Грамматикалық тапсырма: І-деңгей. 1.Мәтінге тақырып қой.
2. «Жарғанат» сөзінде үгдестіктің қай қай түрі бар ?
ІІ-деңгей. 3. 3-сөйлемді сөйлем мүшелеріне талдау.
4.Мәтіндегі негізгі ойды анықта,оны жаз.
ІІІ-деңгей. 5.Мәтіннен біріккен сөздерді теріп жаз.
6. «Қалың» деген сөзді тіркестіре отырып,синонимдік қатар құра.
Бағалау критериясы: Сауат ашу: Грамматикалық тапсырма: «5»-1 жеңіл қатеге. 1-деңгей «3»
«4»-2ор.2пунк.немесе 1-2деңгей «4»
1орфог.3пункт. 1-3деңгей «5»
«3»-3-4орфог.4пункт.
«2»-5-8орфог.
Қазақ тілі. 4 сынып. Мазмұндама. Мақсаты: оқушыларды мәтін мазмұнын рет-ретімен дұрыс баяндап жазуға төсілдіру.
-жоспар бойынша сөздерді қолдану қабілеттерін дамыту.
-мейірімділікке тәрбиелеу.
Аналық жүрек. Күздің суық бір күні болатын.Мектептен қайтып келе жатыр едім.Үй алдындағы қора ішінен мияулаған мысық баласының әлсіз дауысы естілді.Көмек сұраған тәрізді.Жақындап қора ішіне үңіліп қарадым.Ол мысықтың баласы екен.Өзі өте кішкентай екен.
Оның әлі өздігінен тамақтана алмайтыны көрініп тұр.Аяп,үйге алып келдім.Үйде өзімнің мысығым бар болатын.Ол өте сүйкімді болатын.Оның жүні үлпілдек мамықтай болғандықтан «Мамық» деп атаушы едім.Әкелген бала мысығымды «Мамықтың» бауырына салдым.Ол жатсынбай,өз баласындай жақсы көріп кетті.Мен «Мамықты» бала мысықты өзгенің баласы деп жатсынбай,еміренген аналық жүрегіне қайран қалдым.
Түсіндірілетін сөздер мен сөз тіркестері: аналық жүрек,үлпілдек,мамықтай,
жатсынбай,еміренген.
Мазмұндама жоспары: 1.Мысықтың кішкентай баласымен кездесуі.
2.Үйге алып келуі.
3. «Мамықтың» бауырына салуы.
4. «Мамықтың» бала мысыққа еміренуі.
Қазақ тілі. 4 сынып. Мазмұндама. Мақсаты: -жоспар бойынша мәтін мазмұнын рет-ретімен дұрыс баяндап жазуға төсілдіру,мейірімділікке,қамқорлыққа баулу.