Мазмұны бет Кіріспе


Адамзат дамуындағы ізгілікті басқару идеясының тарихи- философиялық, әлеуметтік алғышарттары



бет17/18
Дата26.04.2023
өлшемі112,22 Kb.
#86980
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18
Байланысты:
annotation77795

Адамзат дамуындағы ізгілікті басқару идеясының тарихи- философиялық, әлеуметтік алғышарттары

Бұл өмірге келген әрбір адам бақытты болғысы келеді. Сөз жоқ, олар өзінің барлық саналы ғұмырында, игілікті тіршілік үшін талпынатындықтары да рас. Бірақ, бақытты болудың жолы қайсы? Адам баласының бақытты өмір сүруі, шындығында да, тікелей неге байланысты? Қандай жағдайда адам өзін бақытты сезінеді, бақытты өмір қай кезде болады? Қоғам қалай пайда болды? Ол қалай дамыды? Оның даму бағыты, болашағы қалай болады? Бұл сұрақтар әр заманның ойшылдары мен қарапайым адамдарын да толғандырған еді. Ертеден-ақ айналадағы өмірді тануға ұмтылған адам қоғамдағы басқару үрдісінің қажеттілігін де түсінді. Ендеше, бұл тараудағы мақсат: адамзат дамуындағы ізгілікті басқару идеясының пайда болуының философиялық, әлеуметтік алғышарттары мен әлемдік педагогика тарихындағы ізгілікті басқару идеясының генезисін зерделеу.
Басқару идеясының пайда болуы нақтылы қоғамды басқару әрі оның даму дәрежесімен анықталады. Қазіргі ғылыми деректерге сүйенсек, алғашқы адамдар қауымдастығының өмір сүру шартына айналған еңбек қызметінің жаңа нысандарын, өндіруші әрекеттің қызмет етуін ұйымдасқан түрде қамтамасыз ету барысында басқару пайда болды. Осыдан келіп, қоғамнан көптеген ұйымдастырушылық қызмет көрсету болып табылатын адамдар тобы бөлініп шығып, басқарушылық лауазымдар болды. Қауымдық сана қоршаған ортаға байланысты, қауымдық тіршілік тынысына сай дамып отырады. Қай халықтың болмасын, өзіне тән өмір сүру салты болады. Ол ұрпақтан ұрпаққа мұра болған рухани дәстүрлі мәдениеттен көрініс табады.
Қазақ халқының педагогикалық ой-пікірін халықтың өмірімен, салт - санасымен, тыныс-тіршілігімен тығыз байланыста алып қараған орынды. Халқымыздың даму тарихында жазу-сызудың болмаған кезінде де ру көсемдерінің ізгілікті басқару туралы атадан балаға ұласқан тәлімінің орны зор. Өмірден көргендерін көкейлеріне түйген әрі жеке адамның мінез-құлқының қалыптасуына және қауым мүшелерінің дамуына ықпал еткен, олардың іс- әрекетіне жол көрсетіп басқару ру ақсақалдарының құзырында болды. Олардың шешімінің орындалуы барлық қауымдастық үшін заңдылық еді. Бұл өзін- өзі басқарудың алғы шарты десек болады.
Адам тәрбиесі қоғамдағы тәрбиеге тікелей байланысты болады. Адамзат қоғамы үнемі адамдардың қоғамдаса тіршілік етуімен, өзара қарым-қатынас әрекетімен, бір-біріне ықпал етуімен, пікір-таласымен өсіп , өркендеп келеді. Мұндай процесте басқарудың рөлі зор болмақ. Басқару ұғымына ғылыми тұрғыда мынадай анықтама беріледі: «Басқару - әр алуан ортаның (әлеуметтік, биологиялық, техникалық) белгілі бір құрылымын сақтап, әрекет ету режимін қолдау, олардың мақсат-мұраттарын жүзеге асыруды қамтамасыз ету үшін ұйымдастырылған жүйенің қызметі. Басқару – қызмет аясына қарай әлеуметтік, саяси, экономикалық, экологиялық, рухани, мәдени, әкімшіл, табиғи, т.б. болып бөлінуі мүмкін [75,164б]. Келтірілген ғылыми анықтамада басқару бүгінгі күннің талабына сәйкес сипатталған. Дегенмен, басқару – сан алуан ғасырларды басынан өткізген күрделі үрдіс. Сондықтан тарихқа бет бұрғанымыз жөн.
Ғасырлар бойы қоғамның даму барысында адамзат бірнеше тарихи-әлеуметтік кезеңді өткізді. Сол сияқты басқару үрдісі эволюциясының да тамыры тереңде жатыр. Қоғамдық дамудың алғашқы кезеңінде әлемді түсінудің тәсілі аңыз түрінде пайда болды. Аңыз барлық халықтарда бар. Аңыздың көмегімен қоғамның өткені, болашағы туралы адамдардың ой-қиялы және олардың рухани өзара байланысы көрініс береді. Рухани құндылықтар ұрпақтан-ұрпаққа ауысып отырады. Сол сияқты ізгілік ілімінің бастамасы да, діни сенім, саяси көзқарас, қоғамды басқару, т.б.туралы ой негізінде қалыптасты.
Мифологиялық кезеңде адамның өзі туралы түсінігі және айналадағы ортаны ой елегінен өткізуі орын алған. Әлемнің, адамның шығу тегін түсіндіруде екі түрлі наным болды. Бірі әлемді құдай жаратқан деп түсіндірілсе, екіншісі оның даму идеясын жақтады. Сол сияқты, ізгілікті басқару идеясы да қазақ халқының ерте замандағы ой-пікірлерінде, мифтік аңыз, қиял-ғажайып ертегілерінде көрініс тапқан. Осы орайда, қазақ халқының психологиялық жай-күйін бейнелейтін халық ауыз әдебиеті мен аңыз-әңгімелердің орны зор. Аңыздың көпшілігі еңбек адамдарына, олардың тұрмысына, әдет-ғұрпына арналған. Ол әлеуметтік құбылыс ретінде ғылымның дамуында ерекше орын алады. Бұл халқымыздың ғасырлар қойнауынан ұрпаққа жеткен рухани мұрасы, асыл қазынасы халық фольклоры мен поэзиясының негізі ертегі, аңыз әңгіме, мақал - мәтелдер ізгілікті басқару идеясының тамыры екендігін дәлелдейді. Мысалы, ғұлама Жүсіп Баласағұнның түркі халықтарына ортақ «Құтты білік» дастанындағы басты кейіпкерлер Күнтуды мен Айтолды сияқты әділ адамның елді басқаруы бақытты заманды аңсаған ертегілер мен аңыз әңгімелерде де көп кездеседі. Мұндай мысалдар Шығыс және Батыс елдерінің ауыз әдебиетінде жиі кездесіп, тәлім-тәрбиелік идеялардың негізі болып табылады.
Ерте замандағы халық ұғымында: жер жүзіндегі барлық жаратылыстың түпкі тегі төрт нәрседен жаратылған, ол – топырақ, су, от және ауа. Сондай- ақ, барлық болмыстың өмір сүру тетігі жарық пен қараңғылыққа байланысты деп білген. Тарихы ертеден басталатын ізгілік идеялары халық ауыз әдебиетінде, эпостық жырларда, адамдық, игілік идеялары арқылы көрінеді. Жарық – ізгілікке толы өмірдің, жақсылықтың, бақытты өмірдің белгісі;ал қараңғылық – суықтың , түннің, жаманшылық пен сор-қырсықтың белгісі. Бұлар бір-біріне қарама-қарсы күштер деп санаған. Жоғарыда айтылғандарды қорытындылайтын болсақ, ізгілік туралы тәлім-тәрбиелік көзқарастың қайнар көзі – халықтық педагогика.
Осылайша, халықтық педагогикадан ізгілікті басқару туралы ұлттық тәлім-тәрбиеге тән ғибратты ой-пікірлерді көп табамыз. Ондағы тәлім-тәрбиеден елін сүюді, халқын құрметтеуді әрі үлкенге құрмет, кішіге ізет білдіру, өз ұрпағын еңбекке үйрету, өмір сүруге баулу, яғни ізгілік қасиетті бойына сіңіру қасиетінен адамзат қоғамымен бірге жасап келе жатқан тарихи процесс екенін көреміз.
Ұлттық салт-дәстүр адамның дүниге келуі мен өмірінің соңына дейін жалғасады. Мұндай құбылыс жер бетінде әр елде пайда болып, дамыды. Ендеше, адам үшін ең басты құндылық – ізгілікті қоғамда өмір сүру екендігі айқындала түскендей.
Басқару идеясының генезисін зерделеуде адамзат тарихында қайталанбас ізін қалдырған, қоғамның қарқынды дамуына зор үлесін қосқан ертеде пайда болған әлем өркениеттерін ескерген жөн. Олар былайша топтасады:
1. Ежелгі Таяу Шығыс
2. Ежелгі Қиыр Шығыс
3. Ежелгі Азия
4. Батыс өркениеті
Бұл өркениеттер өзіндік ерекшелігімен сипатталады әрі әрқайсысы да басқару идеясының дамуына өз ықпалын тигізді. Сондықтан басқару саласының американдық теоретигі Клод Ст. Кіші-Джорж өзінің «Басқару ойларының тарихы» атты кітабында біздің дәуірге дейінгі 5000 жылдан бастап, менеджменттің дамуын суреттегенде, Шығыстан бастайды. Сондай-ақ, мемлекеттік басқару туралы ғалым былай ой түйеді: «Басқару ғылымының эволюциясын дәлірек әрі терең түсіну үшін басқару ойларының негізгі даму бағыттары туралы нақты ұғымға ие болу керек» [76,15б]. Ол туралы бірқатар мәліметтер төмендегідей (1- кесте).





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет