Мазмұны бет Кіріспе


-қағида .Басқару ісіндегі ізгі бектің бейнесі



бет8/18
Дата26.04.2023
өлшемі112,22 Kb.
#86980
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   18
Байланысты:
annotation77795

5-қағида .Басқару ісіндегі ізгі бектің бейнесі.
Ағартушы өмірде ізгілік арқылы қоғамдағы барлық әлеуметтік мәселелерді саралауға болатынын айтады. Адамға пайдалы әрекет жасау арқылы қоғамды түзеуге шақырады. Тіпті дастанда ел билеуші бектің сыртқы келбетіне де үлкен мән береді:
Жүзі нұрлы, сөзі шырын, жаны асыл,
Бұл пішінге құлқы тұрса, жарасып.


Бек шырайлы, сақал шашы басылған
Орта бойлы, болсын мәшһүр, асыл жан.


Бек көрікті болсын, жауы күйінсін,
Орта бойлы, болсын көзің сүйінсін[21,255б]. Бұл туралы зерттеуші ғалым А.Егеубай былай дейді:«Жүсіп Баласағұнның бұл кітабы арқылы қарахандар дәуіріне барлау жасап, тарихи-этнографиялық, ақлиқаттық-эстетикалық, тіл ерекшеліктеріне қатысты орамдарға байланысты құнды пайымдаулар түйіндеп, пікір қорытуға болады. Шығармада ел басқарудың, экономиканы, әлеуметтік-тұрмыстық ахуалды, әскери істі ұйымдастырудың, шаруашылықты, тағы басқа да мемлекеттің әл-ауқатын жақсартудың ерекшеліктері суреткерлік-философиялық тілмен баяндалады. Сол заманғы ғылым мен мәдениеттің жетістіктері де аңғарылып отырады. Дастан көне түрік өркениетінің мәуесі болғанымен жалпыадамзаттық, адамгершілік-имандылық мұраттарды терең толғап, күллі адам баласына тән ізгі қасиеттерді ұлағат етіп ұсынады» [21,9б]. Жүсiп Баласағұн да қатал қара күшке қарсы ақыл мен парасатты қойған. Әдiлдiк пен ақыл билеген бақытты өмiр, молшылыққа кенелген тұрмысты аңсаған. Халқымыздың «Тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ» деуi Баласағұн ойларымен сабақтасып, өмiр шындығын көз алдыңа әкеледi. Бұдан түйетiн ой, адамзаттың құлқын түзетудi көксеген ойшылдар ел басқарудағы мемлекет қайраткерлерiн әдiлет ұғымына ерекше мән беруге үндейдi. Жүсiп Баласағұн: «Ел патшаны сақтап, құлқын түзетсiн, патша елдiң жанын-тәнiн күзетсiн!» –дейдi. Демек, ел билеген басшы алдымен құлқын түзетсе, тура жолдан таймай, әдiлдiктi ту етiп ұстаса, елдiң де құты молая түсер едi.
«Құтты білік» дастанындағы ізгілікті басқару жүйесінің келесі сатысы –дәулет, яғни елге құт қонсын деген тілекті Айтолды бейнесі арқылы табамыз.
Құт- береке, бақ сипатындағы кейіпкердің Айтолды аталуында үлкен мән бар.Айтолдымен алғаш жолыққанда өзінің дүниеге ақиқат нұрын бірдей түсіретін әділетті де, мейірімді екендігін, тұрақтылығын, ақ жол, әділ заңды ұстанатындығын айғақтап, өзінің атын күнге балап, Күнтуды қойғандығын түсіндіріп, дәулеттің есімі неге Айтолды екендігін сұрайды.
Айтолды айтты: - Дана кісі, атымды,
Қойған екен Айға меңзеп затымды.


Ай туғанда кіп-кішкентай болады,
Күннен күнге көтеріліп толады.


Ай толғандай, көзі ашылар әлемнің,
Жүзі жайнар жаһандағы ір елдің.


Толған ай да, қарасаңыз шетінен,
Бозаң тартып, ажары азып кетілер.


Нұры сөніп, семіп мүлде жоғалар,
Қайта туып, қайта толар, оңалар.


Мен де айдай жаңаланып тұрамын,
Бірде бармын, бірде жұмбақ тұрағым.[21,142б] Бұдан дәулеттің құбылмалылығын, уақытша екенін пайымдаймыз.
Құтқа иланба, ізгілік қып жүргейсің:
Бүгін мұнда ол, ертең – онда, білгейсің!


Құт иесі! Қуанба құр, сорың ең-
Келген бақыт , қайтар келген жолымен!.
Құт иесі! Ізгі дәулет құтпенен,
Тұрам десең, тұрғын ізгілікпенен!-деп,
Өгдүлміш бейнесі арқылы ақыл-парасаттың қоғамдағы рөлін бейнелейді
Тақтың мәңгілік болмайтынын айта отырып, ол шенеуніктер халықты әділеттілікке, ізгілікке шақыруы үшін ел билеуші өзі пайдакүнемдіктен, жемқорлықтан аулақ болуын айта отырып, ұлы ғұлама «Құтты білік» дастанында адам баласын адамгершілік пен ізгілікке, ақылдылыққа үндейді, рухани тазалыққа шақырады. Адам баласының бүкіл ғұмырының мәнділігі ақыл мен парасатқа байланысты. Себебі, ақыл мен парасаттың кемдігінен қоғамда әртүрлі өкінішті жағдайлар орын алады. Сонымен қатар, ол ел билеуші мемлекет қызметіндегі адам үшін ең басты кемшілік – парақорлық дейді. Парақорлық белең алған заманда елдің әл - ауқаты көтерілмейтінін, мемлекет қызметінің өз дәрежесінде орындалуы керек екенін баса айтады.
Жүсіп Баласағұн ел басқарған әкімдерді сол кезде хан сарайында кең тараған жаман қылықтардан сақтандыра отырып,адамгершілікті, адалдықты, адамды сүюді жырлайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет