Мазмұндама Кіріспе І. Күрделі етістіктің жалпы теориялық мәселелері



бет9/10
Дата09.05.2022
өлшемі87,4 Kb.
#33433
түріМазмұндама
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Қорытынды

Қорыта келе айтқанда, күрделі етістік және оның құрамында қаралып келген етістіктің аналитикалық форманттары түркі тіл білімінде де, қазақ тіл білімінде де ғылыми тұрғыдан анықталып, нақты тұжырым жасалған тілдік категория.

Күрделі етістік тілдің сөзжасам құбылысына жататын белгі сөзжасамдық үлгі арқылы жасалып күрделі қимылды білдіретін лексикалық бірліктер.

Күрделі етістіктің өзіндік ерекшеліктері, нақтылы жасалу үлгісі, белгілері бар. Күрделі етістіктің сыңарлары лексикалық мағына беруі үшін бір-бірімен тіркеседі; екі сыңары да лексикалық мағынаның жасалуына өз үлесін қосады. Мысалы, алып бар, кіріп шық, алып кел, көре кел. Бұл күрделі етістіктің сыңарлары лексикалық мағына жасаушы сөзжасамдық тұлға қызметін атқарып яғни сыңарларының толық лексикалық мағыналарының болуы. 2 сынып оқулығында күрделі етістіктің берілген мазмұны. Етістіктердің дара және күрделі түрі болады. Күрделі етістік екі, үш сөзден құралады: оқып отыр, көріп жүр, күліп келе жатыр.

Ал 6 сынып оқулығында берілуі. Етістіктің құрамына қарай дара және күрделі етістік болып екіге бөлінеді.Екі не одан да көп сөзден құралып, бір мағынаны білдіріп, бір сұраққа жауап беріп, сөйлемнің бір ғана мүшесі қызметін атқаратын етістіктер күрделі етістіктер деп аталады. Мысалы: ауылдағы қосақтағы қойлар маңырап жатыр екен (М. Әуезов). Бір кішкентай қыз әкесінің шапанын жамап отыр екен.(Ы. Алтынсарин). Бұл сөйлемдерден маңырап жатыр екен (қойлар қайткен?), жамап отыр екен(қыз не істеген). Олар бір ғана лексикалық мағынаны (маңырау, жамау) білдіреді, бір сұраққа жауап береді, сөйлемнің бір ғана мүшесі болады. Әдетте күрделі етістіктердің құрамындағы бірінші етістік негізгі етістік болады да, негізгі мағынаны сол білдіреді, кейінгісі көмекші етістік болады. Бұл берілген тұжырым аналитикалық форманды етістікке берілген нақты тұжырым да жасалынған пікіпікірін сай келеді. Өйткені күрделі етістік болу үшін құрамындағы екі сыңарларының толық лексикалы мағыналы болуы тиіс. Аналитикалық формалы етістік негізгі және көмекші еетістіктен тұрады. Яғни бұл ғылымда дәлелденген нақты тұжырым деп айтуға болады.

Біз мектепке практикаға барғанда осы айтылған яғни күрделі етістік пен формалы етістікті ажыратып, екі тілдік құбылыс ретінде қарастыру мақсатында көптеген тәжірибелер жүргіздік. Теориясын айта отырып жаттығулар ( сөйлеу және тілдік) , ойындар түсіндіре білдік. Сөйлеу жаттығулары оқушылардың, дүниетаным, тіл байлығын, шыүармашылығын арттыра түссе, тілдік жаттығулар тақырыпты қаншалықты түсіндіргенің көрсетіп жатты.Нәтижесінде оқушыларға күрделі етістік пен аналитикалық формалы етістікті ажырату қиынға соққан жоқ. Оқушылар жақсы қабылдап, түсінді. Бұдан келетін қорытынды егер мектеп бағдарламасына енетін болса,оларды ажырату да қиындық болмайтынынакөзіміз жетті.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет