымыздағы әрбір саналы адам түсіністікпен қабылдап отыр
деп айтуға болады.
Тілді меңгеру қажеттіліктен туады. Осы тұрғыдан келгенде, біздің қоғамда бұрыннан
қалыптасып қалған тілдік қолданыс үдерісінде орыс тіліне деген айқын басымдық байқалады.
Арада қаншама жыл ӛтсе де, жасыратыны жоқ, сол кеңестік саясат ұшығының лебі әлі сезіледі.
Тіл – ұлттың тірегі. Ол – жан дүниеңді ашып кӛрсететін мӛлдір айнаң. Осы айна бетіндегі
тоталитарлық жүйе түсірген дақты кетіріп, дидарымызды анық кӛруге ұмтылғалы да біраз жыл
болды.
Тілдерді дамыту – еліміздегі мемлекеттік саясаттың ең маңызды бағыттарының бірі. Тіл
проблемаларын оңтайлы шешу – ұлтаралық қатынастар үйлесімділігінің, халық бірлігі мен
қоғамдық келісімді нығайтудың түпқазығы болып табылады.
Халқымыздың біртуар перзенті Мағжан Жұмабаев: ―...Ұлттың ұлт болуы үшін бірінші шарт
– тілі болуы. Ұлттың тілінің кеми бастауы – ұлттың құри бастағанын кӛрсетеді. Ұлтқа тілінен
қымбат еш нәрсе болмасқа тиіс. Бір ұлттың тілінде сол ұлттың сыры, тарихы, тұрмысы, мінезі
айнадай кӛрініп тұрады. Қазақтың тілінде қазақтың сары сайран даласы, біресе желсіз түндей
тымық, біресе құйындай екпінді тарихы, сар далада үдере кӛшкен тұрмысы, асықпайтын,
саспайтын сабырлы мінезі – бәрі кӛрініп тұр. Қазақтың сары даласы кең, тілі де бай. Осы күнгі
түрік тілдерінің ішінде қазақ тілінен бай, орамды, терең тіл жоқ,‖ [2 ,63]. – деп тіл жайында
терең толғанған екен кезінде.
«Тіл саясаты ағылшынша language policy – ұлт саясатының ажырамас бӛлігі; белгілі
субьектілердің (мемлекеттік билік, қоғамдық топтар, партия т.б.) тіл дамуына саналы әрі
мақсатты түрде ықпал етудің теориясы мен практикасы. Тілдердің қызмет етуіне мақсатты және
ғылыми негізде басшылық ету және тілдік қатынас құралдарының жаңа түрлерін жасау және
жетілдіру; ұлт мәселесі бойынша тілге қатысты мемлекеттік саясаттың аспектілері. Тілдік саясат
имплицитті (қаулылармен қабылданған құжаттар, іс – шарасыз және практикалық тұрғыдан
жүзеге асырылатын) немесе эксплицитті (заң актілері, мемлекеттік бағдарламалармен
жетілдірілген) болады. Мысалы, Тіл саясаты Канададағы «әртекті мәдени және тілдік нақыштар»
онда бір орталыққа бағындырылған (Оттаваның федералдық үкіметі тарапынан) және аймақтық
(Квебек неміс провинциялық үкіметі тарапынан) саясат жүргізіледі» [3 ,446].
Ал, зерттеуші В. А. Аврориннің пікірі бойынша, шын мәнінде тіл саясаты дегеніміз –
«Мемлекет арқылы саналы түрде жүргізілетін реттеушілік іс – қимылдар – тілдің
218
функционалдық жағын жетілдіру үшін жүргізілетін белгілі бір жағдайларда тіл құрылымына әсер
ету». Ғалым тіл саясатына берген анықтамасында: «Тіл саясатын ғылыми негізделген,
болашашаққа бағытталған қоғамды басқару саясаты», - дейді. «Басқару органдары тап, партия,
саяси билік арқылы фунционалдық және құрылымдық аспектіде саяси жүйені басқару», - деп
атап кӛрсетеді. [4, 102]
Н. Ә. Назарбаев тіл саясатында мемлекеттік тіл туралы былай деп атап кӛрсетті: «Қазақстан
азаматтары елдің мемлекеттік тілін құрметтеуге және оны оқып – үйренуге, білуге тиіс.
Ел болашағы — білімді ұрпақта.
Бұл орайда, бұл тіл ел халқының басым кӛпшілігінің туған тілі
екенін және болашақта оның мемлекеттік тіл ретінде басым болатынын ескеру орынды» [5, 27
мамыр].
Тіл саясаты – тіліді қолданушылар мен мемлекеттік биліктің ӛзара байланысының жемісі.
Тіл заңын жүзеге асыру үрдісінде адамда үш мүдде – кәсіби, саяси, тілдік мүдде бір арнаға
келіп тоғысады. Біздің елде кез келген кәсіп иесі ана тілінің қамын ойлайды. Ана тілінің қамын
жеген адам саясаттан тыс бола алмайды. Қазақстанның тіл саясатын зерттеушілердің айтуынша
негізі тӛрт бағытта даму байқалады :
Мемлекеттік тілдің қолданылуы
Орыс тілінің қолданылуы
Ұлт тілдерін қолдану
Шет ел тілдерін үйрену.
Қазақстандық социолингвистердің пікірінше, (Э.Д.Сулейменова, Д.Х. Аканова),
Қазақстанда жасалып жатқан тіл саясаты орталықтандырылған (себебі, бұл іске тікелей мемлекет
араласады, барлығын міндеттейтін шаралар ӛткізеді), перспективті (себебі, қазіргі тіл ахуалын
ӛзгертуге құрылған), демократиялық (себебі, әлеумет топтардың барлық қырын ескереді),
ұлтаралық (себебі, атқаралып жатқан шараның негізгі бағыты қазақ тілін дамыту, орыс тілін,
және де басқа ада этностадың тілдерін дамыту кӛздейді), конструктивті (себебі, тілді қолдану
салаларындағы тіл фунцияларын дамытуға бағытталған және әдеби қазақ тілінің кең таралуы мен
әлеуметтік-қолданбалы рӛлін дамытуға бағытталған). Бірнеше тілді меңгерген мемлекеттер мен
халықтар ӛзінің коммуникациялық және интеграциялық қабілетін кеңейтіп отырған. Мысалға,
ежелгі дүниедегі Мысырдың ӛзінде бірнеше тілді білетін мамандар иерархиялық сатымен
жоғарылап, кӛбіне салық тӛлеуден босатылған. Сондай-ақ, бүгінгі Еуропада да кӛп тілді
меңгерушілік жалпыға ортақ норма болып саналады. Яғни, бүгінгі таңда ТМД мен Орталық
Азияның кӛшбасшы мемлекетіне айналған Қазақстан үшін үштұғырлы тіл – елдің бәсекеге
қабілеттілікке ұмтылуда бірінші баспалдағы. Ӛйткені, бірнеше тілде еркін сӛйлей де, жаза да
білетін қазақстандықтар ӛз елінде де, шетелдерде де бәсекеге қабілетті тұлғаға айналады [6, 102].
Атап айтарлығы, кӛпұлтты Қазақстанның жағдайында ―Үштұғырлы тіл‖ ұлттық жобасы
ұлттық руханиятымыздың ӛзегі, қоғамдық келісім мен халықаралық бірлікті нығайтудың да
негізгі факторы болып саналады. Алайда, еліміздегі негізгі үш тілді дамытуға басымдық беру –
басқа халықтардың тілдерін назардан тыс қалдыру деген сӛз емес екендігін мыктап есте
сақтағанымыз абзал.
Мәдениеттер мен тілдердің сан алуандығы – бұл біздің ұлттық байлығымыз. Тәуелсіздіктің
алғашқы жылдарынан бастап-ақ, мемлекет Қазақстандағы халықтардың барлығының мүдделерін
ескере отырып, посткеңестік кеңістікте ең либералдық тілдік саясат жүргізді. Соның дәлелі
болар, бүгінгі таңда кез-келген этностың ӛкілі қай тілде білім алатынын, сӛйлейтінін, шығарма
жазатынын ерікті түрде таңдай алады.
Біздің қоғамда барлық этностардың мәдениеті мен тілін дамытудың бірегей формуласы
жасалып отыр. Біздің жетістігіміз – басқа этностардың құқықтарына ешқандай да қысым
жасалмауы. Сонымен қоса, біз тағы бір аса маңызды мәселе – мемлекеттік тілді барша
қазақстандықтардың меңгеруіне толықтай барлық жағдай туғызып отырғандығымыз. Ӛйткені,
бұл да халықаралық тәжірибеде бар үрдіс.
Әлемдегі барлық мемлекеттердің 4 пайызы ғана бірұлтты. Полиэтникалық мемлекеттердің
барлығы бір тілді қоғам құруға ұмтылып келеді. Еуропа ұлттары тіл бірлігі мен капитализм, яғни
стандартты индустрия, ортақ кәсіптік біліктілік, ортақ баспасӛз т.б. нарық институттары мен
219
саяси биліктің ортақтығы арқасында қалыптасты. Қазақстанда да тілдік тұтастық проблемасы
ешқашан күн тәртібінен түспеуі тиіс. Абсолютизм дәуірінде Еуропа елдерінде түрлі халықтар
ортақ тілге күшпен біріктірілді. Францияда француз тілі ХІІІ ғасырда, Англияда ағылшын тілі
Шотландия мен Ирландияны жаулап алғаннан кейін жаппай енгізіле бастады. Отарлаушылардың
зорлығымен испан және португал тілдері оңтүстік америкада, ағылшын тілі солтүстік америкада
жергілікті тілдерді ығыстырды. Мысалға, АҚШ кӛпұлтты мемлекет болғанымен, әлі күнге дейін
бюджет қаржысы тек ағылшын тілінде оқытатын мектептерге ғана бӛлінеді. Мемлекеттік білім
жүйесі мен стандартты индустрия Батыс Еуропа елдерінде де, АҚШ-та да тілдік тұтастықты
күшпен қалыптастырудың құралына айналды Кеңес Одағында да орыс тілінде іс жүргізу міндетті
болды. Мұның салдары қазіргі Қазақстанда ұлттық тілдердің қолданылу аясының тарлығынан
байқалады. Орыс тілі әлі де болса Қазақстан халқын тұтастандырушы, қоғамды тұрақтандырушы
роль атқарып келеді [7, 131]. Бірақ, қазақ ұлты ӛкілдері қазақ тілі мемлекеттік істерді жүргізуге
қолданылсын, қазақстандықтардың барлығы сӛйлейтін жалпықхалықтық тілге айналсын деген
талап қойып отырмыз. Қазір біз абсолютизм дәуіріндегідей немесе кеңестік тоталитарлық жүйе
кезіндегідей халықтарды белгілі бір тілге күштеп біріктіре алмаймыз.
Біз Қазақстан халқын тілдік бірлікке келтірудің мүмкін механизмдерін анықтау үшін
еліміздегі қазіргі тілдік ситуацияны талдай отырып, шетел тәжірибесін сараптауға тиіспіз.
Тұтасымен алғанда, қазақтар ӛздерін «әлемнің азаматтары», әлемдік қауымдастықтың бӛлігі деп
сезінеді, мәселенің маңызын жалпы ғаламдық ауқымда түсінеді, Қазақстанның жаһандану
үрдісіне қосылуын мойындайды және бұл қосылуды қажет деп табады. Яғни, үш тілді білу
дегеніміз - баянды болашағымыздың кепілі болады деп есептейміз.
Достарыңызбен бөлісу: |