Мазмұны бет Кіріспе



бет11/18
Дата26.04.2023
өлшемі112,22 Kb.
#86980
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   18
Байланысты:
annotation77795

Мақтамайын қалай ізгі кісіні,
Сүйсінбейін қалай ізгі ісіне?


Ақылдылық асыл ізгі жандардың,
Кішілікте кісілік бар, аңғарғын [21;159б].
ізгіліктің адам үшін құнды ұғым екенін, білдірсе керек. Сонымен қатар, Жүсіп Баласағұнның дүниетанымында адамзаттық құндылық ізгілік идеясының педагогикалық, психологиялық негізі жатыр. Педагогикалық тұрғыдан қарастыратын болсақ, ізгілік− адамдар арасындағы қарым-қатынастың сүйіспеншілікке негізделуі, адамның ар-намысын, парасатын, кісілігін құрметтеуді білдіреді. Жүсіп Баласағұнның педагогикалық мұрасынан халықтық педагогиканың ізгілікті басқарудағы рухани-эстетикалық қазынасының биік мақсаттарын көреміз. Сондықтан «Құтты білік» − халықтың құты, ырысы болған ілім. Жеке тұлғаны тәрбиелеуде негізгі бағыт ретіндегі ұстанымдары басқару мәселесінде гумандық сипатқа ие.
XIXғасырдың екінші жартысындағы ағартушы- педагогтардың мұралaрындағы ағартушылық идеяларының ерекшелігіне тоқталсақ, Ыбырай, Абай, Шәкәрiм мұралары адамды қалыптастыру мен ізгілікке тәрбиелеудегі құнды педагогикалық мұра болып табылады. Ғұлама – ойшыл, педагог – ағартушылардың қайталанбас мұрасы халқына өшпес құндылық болып табылады. Сондықтан оларды бүгінгі таңда зерттеп, зерделеп болашақ ұрпаққа жеткізу ұлттық тәрбие үрдісінің басты міндеті болып отыр.
Дастанда көтерілген бақытты қоғам орнатудағы әрбір адамның ізгі болуы – адамның мінез-құлқында, оның қоғамдағы орны жайлы ізгілікке, имандылыққа тәрбиелейтін-педагогикалық ой-пікірлерлермен үндестігін талдаудың мәні зор .Бұл үндестік XIX ғасырдың ғұлама ағартушыларының еңбектерінде гуманизм (ізгілік, рахымшылық, мейірімділік), адамгершілік, еңбекке тәрбиелеу, ұжымдылық, елін, жерін, туған халқын сүю идеяларын арқау етіп, елінің болашағын ойлауда көрініс тапты.Әсiресе, XIX ғасырдың. екiншi жартысында бұл ұғымдаp Ыбырай, Абай, Шәкәрiм мұраларында ерекше насихатталады.
Жүсіп Баласағұн – Х-ХІ ғасырдағы ұлы ұстаз болса, Абай – ХІХ-ХХ ғасырлардағы қазақ халқының биік шыңы.
Абай туралы зерттеулерде: «Біраз сөз қазақтың түбі қайдан шыққаны туралы» деген тарихи мақаласында қазақ халқының шыққан тегін сөз еткенде Баласағұн дастанының мазмұнымен жете таныс болғаны, «сарт» деген сөздің этимологиясы мен этнонимдік тарихын іздестіру үстінде «Құтадғу біліктен» нақтылы дерек көздерін қарастырғаны айқын байқалады», деген дерек келтіріледі [105,143б]. Абай шығармаларындағы адамдық, ұлттық адамгершілік, ізгілік қасиетті ұрпақ бойына сіңіру, еліміздің ұлттық жетістіктері мен бай мұраларын дәріптеуде күн өткен сайын өзектілігі арта түсуде. Демократиялы ел атануда ұрпақ тәрбиесінің жауаптылығын арттыруда еліміздің жаңа адамын қалыптастыру жолында ізгілікке тәрбиелеуде оған керекті асыл сөзді Абай мұрасынан табамыз. Адам тұлғасын қалыптастырудағы ізгілікті басқаруға негіз болатын ұлы Абайдың ғибратты сөздері мен Ортағасырлық ғұлама Жүсіп Баласағұнның «Құтты білік» дастанындағы көптеген ұқсастықты үндестікті, сабақтастықты аңғарамыз. Ұлы Абайдың:«Адамның адамшылығы - ақыл, ғылым, жақсы ата-ана, ұстаз, жақсы құрбыдан болады», − деуі немесе ел берекесін кетірер билеушілерді «Бас басына би болған өңшең қиқым», −деп, қынжыла жырлауы да сол кездің көрінісі ғана емес, бүгінгі күні де қоғамдағы келеңсіздік екеніне айқын куә боламыз. Абай тағлымы −өзі өмір сүрген кездегі ғана емес, уақыт өткен сайын қоғамдық ой -санаға ықпалы арта түсіп, дамитын асыл мұра. Абайдың барлық шығармасы− ақыл мен тәрбие. Жас ұрпақты жан -жақты тәрбиелеуде оның психологиялық жас ерекшілігіндегі өзгеріс туралы он тоғызыншы қара сөзінде:
«Адам ата-анадан туғанда есті болмайды: естіп, көріп, ұстап, татып ескерсе, дүниедегі жақсы-жаманды таниды-дағы ,сондайдан білгені, көргені көп болған адам білімді болады. Естілердің айтқан сөздерін ескеріп жүрген кісі есті болады.Әрбір естілік жеке өзі іске жарамайды.Сол естілерден естіп білген жақсы еәрселерін ескерсе, жаман дегеннен сақтанса, сонда іске жарайды, соны адам десе болады», -дейді Абай.
Баласағұн былайша жырлайды:
Зорлық қылма,
Араласпа арамға.


Қанын төкпе,
Кек сақтама адамға.


Шарап ішпе,
Алыс жүргін бүліктен
Бұзады олар бектігіңді күдіктен[21;199б].
Жүсіп Баласағұн дастанындағы ағартушылық идея мен ұлы Абай өлеңдері мен қарасөздеріндегі философиялық үндестік мынада:Абай да құттың кілтін бір түйінге тірейді. Ол – адамның өзі. Ниет-құлқы, білімі, еңбегі, адалдығы. Арсыз, надан, жалқауларға жаны күйген Абай да Баласағұндай тығырықтан жол іздеп, құтты қоғам, ізгілікті өмір жолын аңсайды. Баласағұн мен Абай арасындағы үндестік рухани үндестік. Абай да Жүсіп Баласағұн да халықтың рухани әлемін түзетуші, ой-санасына білім, ғылым, ақыл, әділдікті мұрат етуші ретінде танылады . Бұған қос ғұламаның қоғам, адам, ел жөніндегі әр қырынан айтылған ойлары дәлел. Абай өзінің өлеңдерінде, толғамдарына қара сөздерінде қайта бір оралып, пысықтап талдап, түсіндіріп отырғандай әсерде қаласыз.
Сондай-ақ, «Дүние – үлкен көл, Замана – соққан жел», – дейді Абай[106,79б]. Оның ойынша, дүниеде өгермейтін, құбылмайтын ешнәрсе жоқ,- табиғатқа да, адамға да осы заң ортақ. Мысалы, «Отыз жетінші» сөзінде ақын: « Адам баласын замана өсіреді, кімде-кім жаман болса, замандасынның бәрі виноват»[106,79б], -деп жазды. Олай болса, адамды адам етіп тәрбиелейтін оның әлеуметтік ортасы, достары болмақ. Ұлы Абай да кісілікті, ізгі қасиетті толық адамды іздейді. Адам тәрбиесінде жас ұрпақтың білімді, есті болуына ерекше көңіл аударғанын айтамыз. «Тегінде адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озады. Онан басқа нәрсемен оздым ғой демектің бәрі ақымақшылдық»,- деді. Абай өлеңдері мен қара сөздеріндегі адамның ішкі жан-дүниесіндегі келеңсіздікті көрсететін, мақтан, мадақ, айлакерлік, еріншектік, жалқаулық, мейірімсіздік, мансапқорлық, зұлымдықтарды ақын өз тұрғысынан жүйелеп көрсетеді. Ал, енді, парасаттылықты, адамшылықты, ар мен ақиқат мәселелеріне де Абай ойларын, бағыттарын тереңдете түйіндейді. Адам мен халық мүддесін ұштастырудың озық үлгілері ғылым, білім, өнер, еңбек жолын мақсат тұтқан екі тұлғаның да ой -дүниетанымдары ортақ. Екі ақын да адам бойындағы ізгілікке кереғар қасиеттердің туындауына қарсылық ретінде білімді, ақылды, еңбекті қояды. Көрсеқызарлық, арамдық, залымдық, өтірік, өсек, надандық – адам қасиетін тежейтін залалды іс. Мұндағы басты тақырып адам, адам тәрбиесі Ұлы ғұлама: «Үш ақ нәрсе адамның қасиеті: ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек». деген Абай мұраты− адамды адамгершілік, кісілік жағынан жетілдіруді көздейтін даналық ойлар түйіні− яғни, «толық адам». Сонымен қатар, «Құтты білік» дастандағы жәуанмәртілік жайлы айтылған тұжырымдармен Абайдың он жетінші және отыз сегізінші қарасөздері рухани жалғастықтықты танытады. Абайдың 38- қара сөзінде : «Күллі адам баласын қор қылатын үш нәрсе бар.Сонан қашпақ керек: Әуелі − надандық, екінші − еріншектік, үшінші − залымдық деп білесің. Надандық − ғылым білімнің жоқтығы. Білімсіздік− хайуандық болады. Еріншектік− күллі дүниедегі өнердің дұшпаны. Талапсыздық, жігерсіздік, ұятсыздық, кедейлік − бәрі осыдан шығады»[106,100б] деген ұлағатын ортағасырлық ғұлама Жүсіп Баласағұн:
«Үш нәрсе бар жер қылатын адамды,
Үш күнә бар оттай қарыр табанды.


Біріншіден –арсыз, мақтан, жамандық
Екіншіден–алдау, арбау,арамдық


Үшіншіден–алып сатар, сараңдық.
Ақымақ қылар осы үш түрлі надандық!


Пейілі тар, жаман адам жұғыссан,
Қырық шалып, кері кетер жұмыс та[21,179б] Баласағұн бектің бойындағы арсыздықты, өтірікті, өсекті, сараңдықты сынайды. Сондай-ақ, дастандағы ұғым ақыл, әділет, ізгілік, рақымдылықты білдірсе, Абай шығармаларындағы жауанмәртілік әділдік, ақыл қанағатты білдіреді.
Абай көзқарасындағы алтын діңгек – адам тәрбиесі. Абай адамгершілік, ізгілік тәрбиесіне ерекше мән бере отырып, тереңнен толғайды. Адамгершілік қасиет туралы «Ғылым таппай мақтанба» өлеңінде: «Адамшылықтың алды махаббат, ғаділет, сезім. Бұл ғаділет, махаббат, сезім кімде көп болса, ол кісі ғалым», деп, ақын ғылым жолында да адамшылықтың жетекші екенін аңғартады.
Баласағұн: Жүрсін бектер бес нәрседен алыстап,
Жақса атымен, дақ тигізбей намысқа,
Ұшқалақтық – бірі, екіншісі – сарандық,
Үшіншісі – ашу, егіз оған надандық.


Қырсығың сор, бетті жер ғып жүргізер,
Бесіншісі - өтірік, жерге тірі кіргізер.


Ең қорлығы - өзімшілдік, залымдық,
Өзімшілдік – торлағаны бағыңның. [21,36]




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет