Мазмұндама Кіріспе І. Күрделі етістіктің жалпы теориялық мәселелері



бет2/10
Дата09.05.2022
өлшемі87,4 Kb.
#33433
түріМазмұндама
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Кіріспе

Қазақ тіл білімінде күрделі етістіктерді арнайы зерттеген Н. Оралбаева мен оның шәкірті Б. Қасымова/20/ , Н. Оралбаева күрделі сөздерге байланысты өзінің докторлық диссертациясында етістіктің аналитикалық формасында сөз болған. Мәселелерді талқылауда аналитикалық етістіктерден күрделі етістіктерді ажырату мақсатында күрделі етістіктерге тоқталынады. Күрделі етістіктің жасалуына оның жеке сыңарлары бірдей қатысады. Бұлардың да құрамындағы сыңарлары- толық мағыналы етістіктер. «Күрделі етістіктің сыңарлары бірінен соң бірі жалғасатын екі қимылды білдірсе, ондай сыңарларды құрмалас сөйлемнің дара баяндауышы ретінде алып, сол ойды сақтауға болады». Ал, докторлық диссертациясында аналитикалық формалары мен күрделі етістіктіктерді ажыратып «Анализ факторов казахского языка показывает что в составе сложных до сих пор рассмотривались разное языковые явления. Например: 1) сложный глагол: келіп кет, айтып бар; 2) Составной глагол: жәрдем ет, қызмет қыл; 3) Устойчивые словосочитания: жүрек жұтқан, көзі ашылу, жүрек жалғау; 4) Аналические формы глаголы: ала бер, келе сал».

Н. Оралбаеваның жоғарыдағы пікіріне қосылуға болады, кей пікіріне екі түбір сөзден жасалынатын сөздерді түсінсек, онда олардың бәрін күрделі деуге болады. Осы мағынадағы сөздерді А. Ысқақов, И. Е. Маманов, Кононов/18/, Н. А. Баскаков та күрделі сөздерді бір категорияда жинақтаған. Бұл жерде бір қағида еске алынбаған сияқты сөз деген тек аналитикалық категория болып саналынбайды, олар лексика-грамматикалық категория болып саналады. Демек сөздерді топтастырғанда граматикалық қасиетін де есепке алу керек.

Аналитикалық форма мен етістіктің байланысы көп болса да, айырмашылығы да бар. Ол – семантикасы. Біріншісі сөздерден жаңа сөз жасайтын сөзжасам категориясы болса, екінші тобы сөздерден жаңа сөз жасамайды, тек өзі тіркескен сөздерге граматикалық мағына қосып, сөз түрленуші формаларға жуық мағына қосады. Дегенмен, айта салды, айтып келді, құлап қала жаздады дегендер бір сөз емес, екі не үш сөзден құрастырылған лексикалық бірлік. Ал, күрделі етістіктер мен құраса күрделі етістіктерді жеке түр етіп бөліп алуға негіз жоқ дейді. Екеуі де жаңа сөз жасайды, демек сөз тудырудың аналитикалық формасы. Күрделі етістіктіктерді толығырақ зерттеген еңбек - 1989 жылы жарияланған «Қазіргі қазақ тілінің сөзжасам жүйесі» деген кітап. Біз қызыққан проблемаларға тереңірек үніледі. Олар сөзжасамның синтетикалық және аналитикалық жолмен жасалынады дей отырып, аналитикалық сөздердің өзі түрлі топтардан тұрады. Олардың біріккен сөздер, кіріккен сөздер, қоса сөз, қысқарған сөз, күрделі сөздерді атауға болады», - деп атап көрсетеді. (Аталған еңбектің 29,82 беттерінде).

Бөлімнің авторы Н. Оралбаева аналитикалық сөз деген терминді қолданады да»Аналитикалық сөздің мағынасы оның құрамындағы сыңарлардың мағыналарынан жасалады, бірақ екі сыңарындағы сөздердің әрқайсысының жеке тұрғандағы мағынасы мен сай келе алмайды «,- деп түйін жасайды. Бірақ жаңа пайда болған мағына қандай болған?

Екінші бір пікірі: «Әр аналитикалық сөз екі сыңардан тұратындықтан, ол сыңарлардың бірінің мағынасы жаңа лексикалық мағынасын жасауда басым, екінші саған деуге болмайды, өйткені бір лексикалық сөз жасаған екі сыңардың күрделі сөздің лексикалық мағынасын жасауға қатысы тең». Біздің автордың бұл пікірі барлық күрделі сөздерге тиісті емес сияқты. Күрделі етістіктің лексикалық мағыналарын талдауды басқа бөлімдерде жалғастырады. Біз олардың қаншалықты бізге қатысты болу, болмауы туралы басқа бөлімдерде сөз қыламыз. Тек жоғарыда айтылған пікірге байланысты салыстырып: Күрделі етістіктің компоненттері дара қалғанында да, басқа күрделі етістіктің құрамында да бір мағынаны білдіреді. Мысалы, алып кел деген күрделі етістіктің компоненттері дара ал, кел етістіктерінен басқа мағынада деп айтуға келмейді. Ал, кел дара қимылды білдірсе, алып кел дегенде бірінен соң бірі іле-шала жасалынатын біртұтас күрделі қимыл болып тұр. Бұлардың әрқайсысы басқа күрделі етістіктіктерімен алсақ та сол мағына сақталады: алып кел, барып кел, көріп кел, айтып кел т.б Айтылған пікір дұрыс. Ал, бірінші пікірлерге басқаша көзқараста болу керек. Демек, бұл мәселені яғни семантиканы арнайы зерттеу қажет.

Б. Қасымова арнайы зерттеу объектісіне күрделі етістіктіктерді алған. Біздіңше Н. Оралбаеваның пікірін толық қолдай отырып, өз пікірін толық айтқан.. Себебі, күрделі етістіктің зерттелуін алып тастаса, онда бұрын айтылған пікірлерді өз тілімен қайталау ғана болып шығады. Соңғы жиырма жыл ішінде түркі тілдеріндегі күрделі етістіктіктерді зерттеген төрт диссертациялық еңбек қорғалынды.

Қазақ тіліндегі, жалпы түркі тілдеріндегі күрделі сөздерді зерттеу тарихына байланысты қысқаша шолуларды қорытынды жасай отырып, мынадай пікірге келуге болады.

Бірінші күрделі сөздер жалпы түркі тілінде, сондай-ақ қазақ тілінде де бірнеше ғалым-тілшілердің зерттеу объектісі болған.

Мысалы, А. А. Қазан-Бек, Алтай тілі грамматикасының авторлары, П. М. Мелиоранский, А. Н. Кононов, В. А. Гордлевский, Н. А. Баскаков, Н. Т. Сауранбаев, Қ. Жұбанов, А. Ысқақов, Н. Оралбаева тағы басқа.

Күрделі сөздер, солардың бірі ретінде күрделі етістіктіктерді талдауға әрекет еткен ғалымдар А. Н. Кононов пен Н. А. Баскаков арнайы күрделі сөздерге байланысты зерттеу еңбектерін жазбаған, тек оқулықтың талабымен байланысты пікір айтқан.

Түркі тіл білімінің дамуына белгілі бағыт берген ғалым Н. А. Баскаков та күрделі сөздерге, әсіресе, күрделі етістіктерге көп көңіл бөлген. Ол қарақалпақ грамматикасын арнайы зерттеген түбегейлі еңбегінде күрделі етістік (сложные глаголы) деудің орнына құранды етістік (составные глаголы) деген терминді қолданған.

А. Н. Кононов сияқты құрама күрделі етістіктермен аналитикалық форма арқылы жасалынған етістіктерді күрделі етістіктіктердің құрамына қосқан. Оның түрік тіліне байланысты жазған алғашқы оқулығында-ақ күрделі етістікке арнайы беттер беріп, ондай етістіктердің қолданылатындығын мойындайды. Бұл оқулық 1956 жылы толықтырылып, қайта баспадан шағарылды. Онда күрделі етістіктіктерді жеке бөлгенімен, оларды аналитикалық түрлер (глаголы аналитические типа) деп көрсетеді. Қазіргі тәжірибесінде аналитикалық етістіктерді А. Н. Кононовтан басқаша түсіндіреді. Бірақ А. Н. Кононов аналитикалық етістіктерді «Глаголы образованные аналитическими способом-это составные (сложные) глаголы, состоящие из имени вспомогательный глаголы»- деп көрсетеді. Келесі бір көлемді еңбегі «Өзбек тілі грамматикасы». Бұл кітапта күрделі етістіктіктерді бөліп беріп, «Сложные глаголы (или глагола аналитического типология ) лексика- синтаксический комплекс, состоящие из лексической глагола образующий элемент в качестве которого выступают глагол қиммақ//этмоқ//очень редко делать// белмоқ// делаться, становиться»- деп анықтайды. Демек, Кононов күрделі етістіктің бар екендігін мойындайды, берілген анықтамалар мен келтірілген мысалдарды салыстырсақ, онда күрделі етістіктіктердің екі түрінің бар екенін мойындаған. Бірінші есім сөздер мен көмекші етістіктіктердің тіркесуімен келетін (құрама) күрделі етістіктіктерді, екіншіден, толық мағыналы етістіктер мен көмекші етістіктіктердің тіркесі арқылы жасалынған етістіктерді (аналитикалық формалар) күрделі етістік деп есептеген. Алғашқы екі еңбектен кейін жарық көрген еңбегінде күрделі етістіктің қосымша бір үшінші үлгісі ретінде, тұрақты тіркестер арқылы жасалынған күрделі есімдіктер деп бөліп көрсеткен.

Соңғы кездерде түрік тілдеріндегі етістіктер туралы да зерттелуінен басталады. Жалпы тіл білімінің барлық саласы бірдей дамығанымен тіл білімінің тарихына байланысты ерекше көңіл бөлген және олардың зерттелуіне игі әсер еткен. Тек 70-жылдардан бастап синхронды грамматика бойынша ғылыми еңбек жария етіле бастады. Сондықтан Ж. Денидің салған жолынан сәл ауытқып, жаңа бағытқа бет бұрылған еңбектерде ғана олардың грамматикасында жаңа терминдер қолданылып, жаңа проблемаларға көңіл бөлген. Солардың бірі ретінде, күрделі сөздер мен көмекші етістіктермен байланысты әрі күрделі етістіктер туралы пікір айтылған. Көп уақыттан бері Ж. Денидің еңбегі, тіпті күні бүгінге дейін, түркі тілшілерінің негізгі оқулығы болып саналған.

Ахмет Биджан Эрджиасуан «Құдатғу білік» дастанының етістіктерін зерттеген көлемді еңбегін жариялаған. Оның 35 беттік көлемінде күрделі етістіктерге арнаған. Күрделі етістіктер екіге бөлінеді: 1) бір есім сөз, екіншісі етістіктен (есім-етістік) құралған күрделі етістіктер; 2) екі сыңары да етістіктен болған. (ет+етістік) күрделі етістіктіктер деп бөлген, бірақ күрделі етістіктіктерге байланысты теориялық мәселелерге талдау жасамаған. Бірінші топта ол (болу), кіІ-(қылу), tut-(тұту) сияқты етістіктен тұратын күрделі етістіктіктер туралы айтқан кезде.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет