Мазмұны бет Кіріспе


- қағида. Ақылды, білімді басшы туралы



бет5/18
Дата26.04.2023
өлшемі112,22 Kb.
#86980
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18
Байланысты:
annotation77795

2- қағида. Ақылды, білімді басшы туралы
Жүсіп Баласағұнның ойынша, ақылды, білімді, әділетті ел басқарушы әр уақытта халқының қамын ойлайды, дастандағы ақылды, білімді басшы туралы:
Білімді бек қадірлі құлығымен,
Тірлік етті жарасты қылығымен.


Құштарланып жүргізді саясатты,
Бұл құштарлық жарасар парасатқа [21,112б],− деуі түркі халықтарының ортақ игілігіне айналған, адамзаттық мәдени мұраның құндылығы болып табылады.Оның ойынша, құттың даруы, бақытты болу байлық пен билікке қатысты емес, адам үшін құт пен бақыттың кепілі– ақыл мен білім.
Ғұлама ақын ақыл мен білімді адамды адастырмайтын шамшыраққа балайды. Ақыл мен білім адамның өмірінде кездесетін қандай да болмасын қиын жағдайлардан дұрыс жол тауып шығатынына күмән келтірмейді. Адам баласының қадір- қасиеті ақылмен, біліммен екендігі баса айтылады. Көркем сөз зергері білімнің пайдасы мен надандықтың кесірі, жомарттық пен сараңдық, ізгілік пен жақсы мінез-құлық туралы құнды пікірлер айтады. Білім мен ақылдың шапағатын ғұлама айта келіп, надандыққа, жауыздыққа қарсы білімді қояды. Білімнің пайдасы мен надандықтың зияны туралы былайша ой түйеді:
Ақыл шырақ, қара түнді ашатын,
Білім жарық, нұрын саған шашатын.


Ақылды ұғар,білімділер біледі,
Түгел болар білімді,есті тілегі!


Білік мәнін біл,не дейді білген ер:
Білім білсең, бәле жүрмес іргеден.


Кел,ай,надан!Дертке дауа жасағын:
Надан білім алса, құты тасады.


Күллі ісіңді ақылыңмен баптағын,
Уақытыңды біліміңмен сақтағын [21,91б].
Сонымен бірге ұлы ғұлама кісіні құрметті, абыройлы ететін де оның білімі дейді.Білім – наданның көзін ашады. Білім ─ әділет тірегі. Себебі, әділетті заң, әділетті ел басқарудың өзі тек білімді адамның ғана қолынан келеді дейді .
Қай кез болсын, бұл күнде де,бұрын да
Білімдіге тиді билік орын да.


Ер кемісі ақылменен жоғалар,
Ел бұлғаңы білімменен оңалар.


Кісі міні ақылменен күзелер,
Халық міні білімменен түзелер.


Бұл екеумен тындырмасаң жұмысты,
Білімді қой, ал қолыңа қылышты!


Ақылды бек – басшысы елдің шырағы,
Қылыш жұмсау − білімсіздің қылығы.
Ақыл болса, жаһан тұтпақ ерде ерек,
Білім болса, ел билемек ерде ерек [21,97б].
Немесе Жүсіп Баласағұнның:
Білімді −аз, білімсіздер қаптаған,
Ақылсыз − көп, ақылдыны таптаған [21,95б] деуі бүгінгі таңда да толғантып отырған мәселе екендігі даусыз. Білімге молынан сусындаған адам көп нәрседен үміттене алады, өйткені білім– даналық, денсаулық, бақыт көзі – ашықтық дей келе, ғұлама адам білім жолына жас кезден бастап түсуі керек, деген педагогикалық ой түйеді. Педагог ғалым ретінде Баласағұн білімге көп көңіл бөлген, білімге ұмтылған адам даналықтың шыңына шығады дейді. Білімді түпсіз тереңге теңейді. Білімсіздік рухани кемтарлыққа, надандыққа, зұлымдыққа бастайды, тек білім ғана адамды мейірімділікке, кез келген нәрсеге сын көзбен қарауға, ізгілікке бастайды.
Білім мен ақылдың адам баласына тигізер пайдасын көне дәуір ғұламасы осылайша толғайды Ғұлама пікіріне сүйенсек, басқарудағы өркөкіректік, адамдар арасындағы ізгіліктің болмауынан, басшы мінезінің жайсыздығынан, басқарушы парасатының төмендігінен қоғамда әділетсіздік пайда болады. Бұндай наразылық, көңіл толмаушылық қоғамға да, адамға да ешқандай пайда әкелмейді. Сондықтан «Құтты білік» дастанында Жүсіп Баласағұн билік иелерінің бойында кездесетін құлқынның құлы болу, тәкаппарлық сияқты жаман қасиеттен сақтандырады. Бұл ойын «Ізгі бектің түзу барша жұрты да, Болар ізгі жөн- жосығы, құлқы да!» [21,154б] - деген жолдардан кездестіреміз. Өмірде кездесетін әртүрлі мәселелерді шешу мен әлеуметтік әділеттілікті ұстап тұрудың басқарушы үшін оңай жүк емес екендігін айта келіп, дидактикалық дастанда Жүсіп Баласағұн елдің ел болуы, ел басшысының ел басқарудағы тәлім-тәрбиесінің негізі кісілікте, ізгілікті қасиетте екенін ерекше атайды. Тұлға мәселесін шешуде қарым-қатынастың орны ерекше, олай болса, ұлы ойшыл педагогикалық мұрасында басқару идеясы барлық қоғамдық қатынастың өзгеруіне және әртүрлі топтар мен түрлі деңгейдегі адамдардың бір-бірімен қарым-қатынастарында көрініс табатынын айтады.
Адамдармен ізгі қарым-қатынас нәтижесінде бұра тартушылық, ізгіліктің жаулары− дүниеқоңыздық, сараңдық, екіжүзділік, білімсіздік. Адамды дұрыс жолдан тайдыратын, адастыратын жаман қасиеттерді былай топтастырса болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет