Түсіндірілетін сөздер мен сөз тіркестері: Орал уезінен,Редько деген орыс,
апорт,сорт.
Мазмұндама жоспары: 1.Алматыға кім көшіп келді ?
2.Ол құмыраға отырғызып не әкелді ?
3.Жаңа қоныста ағаш қандай жеміс берді ?
4.Басқа жерде апорттың бұл түрі өсе ме ?
5.Сендер Алматы апортын жеп көрдіңдер ме ?
Ана тілі. 4 сынып. Мазмұндама. Мақсаты; мәтінді түсінігі бойынша жазуға дағдыландыру;
-сауатты,көркем жазуға үйрету;
-еңбекқорлыққа тәрбиелеу.
Түнгі шайқас. Түн.Қараңғылық қоюлана түскен шақ.Жапалақтап қар жауып тұр.Колхоздың озат жылқышысы Қасен қарт үйірлі жылқыны түнгі тебінге айдап шыққан.
Жылқылар кенет үріккендей болды.Қасен сескеніп қалды.Мылтығын оқтай салып,
Жылқының үріккен шетіне қарай шапты.Жеті қасқыр жылысып келе жатыр.
Жыртқыштар үйірге таянып қалыпты.Жағдай қиын,өйткені,қасқыр жетеу,ал Қасен-
нің оғы үшеу-ақ.Халықтың малын бұдан қалай құтқарып алу керек ?Қасен не де болса бар қаруымен,бар оғымен қайрат көрсетуге бекінді.Қасқырлардың алдында келе жатқан арлан қасқырдың дәл маңдайынан тигізіп қалпақтай ұшырды.Қалған бесеуі бөлтіріктер екен.Олар қашып кетті.Жылқыларды аман алып қалғаны үшін Қасенге сыйлық берілді.
Түсіндірілетін сөздер мен сөз тіркестері: қоюлана түсу,жапалақтап,үйірілі жылқы,түнгі тебінге,арлан бөрі,қалпақтай ұшты.
Мазмұндама жоспары: 1.Қасен қарттың үйірлі жылқыны түнгі тебінге алып шығуы.
2.Жылқының қасқырмен бетпе-бет кездесуі.
3.Қасқырды айламен атуы.
4.Қасқырдың бөлтіріктерінің қашуы.
5.Қасеннің сыйлық алуы.
Ана тілі. 4 сынып. Мазмұндама. Мақсаты: мәтін мазмұнын рет-ретімен баяндауға машықтандыру;
-сөздік қорын,сауаттылығын дамыту;
-дүниетанымын қалыптастыру.
Еділбай қойы. Ерте кезде Каспий теңізінің жағасында Еділбай деген жас қойшы болады.Ол бала күнінде күнде әкесімен бірге бетпақ далада қой жайысады.
Қойларының денесі кішкентай,жүні аз,еті татымсыздау екен.Бір күндерде қойларының ішінен салмағы сегіз пұттық,үлкен құйрықты қойлар кездеседі.Тегі,
басқа бір жерден адасып келіп қосылса керек.Еділбай бұл қойларды жеке бағады.
Қойлар тез көбейе бастайды.Кейіннен бүкіл Қазақстанға тарайды.
Оны халық «Еділбай қойы» деп атап кетеді.Қазақы тұқымды Еділбай қойы шөлейт далаларда қыс бойы қар астындағы шөпті теуіп жейді.Бұларға шөпті көп жинаудың қажеті жоқ.Құйрығының өзі он-он бес килограмм тартады.Саулықтары көбінесе егіз қозы табады.Мал шаруашылығы үшін Еділбай қойының маңызы зор.
Түсіндірілетін сөздер мен сөз тіркестері: бетпақ дала,татымсыздау,сегіз пұттық,
қазақы тұқымды,шөлейт,саулықтары,егіз қозы.
Мазмұндама жоспары: 1.Еділбай деген қойшы қай теңіздің жағасында тұрған ?
2.Ол бала күнінде күнде не істеген ?
3.Қойлары қандай болған ?
4.Өз қойларына қандай қойлар қосылып кетеді ?
5.Еділбай қойларды қалай бағады ?
6.Кейіннен қой тұқымы қайда тарайды ?
7.Оны қалай деп атап кетеді ?
8.Саулықтары қанша қозы табады ?
9.Еділбай қойының мал шаруашылығы үшін маңызы қандай ?