Материалдары



Pdf көрінісі
бет57/57
Дата15.02.2017
өлшемі11,99 Mb.
#4144
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   57
 
Kaynakça 
1.  Williams, E., 1983. Communicative reading. In K. Johnson ve D. Porter (eds.), Perspectives in 
communicative language teaching. London: Academic Press, 171­188. 
2.  Johns, C. , Johns, T., 1978. Seminar discussion strategies. In Cowie and Heaton (eds.), English 
for academic purposes, BAAL. 
3.  Garza, T.J.,  1990. What you see  is  what you get...Or is  it? Bringing cultural literacy into the 
foreign  language  classroom  through  video.  In  J.E.  Alatis  (Ed.),  Georgetown  University  Roundtable  on 
Languages and Linguistics (pp. 285­292). Washington, DC: Georgetown University Press. 
4.  Galloway, V., 1998. Constructing cultural realities: “Facts” and frameworks of association. In 
J. Harper, M. Lively, & M. Williams (Eds). The coming of age of the profession (pp. 129­140). Boston: 
Heinle & Heinle. 
5.  Rings,  L.,  1986.  Authentic  language  and  authentic  conversational  texts.  Foreign  Language 
Annals, 19, 203­208. 
6.  Evans,  M.,  2009.  Foreign  Language  Learning  with  Digital  Technology.  Great  Britain: 
Continuum International Publishing Group.96 
7.  Gardner, D. , Miller, L., 2005. Establishing Self­Access: from theory to practice. Cambridge: 
Cambridge University Press.102­104 
8.  Mishan,  F.,  2005.  Designing  Authenticity  into  Language  Learning  Materials.  USA:  Intellect 
Books.2­14 
9.  Titone,  R.,  1968.  Teaching  Foreign  Languages:  An  historical  sketch.  Washington  D.C.: 
Georgetown University Press. 2 
10. Field,  J.,  2000.  Finding  One’s  Way  in  the  Fog:  listening  Strategies  and  Second­Language 
Learners. Modern English Teacher, 9/1, 29­34. 
11. Marks, J., 2000. Listening. English Teaching Professional, 16, 7­8. 
12. Guariento,  W.,  Marley,  J.,  2001.  Text  and  Task  Authenticity  in  the  EFL  Classroom.  ELT 
Journal, 55/4, 347­353. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

 
 
357 
 
 
3/4- СЕКЦИЯ 
 
«TOPICAL PROBLEMS OF LINGUISTICS AND TRANSLATION STUDIES» 
                 
 
ӘОЖ:82.02    
ЫБЫРАЙ АЛТЫНСАРИН ЖӘНЕ КӨРКЕМ АУДАРМА МӘСЕЛЕЛЕРІ 
 
Қанағат Асылбекқызы Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ, 2-курс студенті  
Ғылыми жетекші: Жандос Смағұлов, ф.ғ.д., профессор  
                                              
Түйін 
Мақала  Ыбырай  Алтынсарин  шығармашылығын  жаңаша  көзқараста  ғылыми  саралауға 
арналған.  Негізгі  зерттеу  нысанасы  ретінде  көркем  аударма  саласындағы  тәржімалық  шеберлігі 
мәселесі  алынған.    Ұлы  ағартушы­педагогтің  ұлттық  аударма  тарихындағы  әдеби  мұрасына  баға 
берілген.  
Кілт сөздер: ұлы ағартушы, аудармашы, педагог, қайраткер. 
 
Аннотация 
В  статье  дана  новая  научная  оценка  творчеству  Ыбырая  Алтынсарина.  Объектом 
исследования  является  переводческое  мастерство  Ы.Алтынсарина.  Дается  оценка  литературного 
наследия великого просветителя в русле художественного перевода. 
 
Annotation 
The paper presents a new scientific assessment of creativity Ybyray Altynsarin. Object of study is 
Y.Altynsarin  translation  skills.  Assesses  the  literary  heritage  of  the  great  educator  in  the  mainstream  of 
literary translation. 
 
