Мазмұндама Кіріспе І. Күрделі етістіктің жалпы теориялық мәселелері


Күрделі етістіктер сөйлемде дара сөздер сияқты түрленеді. Сөз түрлендіруші көрсеткіштер күрделі етістік біткен соң жалғанады. 5



бет5/10
Дата09.05.2022
өлшемі87,4 Kb.
#33433
түріМазмұндама
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
4 Күрделі етістіктер сөйлемде дара сөздер сияқты түрленеді. Сөз түрлендіруші көрсеткіштер күрделі етістік біткен соң жалғанады.

5 Күрделі етістіктің сыңарларының арасында басқа сөздер тұра алмайды. Мысалы, Омбы қаласына бүгін іңір қараңғысында келіп еді (Ғ. Мүсірепов). Сатыпалды ертеңіне атпен ферма орталығына жүріп кеткен (Қ. Жұмаділов). Бүркіт браунигті қайтып берді (І. Есенберлин). Келіп кірлі, жүріп кеткен, қайтып берді- күрделі баяндауыштар. Күрделі етістік бір сөзжасам арқылы жасалған сөз болғандықтан, оның сыңарлары бір сөзді жасаушы құрал болған соң, бір сөздің ортасын жарып қосымша қосылу сияқты заңдылық тілімізде жоқ. Сондықтан күрделі етістіктің арасына басқа сөз кіре алмайды.

6 күрделі етістіктің құрамы тұрақты, әр уакытта бір құрамда қолданылады, оның сыңарларының орнын ауыстыруға болмайды. Олар инверсияға түспейді: алып кет, жүріп кет, беріп қайт, көріп кел, жазып бер, сатып бер, айтып ал, сұрап ал, айта бар, ала бар т.б. Мысалы: кабинетке әнеукүнгі әдемі хатшы қыз бірге еріп келген (І. Есенберлин). Шеген театр маңайын екі рет айналып келді (Ғ. Мүсірепов).

7 күрделі етістікке бір ғана екпін түседі, ол түсінікті. Бұл да сөздің қасиеттімен байланысты, тілде бір сөзге екпін түседі. Мысалы: бала, базар, кел, айт, малшы, сұлы, көрме тағы басқа. Сол сияқты күрделі етістік те бір екпінмен айтылады. Мысалы: қара ала, қырық буын (өсімдік), келіп кет, алып бер т.б Бұл да күрделі етістіктің негізгі қасиеті, белгісі болып саналады. Мысалы: бір уакытта үлкен үйдің қара ала төбеті оңашада бұны алып соғып, көп езгіледі (М. Әуезов. Ал алқапты сүйредік, қырықбуын, ебелек, аңқаудан басты (Мәуленов).



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет