Диктант жұмысы. Мақсаты: оқушылардың қазақ тілінен білім,білік дағдыларының меңгеруінің бағыттық нәтижесін зерттеу.
Жауын. Өзеннің арғы жағынан үлкен қара бұлт көтерілді.Жарты аспанды бүркеп қалды.Күн күркіреді.Құйын соғып өтті.Бұтақтардан үзілген жапырақтар алаңқайдың үстіне айран-асыр үйіліп кетті.
Алғашқы ауыр тамшылар да сіркіреді.Найзағай жарқылдап,күн күркіреді.Жауын ағыл-тегіл құйын кетті.
Ормандағы бүрі қалың,бұтақты шыршаны паналап тұру да рақат.Шыршаның панасы жанға жайлы,құп-құрғақ.
Грамматикалық тапсырмалар: 1.Сөз құрамына қарай талдау:
Өзеннің, бұтақтардан, жапырақтар.
2.Фонетикалық талдау: жауын.
3.Сөйлем мүшелеріне қарай талдау:
Жауын ағыл-тегіл құйып кетті.
Бағалау критериясы: Сауат ашу: Грамматикалық тапсырма: «5»-1 жеңіл қатеге. 1-деңгей «3»
«4»-2ор.2пунк.немесе 1-2деңгей «4»
1орфог.3пункт. 1-3деңгей «5»
«3»-3-4орфог.4пункт.
«2»-5-8орфог.
Қазақ тілі. 4 сынып. Жат жазу. Мақсаты: оқушылардың қазақ тілінен білім,білік дағдыларының меңгеруінің бағыттық нәтижесін зерттеу.
Ақбөкендер. Қысқы жайылымнан мың шақырым Сарыарқаға ақбөкендердің бір шағын тобы келіпті.
Ақбөкендер шағын-шағын үйірмен таңертең және кешке жайылады.Ал күн қызған кезде көбінесе жатады.Ақбөкендер бір орында қимылсыз ұзақ жатпайды.Олар орындарынан көтеріліп,он-он бес минут тұрады да,қайтадан жату үшін жаңа орынға ауысады.Осылайша олар өздерін ыстықтан қорғайды.
Ақбөкендер сексеуіл мен бұталы құмға қарай беттесе,жақында боран болады екен.
Бораннан бір күн бұрын ақбөкендер паналайтын жер іздейді.Олар ауа райының бұзылатынын алдын ала сезеді.
Грамматикалық тапсырмалар: І-деңгей. 1.Мәтіннің қай түрі.
2. 2-ші сөйлемдегі зат есім қай септікте тұр ?
3.Қарсы мәндес сөздерді тап.
ІІ-деңгей. 4.Мәтінге жоспар құр.
ІІІ-деңгей. 5.Қос сөздерді теріп жаз.