Әр  халықтың  болашаққа  бет  алған  тарихи  даму  жолында  жарық  жұлдыздай  болып  бағыт­
бағдар  сілтеген,  сөйтіп,  сол  ұлттың,  халықтың  тарихында  есімдері  ерекше  аталатын  зор  тұлғалар 
болатыны  айқын.  Мәселен,  айта  кететін  болсақ,  есімдері  мен  еңбегі  баршаға  қымбатты, 
халқымыздың  тұңғыш  энциклопедист  ғалымы  Шоқан  Уәлиханов,  ұлы  кемеңгер  ақын  Абай 
Құнанбаев сынды жұлдызды есімдер.  
Аталған  екі  ұлы  есімді  өзінің  халқы  үшін  кешкен  азаматтық  ғұмыры,  атқарған  жарқын 
істерімен  бір­біріне  жалғастырып  тұрған  сахараның  және  бір  данышпаны  перзенті  бар,  ол  – 
тұңғыш ағартушы, педагог­жазушы Ыбырай Алтынсарин.  
Ыбырай Алтынсарин қазақтың киіз үйінде туып, өз елінің өкілі болып шығуымен қатар, тек 
қазақ  халқының  ғана  тіл,  өнер,  тарихи  мәдениет  ерекшеліктерінің  көлемінде  қалған  жоқ,  туысы 
қазақ  болса  да,  бұлардың  өрісі,  өсуі  басқаша.  Ол  өзінен  бұрынғы  қазақ  баласы  бармаған  орыс 
өлкесіне жетті. Сол барысында шыңы шұрайлы, анық асыл қазына тапты. Ол – ұлы орыс халқының 
бүкіл  дүние  мәдениетіне  үлгі  шашқан  нұр  қазынасы  еді...  Ыбырай  орыстың  мәдениет  мектебін 
танымаса,  Ушинский  бастаған  жаңалықтарды  білмесе,  орыстың  адамгершіл,  прогресшіл 
классикалық әдебиетінің нәрінен қорек алмаса, Ыбырай болмас еді.  
Ұлы  ағартушы  1841  жылы  20  қазанда  Торғай  облысы,  Николаевск  уезінің  қазіргі  Қостанай 
облысында  дүниеге  келген.  Әкесі  қайтыс  болғаннан  кейін  сәби  Ыбырайдың  тәрбиесі  атасы  – 
Балғожа бидің қолына көшеді, сөйтіп болашақ ақынның бүкіл балалық шағы осы үлкен атасының 
тәрбиесінде  өтеді.  Ыбырай  Алтынсарин  ұлы  қазақ  тарихының  белгілі  дәуіріндегі  жаңалыққа 
бастаған тарихи еңбегі бар кісі.  
Қазақ халқы өзінің дарынды ұлының қызметі мен шығармашылығын бағалай білетін. Осыған 
байланысты  ол  жөнінде  көптеген  кітаптар  жазылып,  мақалалар  жарияланды.  Бұлардың  ішінен 

 
 
358 
 
М.Әуезов,  С.Мұқанов,  Қ.Жұмалиев,  Т.Тәжібаев,  Ә.Сыздықов,  М.  И.  Фетисов,  М.Эфиров, 
Ә.Дербісалиннің еңбектерін ерекше атап кеткен жөн.  
1884 жылы «Оренбургский листок» газетінде Ыбырайдың шәкірттері мен ізбасарлары жазған 
мақалада былай делінген: «Біздерге, көшпенділер үшін Ы.Алтынсарин қандай қымбат болса, оның 
шығармалары да сондай қымбат, мұны Россияда зиялы әдебиеттің қандай роль атқарғанын білетін 
адам  ғана  түсіне  алады.  Біз  Алтынсаринмен  бүтіндей  бір  халықтың,  оның  бүкіл  өмірінің  ақыл­
ойын, рухын,  мінез­құлқын бейнесін көреміз.  Олар Ыбырай Алтынсаринді қазақтың Ломоносовы 
дейтін еді [1, 51б].  
Ыбырай  мұғалімдер  жөнінде  өте  жоғары  пікірде  болды.  Өзінің  архивте  сақталған  1882 
жылдың  29  шілдесіндегі  хатында:  «дүниедегі  ең  қымбатты  адам  –  халық  мұғалімі,  оқытушы  – 
мектептің  шешуші  күші»  деп  жазды.  [1,  64б].  Жалпы  алғанда,  ағартушы  ұстаздың  өмірі  мен 
шығармашылығы жөнінде көптеген ғалымдар мен ақын­жазушылар ғылыми еңбектер жазып, оның 
педагогтік, ағартушылық және жазушылық қызметтерін аса жоғары бағалаған болатын. Солардың 
бірі  –  заманымыздың  заңғар  жазушысы  М.О.Әуезов.  Ол  бір  кезде  Ы.Алтынсарин  туралы  былай 
деп жазған болатын: «Орыстың классик әдебиетінің әсерін қазақтың екінші бір ағартушы – ақыны 
және  педагогі  Ы.Алтынсариннің  творчествосынан  да  анық  көруге  болады.  Орыс  мәдениетін 
игеруге  шақыру,  жергілікті  орыс­қазақ  мектептері  арқылы  орыс  классиктерінің  шығармаларымен 
таныстыру, Шығыс схоластикасы мен православие дінінің ықпалынан мектептердегі оқу ісін азат 
ету  –  орыс  реалистерінің  жолын  қуушы  Ыбырай  Алтынсариннің  поэзиясы  мен  прозасындағы 
негізгі  сарын  еді.  Балалар  үшін,  тіпті  қазақ  қыздары  үшін  де  білім  беретін  мектеп  ашқан  батыл 
реформаттар  өзінің  творчестволық  және  қоғамдық  қызметімен  орыс  оқуының  программасын 
жүзеге  асырды.  Оның  еңбегі  тұтас  алғанда,  сол  кездегі  Россияның  шеткі  ұлт  аймақтары  үшін 
прогрестік мәні болғаны сөзсіз»[1, 112б].  
Ал  қазақтың  екінші  бір  көрнекті  оқымыстысы,  академик  Қ.Жұмалиев  өзінің  Ы.Алтынсарин 
туралы жазған ғылыми еңбектерінде оның ағартушылық, педагогтік және жазушылық қызметтерін 
жоғары бағалай келіп:  «Алтынсариннің өз халқын оқуға,  өнерге үндеуі, надандыққа, зұлымдыққа 
қарсы  шығуы,  сол  кезде  әлеумет  өміріндегі  теңсіздіктің  бетін  ашып,  өмір  шындығын  көрсетуі, 
жастарды жақсылыққа, адамгершілікке тәрбиелеуі – оның творчествосының халықтық жағы десек, 
қазақтың қазіргі ержеткен проза  жанрының және балалар  әдебиетінің ең алғашқы негізін салушы 
болды»[1, 113б].  
Міне  Ы.Алтынсаринге  берілген  осы  екі  бағаның  өзінен­ақ  оның  ағартушылық  және  әдеби 
қызметтерінің  қазақ  қоғамы  үшін  қандай  зор  мәні  болғанын  анық  түсінуге  болады.  Осы  арада 
ескере  өтетін  бір  жай  –  Ыбырайдың  ғылым­білім  мен  озық  мәдениеттің  көзін  басқа  жақтардан 
іздемей,  тап  басып,  ешқандай  іркіліссіз  орыс  қауымынан  іздеуі және  бұл  қадамына  өз  тарапынан 
дәйекті түсініктеме беруі оның орыстың озық ой­пікірлері негізінде тәрбиеленіп өскенін ашықтан­
ашық  таныта  түседі.  Ағартушының  орыс  әдебиетінен  жасаған  аудармалары  да  сол  прогресшіл 
бағыттың  нәтижесі  еді.  Халықты  сауаттандыру,  сана­сезімін  ояту,  рухани  өмірін  дамыта  түсу 
мақсаттарында  жазған  хрестоматиясында  Ыбырай  орыс  тіліндегі  әртүрлі  оқулықтардан  сырттай 
үлгі  алумен  ғана  тынған  жоқ.  Осы  іздену  үстінде  ол  орыс  мәдениетінің  қазақ  арасына  үлкен 
арнамен  келіп,  тезірек  сіңісуіне  тың  жол  ашты;  орыстың  алдыңғы  қатардағы  жазушылары  мен 
үлкен  ойшылдарының,  ағартушылары  мен  педагогтерінің  еңбектерін  қазақ  даласына  алып  келді; 
оларды қазақ тіліне аударып, дала өмі

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   57




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет