4-қағида. Басқарушының бойындағы адалдық, адамгершілік қасиеттер туралы. Дастан бәйіттерінде басқарушының бойындағы кішіпейілділік, мейірімділік, еңбексүйгіштік, ұстамдылық сияқты адалдық қасиеттер жиі айтылады. Мұндағы елбасы бейнесі былайша көрінеді:
Халыққа алып ұлдар керек саспайтын, Ұлы істерде ұлы жорық бастайтын.
Халыққа ұлы ерлер керек , қаһарлы, Саспай шығар өрт алса ,да жаһанды. [21,245б ].
Ел басқару ісіндегі басқарушының бақытқа жету жолы адамгершіліктен, қайырымдылықтан, білімділіктен, әділеттілік пен ізгіліктен бастау алатындығы, әділдік, жақсылық сияқты гумандық принциптерімен қатар басқару ісінде ақылдылық, сабырлылық, сақтық, батылдылық қағидасы айшықталады. Ізгі елбасшыны сипаттайтын тағы да бір ерекше қасиет−оның ақылды болуы. Осыған байланысты зерттеуші ғалым А.Егеубай: «Қандай басшы, қандай батыр жаҺангер болмақ керектігі бүтін тұлға бітімімен, мінез-құлық, ақыл-парасатымен аңғарылады»,−дейді [21,57б].
Қанағаттанарлықтай елбасының бейнесін көрсете отырып, Жүсіп Баласағұн оған Құдай жаратқан деген сипаттама береді. Билікті Құдайдың жаратуы ерте және орта ғасырдың түркі ескерткіштерінің бәрінде кездеседі. Тәңірге «Көкке» берген антты бұзу ауыр қылмыс деп есептеген. Жүсіп Баласағұн Тәңір кімге басқару ісін берсе, сол адамға ақыл-парасат, сезімталдық және ізгі ниетті қоса береді.
Атасы бек болса, ұлы да бек болар. Ұлы бек боп туса, асыл тек солар [21,215б]. Яғни, мұның барлығы түркілер мемлекетінің бірлігін нығайту мен күш- қуатын сақтау, бабалар өсиетін қастерлеу, алауыздыққа жол бермеуге ұласады. Рухани құндылықтарды бағалаудың бiрден-бiр көзі имандылықты насихаттау болып табылады. Халық пен билік татулығы да дастанда тамаша көрініс тапқан. Бұл бағытта Баласағұнның ой-пікірі әкімдерді сипаттаумен ерекшеленеді. Әкiмдер –халықпен тығыз жұмыс жасайтын, тығыз қарым-қатынаста болатын ел билiгiнiң сенiмдi өкiлдерi. Олардың айтқандары− халық үшiн заң. Бiрақ халық та олардың сөздерiне бас шұлғи бермей, өз ойын айтуға құқылы, бұл−iзгiлiктi қоғамға тән үрдiс. Яғни, екi жақтың келiсiмi негiзiнде, мәмiлеге келу. Дәл осы жағдайды қалтқысыз суреттейтiн: «Әкiмнiң ақысы болса, қараның хақысы бар» деген сөзi бар. Бұл жерде әкiмнiң де, қараның да сөзi бiрдей болуын қалаған ойшылдың кемеңгерлiгiн аңғарып отырмыз. Бабамыздың осы тақылеттес, яғни әкiмдерге қаратып айтқан ұлағатты ойлары: «Ессiз әмiр ел бұзар», «Көп ойнаған (құмарпаз) болған әкiм елiн жеп бiтiредi», «Қылыш қан төксе, иесi ел билейдi» дегенге саяды. Әкiм-қаралардың зерделi болуы да керек. Себебi, халықты басқарып әкету әкiмнен көп нәрсенi талап етедi.
Сонымен, ғұламаның педагогикалық мұрасындағы басқарудың негізі әділеттік пен ақылдылық, адамгершілік ізгілікпен жалғасады.