Түсіндірілетін сөздер мен сөз тіркестері: қаужалап,шұжығымен,қуалай жөнелді.
Мазмұндама жоспары: 1.Көңілді екі дос.
2.Ақ тоқаш пен шұжық.
3.Жол жиегінде «доп» болған нан.
4.Қажыкеннің ақылы.
Ана тілі. 4 сынып. Мазмұндама. Мақсаты: жоспар бойынша мәтін мазмұныны,түсінгенін сауатты жазуға үйрету;
-сөздік қорын дамыту;
-қызығушылығын арттыру.
Алтын адам. Астанада мұражайлардың түр-түрі бар.Балалар мұражайларды аралап,көп қызықтады,әсіресе археология мұражайына жасалған экскурсия оларға қатты ұнады.
Мұражайдағы экспонаттар қазіргі Қазақстан жерінде ерте замандарда қандай тайпалар мекендегенін білдіреді.Археологтар табылған еңбек құралдары,ыдыстар,
әшекей бұйымдарға қарап біздің ата-бабаларымыз қалай өмір сүріп,немен шұғылданғандарын анықтап отыр.Балалар бір экспонаттың жанынан көпке дейін кетпеді.Онда жас ханзада-сақ жауынгерінің бастан-аяқ әдіптелген киімі қойылған.
Оның дулығасы мен кіреуке сауытын көне зергер аңдардың,құстардың,ағаштардың,
таулардың суретін бейнелеп жасаған алтын табақшалармен әшекейленген.
Осы жауынгер киімі Есік қорғанында екі мың жылдан астам уақыт жатса да,күні бүгінге дейін жақсы сақталған.
Түсіндірілетін сөздер мен сөз тіркестері: археология мұражайы,экспонаттар,тайпа-лар жас ханзада-сақ жауынгері,әдіптелген,дулығасы,
кіреуке сауытын,көне зергер,Есік қорғаны.
Мазмұндама жоспары: 1.Балаларға қандай экскурсия ұнады ?
2.Мұржайдағы экспонаттар нені білдіреді ?
3.Қазақстан археологиясы нені анықтады ?
4.Балалар қай экспонаттың жанында ұзақ тұрды ?
5.Онда кімнің киімі қойылған ?
Ана тілі. 4 сынып. Мазмұндама. Мақсаты: жоспар бойынша мәтінді ретімен жазуға төсілдіру;
-сауатты жазуға үйрету;сөздік қорын дамыту;
-білім-білік дағдыны қалыптастыру.
Алматы апорты. Алматы апортының өзіндік тарихы бар.Өткен ғасырдың орта шамасында Алматыға Орал уезінен Редько деген шаруа көшіп келді.Ол от-арбамен Алматыға бір жыл жол жүріп жеткен екен.Ол Оралда апорт алмасын өсірген.Соның бір жаз бұтағын құмыраға отырғызып,баптап-күтіп ала келеді.Алматы жеріне отырғызады.
Әлгі бұтақ аз жыл ішінде үлкен алма ағашына айналып,жеміс береді.Бір ғажабы,жаңа қонысында біл апорт көлемі мен дәмі жағынан өзінің ата-мекеніндегі күйінен әлдеқайда асып түседі.Сөйтіп,ойда жоқта апорттың жаңа сорты пайда болып,көбейтілді.Жер шарында Алматыдан басқа жерде мұндай апорт түрі өспейді.