Мазмұндама Кіріспе І. Күрделі етістіктің жалпы теориялық мәселелері


Күрделі етістіктік өзіндік белгілерін көрсетіп оның сөздің танылу белгілеріне сәйкестігін анықтау керек



бет4/10
Дата09.05.2022
өлшемі87,4 Kb.
#33433
түріМазмұндама
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Күрделі етістіктік өзіндік белгілерін көрсетіп оның сөздің танылу белгілеріне сәйкестігін анықтау керек.

1 Күрделі етістік біртұтас лексикалық мағына береді. Мысалы: Осы кезде шай жиылған және Мағаштың әлдебір кезде «ағам тұрып, шайын болды ма екен, біліп кет», - деп жіберген жолдас жігіті, жас әнші Әлмағамбет жаңа қайтып келген (М. Әуезов). Жақында Тәмбай мырзаның кіресімен қалаға барып қайтып едім, бір жақсы сыбыс естіп келдім (І. Есенберлин). Ызалы жігіттер сыртқа жүгіріп шыққалы оқтала бергенде аржағынан бір топ кісі сау етіп кіріп келді (Ә. Нұрпейісов). Осында қолданылған біліп кел, айтып келген, барып қайтып, естіп келдім, кіріп келді сияқты күрделі етістіктер әрқайсысы бір күрделі қимылды білдіреді. Дара етістіктер қалай бір сұраққа жауап беріп тұрса, күрделі етістіктер солай бір сұраққа жауап беріп тұр. Күрделі етістіктер құрамында қаншама сөз болса да олар бір сөз жасап тұрған морфемалар. Егер күрделі етістіктің бір лексикалық мағынасы болмаса, оның сыңарлары әрқайсысы өзінен дербес мағына беріп, жеке-жеке сұраққа жауап берсе, ол күрделі етістік емес сөз тіркесі болады. Мысалы: ол қарқылдап күлді, десек қалай күлді? Не істеді? Деген сияқты сұрақтарға жауап береді.

2 Күрделі етістік жалпы күрделі сөздер сияқты мағыналы етістіктерден жасалады. Сондықтан олардың құрамындағы сыңарлары мағына жағынан тең болады. Мысалы: Ұлпан сары жез самаурын көтеріп далаға шығып кетті (Ғ. Мүсірепов). Үйіне қайтып келді де қасқыр көрпені айқара жамылып жатып қалды. ( Ғ. Мүсірепов). Бұл оны итеріп тастады да, ішке кіріп барды (Ә. Нұрпейісов). Осы келтірілген мысалдарға шығып кетті, қайтып келді, кіріп барды деген күрделі етістіктіктердің құрамындағы сыңарлары мағыналары тең етістіктер.

3 Күрделі етістік дербес сөз болғандықтан, ол барлық дербес сөздер сияқты сөйлемнің бір мүшесінің қызметін атқарады. Оның құрамындағы сөздер басқа сөздермен синтаксистік байланысқа түспейді, жеке-жеке сөйлем мүшесі болмайды, бір ғана сөйлем мүшесі болады. Өйткені, ол-бір сөз. Мысалы: Әзімбай бір жауап айтпай, үндемей тұрады да, атына мініп кетті (М. Әуезов). Кеңженің нақсүйері едім ғой, азын-аулақ еншімді бөліп берсін (М. Әуезов).

Оңалмай жүргенімді ісім көптен,

Шағымда сағым сынып, күшім кеткен.

Ағаның қарлығашы інісіне,

Ақ қанат періште болып ұшып жеткен (М. Мақатаев)

Бұл мысалдардан күрделі етістіктің сөйлемнің барлық мүшесі болатындығын көреміз. Бұл қасиет күрделі сөзге тән. Олай болса күрделі етістіктің соған жататынын дәлелдей түседі.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет