Мазмұндама Кіріспе І. Күрделі етістіктің жалпы теориялық мәселелері


ІІ Күрделі етістікті оқыту арқылы тіл дамыту



бет8/10
Дата09.05.2022
өлшемі87,4 Kb.
#33433
түріМазмұндама
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
ІІ Күрделі етістікті оқыту арқылы тіл дамыту

Қазіргі кезеңде Қазақстан мектептерінде қазақ тілі пәні қазақ мектептерінде сонымен қатар, басқа тілді мектептерде маңызды пән болып саналады. Соның ішінде қазақ мектептеріндегі қазақ балаларының ана тілі заңдылықтарын меңгері, оны өмірде қолдана білуі- қазақ тілі методистері мен мұғалімдеріне жүктеліп отырған үлкен міндет. Ана тілі заңдылықтарын тану арқылы оқушының ана тіліне дұрыс көз қарасы қалыптасып, олардың ойлауы, жалпы интеллектуалдық дамуы жетіледі. Сол арқылы тілінің ұлттық мәнері дамып, қалыптасады. Осындай жолмен оқушы қазақ халқының мәдени, рухани жетістіктерін игеріп, одан дүние жүзілік мәдени мұраны игеруге ұмтылады.

Екінші жағынан, ана тілін игеру барлық басқа ғалымдардың игерудің маңызды құралы болып табылады. Пәндерді бір-бірімен байланыстыра отырып оқытудың тиімді екендігі белгілі. Ана тілінің заңдылықтарын практикада тану дегеннің өзі- басқа пәндерді тану барысында алатын ілімдерін дұрыс ұғыну, өз білгенің басқаға жеткізе алу, тіл нормасын сезу- тілдік сезім деп аталады. «Тілдік сезім-/ языковые чуьте/ тіл жүйесінің заңдылықтарын санасыз түрде игеру, оның ішінде, ең алдымен, грамматиканың заңдарын игеруі. Тілдік сезім өте жас, сәби кездег бастап дами бастайды, ол даму, сөйлеу тілін қабылдау мен айту говорение/ барысында қалыптаса бастайды. Ана тілін оқыту барысында тілдік сезімге сүйену басты принциптердің бірі болып саналады»,- делінген тілдік сезім туралы орыс тілі методикасының сөздік анықтама кітабында.

Кез келген құбылыс, көрініс, оқиға адам тілінде беріледі. Бұл адам психикасының творчестволық қызметі. Ана тілінде сөйлеп тұрған адам сөздерді айту барысында сөзінің компоненттерін саналы түрде саралап тұрмай-ақ айта береді. Сөйлеп тұрған адам тілдік белгілер арқылы нені/мазмұн емес/ және қалай беріліп тұрғаны туралы сол арада өзіне есеп беріп тұрмайды/ бұл арада әңгіме сөйлеу процесі туралы екенін ұмытпау керек/.

Тіл дамытудың психологиялық негізін жоғарыда аталған ғалымдардың еңбектеріне қоса, қазақ тілінде М. Мұқанов, Жарықбаевтің, А. Алдамұратовтың еңбектерін негіз етеміз. Қазақ тілін мектепте оқытудың оның ішінде, тіл дамыту жұмыстары мен байланыстыруда ол еңбектерге сүйенбеу мүмкін емес.

Психолингвистика сөйлеу тілін коммуникацияның басты құралы ретінде қарастырады. Психологтардың айтуы бойынша, сөйлеу тілінің монологтік түрінің де, диологтік түрінде де, өздеріне тән ерекшеліктері көп. Сонымен қатар ауызша тілдің де, жазбаша тілдің де айырмашылықтары жеткілікті екені белгілі. Бұл мәселе туралы Н. И. Жинкин өзінің «О кодовых переходох в внутренный речи» /20/ атты еңбегінде: «Ойлау тек сөйлеу қозғалыстарының кодтарының арқасында ғана жүзеге аса са , не болмаса натуралды тілдің түрлерімен байланысты емес басқа кодтар өмір сүре ме»,- деген сұрақ тұрғысынан қарайды. Ғалым осы басқа код деп «ішкі сөйлеу тілін» алады. Ішкі сөйлеу тілі Н. И. Жинкиннің айтуынша, универсалды пәнді код болып табылады.

«Сөйлеу тілінің механизмдерін іске қосу-сөз бен буынның бейнесін қайта жаңғыртудан басталады «,- дейді Н. И. Жинкин. Қазіргі кездегі психолингвистиканың ішкі құбылыстарын түсініп, оны ұстаз бен үйренушілердің басқара алмауына мүмкіндік береді деп ойлаймыз.

А. А. Леонтевтің айтуынша, сөйлеу әрекеті қызмет териториясына сай, барлық қызмет түрлері сияқты, белгілі бір динамикалық құрылымды болады екен. Тілді интеллектуал қызметінің құралы ретінде ала отырып. , А. А. Леонтев ол құрылымы былай көрсетеді:



  1. Сөйлеу әрекетін жоспарлау;

  2. Оны жүзеге асыру;

  3. Салыстыру мен бақылау/А. А. Леонтев, 1969//33/.

Сөйлеу процесінің кейбір жағдайларында бұл кезеңдік форма әрдайым сақтала бермеуі мүмкін екендігін сөз екен ғалымдар бар. Адамның лингвистикалық жадында сөз тұлғалар мен сөз тіркестерінен бастап, толық фразаларға дейін сақталады. Бұл жағдайды арнайы зерттеген ғалымдардың А. А. Леонтевтің мәліметтері бойынша «дайын» сөйлемдерді қолдану көп жағдайларда жиі кездеседі.

Н. И. Жинкин/34/ тіл дамыту процесінде ұзақ уақыттық жадының/долговременная память/аталатын үлкен орны туралы жақсы айтып кетеді. Ұзақ уақыттық жады сөздер сөйлемдер модельдену қоймасы. И. П. Павловтың дәл анықтауынша қандай да бір сөз үш түрде келуі мүмкін көрінетін, естілетін және айтылатын/35/. Қазіргі заман кибернетикалық терминологиясының және айтқанда, үш код туралы сөз қозғауға болады. Код деп тұрғанымыз белгілі бір материалдық табиғаттың сигналдарының жиынтығы және оларды пайдалану ережелері. Біздің жағдайымызда сигнал ретінде әріптер, дыбыстар және сөйлеу қимылдары. Бір сигнал табиғатынан екінші сигналға өтудің белгілі бір ережелері болады. Сонда, әріптен дыбысқа көшу дегеніміз-дауыстап оқу процесі, сөйлеу қимылдарыннан дыбысқа көшу ауызша сөйлеу, ал, дыбыстан әріпке көшу жазба тіл. Алғашқы код ретінде сөйлеу қимылдары коды саналады, одан туындайтын код- дыбыстық, одан туындайтын- әріптік код. Сөздің өзі де онымен қоса тілдің барлық ережелері аталған түрлі кодтары қалатындықтың, сөйлеуді үйрену тілді аталған үш код тұрғысынан игеруді талап етеді.

Қазақ тілін оқыту барысында оқушының сөйлеу тілін дамыту жұмысының ерекшелігі тек сөйлеу механизмдерін танып білумен бітпейді. Сөз таңдау, сөйлем, тұтас текс құру- тіл дамыту жұмыстарының ар мазмұны емес. Сөйлеу тілінің мазмұны мәні тек оның құрамындағы сөздер мен сөз тіркестеріне ғана емес. Сөйлеу тілінің мәні тек оның құрамындағы сөздер мен сөз тіркестеріне ғана емес, интонацияға да тығыз байланысты. Интонацияны арнайы оқытып үйретпейді. Бұл тәжірибе балаға да, үлкенге де өмірдің өзіндік жағдайларына сәйкес қалыптасады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет