Мазмұны бет Кіріспе


Ізгілікті басқаруға қарсы әрекеттер



бет6/18
Дата26.04.2023
өлшемі112,22 Kb.
#86980
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18
Байланысты:
annotation77795

Ізгілікті басқаруға қарсы әрекеттер:


Өтірік айту, ашулы сөз, шарапқа құмарту,байлыққа қызығу, билікке құмарту, бос сөз, мәнсапқұмарлық. байлыққа мас болу, қанағатсыздық, парықсыздық, дүниеқоңыздық, әділетсіздік, іштарлық, күншілдік, бақталастық, тәртіпсіздік, атақ қуушылық, парақорлық, жемқорлық, сараңдық, екіжүзділік.
Сонымен қатар, «Құтты білік» дастанындағы ізгі басқарушыға тән мынадай ұстанымдарды ерекше атауға болады: қайырымдылық, ізгілік, кісілік, адамгершілік, тиянақтылық, ұстамдылық. Осыдан шығатын ойды қорытындылайтын болсақ, қайшылықты өмірде кездесетін әртүрлі әлеуметтік мәселелерді шешу мен жүзеге асыруда жаны таза басқарушы ғана кез келген мәселені әділеттілікпен шешеді, яғни «Құтты білік» дастанының әр шумағы− елбасшысының әділ болуын баяндайды. Әділеттілік пен ізгілік ұғымын ұлы ғұлама басқарушының халыққа адал қызмет етуі деп түсіндіреді. Тура, әділ басшыны құдай сүйеді, оны елі де құрмет тұтады.
Дастанда сөз өнері, шешендік, ақыл мен білімнің маңызы дәріптеледі. Адам баласының қадір- қасиеті ақылмен, біліммен екендігі баса айтылады.Көркем сөз зергері білімнің пайдасы мен надандықтың кесірі, жомарттық пен сараңдық, ізгілік пен жақсы мінез-құлық туралы ,білім мен ақылдың шапағатын ғұлама айта келіп, надандыққа, жауыздыққа қарсы білімді қояды:
Ақыл сенің анттасқан нақ жолдасың,
Білім, сенген мейірімді қандасың.


Наданға жау−білгені мен көргені,
Екеуі сор, білмесе одан өңгені.


Біліктіге білім күллі тон, асы,
Білімсіздің қылығы сұм жолдас.[21,105б]. Ел басқарушының абыройын асқақтататын нәрсе - ізгілікті іс- әрекетінде, шыншылдығында дейді. Бұл айтылған даналық ойдың түйіні − ақылды білімді адам тәбиелеу.
3-қағида. Басқарудың әділетті заңға негізделуі туралы.
Құқықтық мемлекетте әділетті билік өркениетті қоғамдық қатынастар жасаудың негізгі құралы болып табылады. Дастаннан түркі еліндегі ел басқару принциптері мен қағидалары туралы мағлұматтар ғана алмаймыз, сонымен қатар, бүгінгі саяси жүйедегі басқаруға қатысты идеяларды да көп кездестіреміз. Әрбір мемлекет үшін әділеттілік пен шындықты, қайырымдылық пен ізгілікті мұрат тұтқан заңның керектігі бүгін де қажетті қағида болып табылады. Бұндай заңдар қоғамдағы әділетсіздікті жойып, ізгілікке бастайды.Сондықтан да қоғамдағы ізгі әрекет, әділетті билік жүргізу басқару ғылымының негізгі мәні болады. Басқарудағы ізгілік мемлекет тізгінін берік ұстауға көмектеседі. Ұлы ғұлама әділетті билік орнаған мемлекетте басшы тек заңдарды орындатушы ғана болмауына терең мән береді. Орындалатын әрбір заңның халықтың мұң- мұқтажын, көкейкесті құндылықтарын шешетін заң болуы дастанда былайша өріледі:
Заң иесі қара қылды қақ жарғын,
Елді жұтар қараниет қан жарғың.


Әділ заң құр, ей ,Елбасы, жаңылма,
Жаман болса, болмас дүние, бағың да [21,201б].
Бұл қағида бүгін де өз мән- мағынасын жойған жоқ. Өйткені, байлыққа мас болу, қанағатсыздық, парықсыздық, дүниеқоңыздық, әділетсіздіктің кесірінен қоғам іріп-шіриді және ел басқарушының әділетті болмауынан қоғамда тәртіпсіздік, атақ қуушылық орын алады. Заңды орындауды, әділеттілікті ұмытқан билік иелері халық алдында жауап беруден қалады.Қоғамды өзге адамның берекесін алып, құтын қашыратын –іштарлық, күншілдік, бақталастық жайлайды.Олардың көкейін тек билікке деген шексіз құмарлық билейді.
Адамзаттың саяси өмірі мен ол құрған мемлекеттердің саяси жүйесінің дамуының басым бағыттарының негізі құқықтық мемлекет болудың мәні басқару ісіндегі ізгілікті іс-әрекетке тікелей байланысты болуы:
Екі әлемде кісілерге керегің,
Ізгі қылық, түзу құлық дер едім.


Ұят, шындық, ізгі құлық − үшеуі,
Қосылғанда құбылаң тең түседі [21,218б]. Мұнда ел басқарушының абыройын асқақтататын ізгілікті іс шыншылдығында ,қоғамдағы әділеттілік құқықтың қорғалуы екендігін көреміз. Осыған орай белгілі ғалым Н.Келімбетов мынандай ой түйеді:«Шынында да, «Құтты білік» дастаны ислам дәуірінің моральдық-этикалық нормасын бейнелейтін заң іспеттес болды. Ал, бұл заңның орындалуын Жүсіп Баласағұн патшадан да, қарапайым диқаннан да, бек пен әскер басынан да бірдей талап етті» [22,12б].
Ендеше, еліміздегі құқықтық мемлекет қалыптастыруда ұлтымыздың тарихындағы басқару туралы осындай озық ой-пікірлердің қызмет етуі шарт. Себебі, бізге керегі − әділет орнаған мемлекет пен өркениетті даму жолындағы ізгі қоғамдағы бақытты ұрпақ. Iзгiлiктi басқару мәселесi тек заң арқылы жүзеге аса ма? Әлбетте, iзгiлiк жүректен шықса да, заң болып бекидi, қағаз бетiне түсiп, iс жүзiнде ұйымдастырылады. Жүсiп Баласағұнның бұл ретте бiлiмдi қолдап отырғанын көремiз: «бiлiм болса» деп отыр ойшыл. Бiлiм бар жерде заң болады деген ұғым шындыққа жанасса да, iзгiлiкке негiзделген заңды бiлiмдi адам ғана ашады дегендi айтып отыр. Яғни, адамның өзi бiлiмдi болу керек, сонда оның бiлiмiнен заң шығады, ондай заң iзгiлiктi насихаттайтын заң болуға тиiс. Сонымен, ел басқарудағы әділетті заңның қажеттілігін мына ұлағатты сөздермен қорытқан жөн: «Әділдік− құт, құт− құрығы - кішілік. Әділдіктің заты− тұнған кісілік». Ғұлама мұнда ең басты нәрсе ретінде адамгершілікті тереңдеп іздейді.
Мемлекетті басқару ісінде барлық әрекеттің заңға негізделуі керек екенін де Жүсіп Баласағұн айтқан. Мемлекетті басқару ісін жетілдіруде билік иесі заңға сүйенуі шарт. Ісінің алға басуы басшының іскерлігі мен заңды мұқият орындауында дей келе, егер басқарушы халықтың заңды орындауын қалайтын болса, алдымен сол заңды басшының өзі орындауы керек екендігін айтады. Сонымен қатар, Жүсіп Баласағұн мемлекет қабылдаған заңның да мүлтіксіз орындалуында азаматтардың заң алдындағы теңдігінің де бұзылмауын айтады.
Мысалы:
Бек баянды болсын десең, бектігің,
Сен үнемі ісін істе тектінің.


Заңды түзе, сұмдық сонда сасады,
Құтың өсіп, абыройың асады [21,200б].
Елдің көңілді болуы, өмірге сенімділікпен қарауы бектің халқына жағдай жасап, заңды бұзбауында дейді. Заңды бұзбай, қызметін заңға байланысты жүргізу идеясы дастанда осылайша әр қырынан танылады. Бiлiм болса – бектер биiк заңғар-ды, Жақсы атанып, ашар iзгi заңдарды,- деген жолдарда, кемеңгер ойшыл iзгi заңдар туралы қадап айтады. «Iзгi заң» деген ұғымды, әдетте, аз естимiз. Бiздiң санамызда «заң» деген ұғым қаттылықтың, тәртiптiлiктiң бейнесiн елестетедi. Адам – заңнан қорқып, заңға бағынып өмiр сүредi. Заң –биiк ұғым. Ол мемлекеттiң өзiнен жоғары тұрады. Мемлекеттiң өзi заңға бағынады. Осындай қалыпта «iзгi заң» деген түсiнiктi қалай ұғуға болады? Мiне, мәселе осында. Яғни, iзгi заң ол - әдiлдiгiн, туралығын айтып қана қоймай, сонымен бiрге, iзгiлiктi, адамдықты үгiттейтiн, орнататын заң болмақ. Қорыта келгенде, ғұламаның педагогикалық мұрасы әділетті қоғамдағы ізгіліктің жаршысы десек болады және қазіргі Қазақстанның билік жүйесін демократияландырудағы ықпалын анықтау үшін де қажет.ХХІ ғасырдың көкейкесті мәселесі тоғысқан кеңістігінде құқықтық мемлекет қалыптастырудағы демократияландырудың негізі әділетті билік – шенеуіктер тарапынан орын алатын парақорлықты, жемқорлықты жою, болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет