Мазмұны бет Кіріспе



бет9/18
Дата26.04.2023
өлшемі112,22 Kb.
#86980
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   18
Байланысты:
annotation77795

Бек дегенің білікпенен берік тұр,
Білік кетсе, бек қалады желік құр.
Халыққа жақ, көңілі – тоқ, көзі тоқ
Ойы – терең, тілі – майда, сөзі – шоқ.[21,115б]
Өзі өмір сүрген заманның кемшілігін сынай келіп, мінсіз қоғам қағидалары және өмір мәні туралы ой топшылайды:
Ой сырына тек ақылды қанады,
Білім сатса, тек білімді алады.


Білім құнын біліктілер біледі,
Ақыл мәнін білікті ұғып жүреді.


Қайдан білсін надан білім бағасын,
Қайда болсын, білімді алар [21,117б]дей келіп, өмірдегі білімнің пайдасы мен надандықтың зияны туралы құнды ойлар айтады.


Кімнің бағы асса, игеріп ел ішін,
Кілең ізгі заң жасасын ел үшін,


Кімнің қолы ұзын болса жұртына,
Түзу, сынық болсын қылық, құлқы да!


Кімнің сөзі болса өтімді еліне,
Тілі шырын, болсын жылы өңі де.


Опасыз бақ желпінтеді, бұзады,
Тиянақсыз – тозады һәм озады [21,122б] адам бойындағы ең жақсы қасиет ізгілік екенін осы жыр жолдары арқылы дәріптейді.Елді басқарушы тұлғаның қадір-қасиеті оның халқына тигізер шарапаты және жақсы іс-әрекетімен ғана көрінеді деген ізгі ой айтады. Ол ақыл, парасат, ізгілік, ынсап пен имандылық, мейірімділікті ел билеушіге керекті ең асыл қасиеттер деп санайды. Бұл туралы зерттеуші ғалым Н.Келімбетов былай дейді: «Жүсіп Баласағұн ел басқарған патшадан бастап, аспазға дейінгі барлық хан сарайы қызметкерлерінің түр-сипаты, мінез-құлқы,ақыл-парасаты, міндеттері, жауапкершілігі қандай болу керектігін жеке-жеке баяндап шығады. Ақын әңгімені әмірші-патшаның өзінен бастайды. Ел-жұртты басқаратын адам– ақыл-парасаты ұшан-теңіз, ниеті түзу, сөзі шырын, өнер мен білімге жетік, қолы ашық, пейілі кең, кек сақтамайтын болуы шарт.
Жүсіп Баласағұн ел басқаратын әміршіге, бекке, мейлінше, жоғары талаптар қояды,бүкіл елге билік жүргізетін адам ақыл-парасаты мол, білімі терең, өнер мен білімді жоғары бағалайтын, кішіпейіл, ақкөңіл, жомарт, қарапайым халықтың қамын ойлайтын, «көзі–тоқ», «сөзі- шоқ», «тілі майда» жан болуы тиіс. Сонда ғана мемлекет гүлденіп, қазынасы алтын-күміске толады, халқы бақытты болады деген пікірді айтады» [4,198б].
Жүсіп Баласағұн−ақылдылықты, парасаттылықты, барға қанағат етуді, имандылықты ізгілікті үлгі тұтқан адам. Адамға керек қанағат, ынсапты Одғұрмыш бейнесі арқылы баяндалады. Қанағат - Одғұрмыш, керісінше, бұл өмірден оқшаулануды, тақуалықты, құдаймен қауышуды уағыздайды. Автордың сопылыққа жақындығы осыдан көрінеді. Өйткені, ол бір жағынан көшпелі қарахан бектерінің көзқарасын білдіре отырып, отырықшы халық арасындағы өз мұраттарын жүзеге асыру үшін қажет жалпы мұсылмандық қатаң шарттарды да уағыздады, екінші жағынан, қоғамның әлеуметтік және құлықтық кеселін, ақауын сынға алатын сопылыққа ден қойды.
Байлық кімде – билік сонда. Құдірет те сол, білек те сол. Үлкенге құрмет, кішіге ізет секілді күнделікті тұрмыс әдебінен бастап, елдік деңгейдегі, мемлекеттік дәрежедегі моральдық қарым-қатынас әдебіне дейін баяндалатын «Құтты біліктегі» ойдың түйіні жомарттық. Ғұламаның ерекше көңіл аударатыны −жүрек
Мiне, бұл мәселе туралы ойшыл бабамыздың:
Әлем билеу үшiн зерде – тiрек қой,
Ел билеуге керек – ақыл, жүрек, ой, - деуi сондықтан болар.
Жүректегі тыныштық мемлекетке де тыныштық әкеледі. Жүректі басқаратын мүмкіндік –мемлекетті басқаратын мүмкіндік. Мемлекетті басқару жүректің халіне байланысты, елдегі тыныштық та жүректің күй-жайына байланысты. Адамдардың жүрегі тынышталғанда, олардың аузынан ұстамды сөздер шығады, олар істерін тыңғылықты атқарады.
Ақыл, жүрек, ой- бір-бірімен байланысты бұл үш ұғым ізгілікті басшыға тән болып келеді. Ізгіліктің тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін білімді адастырмас нәрсе, ол-жүрек. Осыдан шығатын қорытынды: адамның жан дүниесін байытатын ақыл мен білім болса, оны бағыттайтын күш жүрек. Ақыл, білім және жүрек-ізгілік өзегі осы үш құнды асыл күштен құралған. Ел билеуге керек – ақыл, жүрек, ой, - деуi сондықтан болар. «Ізгі жүрек ізгілікке бұлқынар, Асыл текті тазалыққа ынтазар»
Билей алсаң, ақыл ,білім, жүректі.
Орындадым де қасиетті тілекті [21,592б]. Қазiргi әлемдiк жүйеде зерделi басшылар аз. Көбiсi туындаған мәселенi қару жұмсау арқылы, пышақ сермеп, қылыш сiлтеу арқылы шешiп тастағысы келiп тұрады. Бұл саналылықтың, зерделiліктiң көрiнiсi емес. Ол жерде iзгiлiктiң иiсi де сезiлмейдi. Iзгiлiктi басқарудың формасы зерделiлiкке негiзделуi керек.
«Құтты білік» дастанындағы мінсіз қоғам идеясын және қоғамды ізгі басқару мәселесінде адам мінезін, болмысын терең сезіне толғануы Жүсіп Баласағұн философиясының қазіргі таңдағы басқару мәселесінде ғылыми танымымызды кеңейтіп, ізгілікті басқарудың негіздеріне рухани бастау болмақ. Мемлекетті, халықтың тұрмысын жақсартудағы ізгілікті көзқарасының бүгінгі өркениетті қоғаммен сабақтастығы «Құтты білік» дастанының халықтық тәлім- тәрбиедегі тағлымды шығарма екендігіне дәлел.
Баласағұн үлкен демократ ретінде танылды. Оның халық билігінің күрделі диалектикасына негізделген ойлары бүгінгі күні үлкен мәнге ие болды. Әркімнің көкейіне қонатын ой - демократиялы, ал жекеленген адамдар ұстанған мұрат -мақсат демократиялық емес, Жүсіп Баласағұнның «Құтты білік» дастаны туралы: «Бұл – қазақ даласындағы елдік құру,ел басқару дәстүрінің тарихи өзегі сынды жазба мұра. Сюжет бойынша Дәулет қайтып, Қанағат дүние салғаннан кейін Әділет хан мен уәзір Ақыл екеуі дәулет пен қанағатты жоқтап, солардың орнын толтыру, елді көктетеу, түркі жұртын өсіру жолын іздейді. Мемлекеттің құты – білім-білік біліп, тіл, діл мен дінді берік ұстау, ағайынның бірлігі, ержүректік, ақылдылық екендігін түсіндіреді»,- дейді зерттеуші ғалым А. Егеубай [21,5б]. Сондықтан тәрбие мәселесінде адам бойында, ең әуелі ізгілік қасиет қалыптасуы керек. «Құтты біліктегі» төрт кейіпкер де ұлылық пен парасаттылықты сақтай отырып, өмірдің жалғандығын, құттың құбылмалылығын айта отырып, адам үшін ең керегі ізгі қасиет екендігін паш етеді. Қорыта келгенде, ғұламаның педагогикалық мұрасы әділетті қоғамдағы ізгіліктің жаршысы десек болады және қазіргі Қазақстанның билік жүйесін демократияландырудағы ықпалын анықтау үшін де қажет.Түркі халықтарының рухани өзегі болған ұлы мұра .Дастанның негізгі идеясы – ел басқару ісінің қыр-сырын білу, ел басқарудағы әділеттіліктің болуы және ел мүддесін ойлайтын адал басшының бейнесін көрсету арқылы құт дарыған, ізгілікті қоғам орнату.
Халқымыздың мемлекеттілік идеясы, құқықтық мемлекет, тәуелсіздікті мұрат ету идеясын бүгінгі күні жүзеге асыру еліміздің қазіргі даму кезеңіндегі ойымен ұштасуымен ерекшеленеді. Нарықтық экономикада болатын әлеуметтік әділетсіздікті, жікшілдікті тежеуге қажетті фактор − құқықтық мемлекет. Қазақстанның экономикалық өсу дәрежесінде әлеуметтік- мәдени қоғамды қалыптастырудың ортақ міндеті − құқықтық мемлекет құру.Осыған байланысты еліміздің дамыған елдер қатарынан көрінуінде, талғамы биік, жаңа заман адамын қалыптастыруда басқару мәселесінің рөлі зор.
Ғасырлар бойы халқымыздың қанына сіңген имандылық қағидалары: адамдар арасындағы ізгілік, қайырымдылық, адалдық, әділдік қарым-қатынасы негізінде жас ұрпақты тәрбиелеудің сыры тереңде жатыр.
Қоғамның жаңаруы, еліміздегі саяси жүйенің тұрақтылығы демократияның орнауына тікелей байланысты. Қазақстан Республикасы әлеуметтік-экономикалық модернизация мен билік жүйесін демократияландыру кезеңінде еліміздегі құқықтық мемлекет қалыптастыру мен басқарудың тиімділігін арттыру бағытында билік жүйесінде жаңа бетбұрыс жасаудың өзіндік ерекшелігі бар. Себебі, билік жүйесін демократиялық жолмен дамыту мәселесі қазіргі таңда қоғамда көкейкесті сипат алып отыр. Бұл туралы Елбасы Н.Ә.Назарбаев жолдауында: « Біздің бұрынғыдан да қуатты серпінмен алға басуымыз үшін барлық негіз бар, біз мұндай тарихи мүмкіндікті уысымыздан шығармайтын боламыз. Сол үшін де Қазақстанды жеделдете әрі жан-жақты жаңарту жолы таңдап алынды. Бұл біздің бұдан былайғы жылжуымыздың бірден- бір дұрыс бағыты», − деген пікірін айтады [1]. Құқықтық мемлекет болуда азаматтардың қоғамымызды жаңартуда жұмыла қызмет етуге қабілетті болуы, адамның білімі мен рухани жан- дүниесінің дамуы өркениетті адамзат қоғамы үшін үлкен парыз. Қазақ халқының ұлттық педагогикасының тамыры сонау ерте ғасырларда жатқандығы күннен күнге айқындала түсуде. Ұрпақтан- ұрпаққа берілген құқықтық мемлекет құру туралы тағлымды ойлар, бабаларымыздың өмір тәжірибесінен алған асыл ой-қазыналары қазақ педагогикасының тарихын дамытуда үлкен септігін тигізуде.
Гумандық қасиеттердің түп тамыры – адамгершілік. Мінез-құлықты жақсарту – кішіпейіл болу-бұлар жомарттықтың көрінісі. Адам бойындағы асыл қасиеттердің ең бастысы − жомарттық. Жомарттық пен сараңдық. Кішіпейілділік пен тәкаппарлық бұлар бір-біріне кереғар ұғымды білдіреді.
Жүрек болмаса, жүректің тазалығы мен ізгілігінде.
Жүрек қорықса, ақтығыңа жоқ күмән!


Бегің қорықпай, кейде қорқып тұрады ел,
Бегің онда қорқақ болды ұға бер, дейді [21,37б].
Ізгі жүрек – адам іс-әрекетінің демеушісі ғана емес, адамдықтың белгісі.
Ізгі сөз адамға жылылық береді. Ізгіліктің тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін білімді адастырмайтын да ,ол-жүрек. «Ізгі жүрек ізгілікке бұлқынар, Асыл текті тазалыққа ынтазар». Адамның жан дүниесін байытатын ақыл мен білім болса, оны бағыттайтын күш жүрек. Ізгілік кепілі – жүректің ізгілігінде. Ол – ақыл, білім және жүрек. Ізгілік өзегі осы үш құнды асыл күштен құралған.
Билей алсаң, ақыл ,білім, жүректі.
Орындадым де қасиетті тілекті [21,592б].
Төмендегі кестеде көрсетілгендей ізгілікті басқарудың мәнін былайша жүйелеуге болады:
Ал Жүсіп Баласағұнныңпедагогикалық мұрасындағы басқарудың негізі ізгілікті қоғам орнатудағы ізгілікті басқару қағидасы төмендегідей:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет