Хат жазудың үлгісі: 1. Адресант сәлемдесу түрін анықтауы қажет (хат жолдаушының жасын, әлеуметтік жағдайы мен қарым-қатынасын есепке алуы керек).
2. Жазу барысында:
а) хат жолдаушының өзіне, қызметіне қызығушылық тудыратын тәсілді анықтау.
б) Мазмұнды баяндауды анықтау.
в) Қорытынды жасау.
г) Авторға тілек айту.
д) керек болған жағдайда «P.S» белгілеу (посткритум-хатта үлгермеген хабарлаулар).
е) хаттың безендірілу мәдениетіне көңіл аудару (күні, қолы, сауаттылығы, тазалығы, қағаздың сапасы). Бұл деңгей хат авторын, оның адресатқа деген көзқарасын анықтайды.
Мысал ретінде Мәлік Ғабдулиннің Қадыр Мырза Әлиге жазған хатынан үзінді:
Құрметті Қадыр! Бауырым, мен сенімен сырттай таныс болғанымен сырласың емеспін. Сондықтан, саған арнап жазып отырған бұл хатымды егде ағаның ежіктемесі деп қарайсың ба, әлде қамқор көңілдің қанағаттанғандық белгісі екен деп қарайсың ба – ол арасын өзің білесің.
Негізгі бөлімнен: «Тағы бір шындығымды айтайын. Сен бір өлеңіңнен екіншісіне дейін, бір құйындата самғаудасың, биіктен биікке, асқардан асқарға көтеріліп барасың. Осыныңа қуанам, риза болам. Сенің әрбір өлеңінде ( басқа құрдастарында аз кездесетін ) үлкен ой, тұжырымды түйін жатады».
Мен сенің бұдан былайда творчестволық жаңа табыстарға жете беруіңе белестен белеске көтеріле беруіңе шынкөңілден тілектеспін.
Саған осы хатты жазып болған бойда мына бір жеңіл әңгіме есіме түсе қалғаны. Соны да қоса салайыншы [2,147].
Е.М. Виноградова хаттарды коммуникативтік қызметіне қарай былай топтастырады:
1. Жеке хаттар( негізгі эпистолярлық жанрлар)
а) Қалыптасқан үлгісі жоқ хаттар (әлеуметтік –тұрмыстық хаттар)
б) этикет түрдегі хаттар
в) кепілдемелік хаттар
г) Белгілі бір үлгіде жазылған хаттар
2. Жеке іскерлік хаттар
а) Басқа интонацияға бағытталған хаттың көшірмесі.
б) Адресанты жасырын хаттар
3. Ресми-іскерлік хаттар
а) Нұсқаулық
б) Дипломатиялық
в) Хабарлама, рапорт
4.Әдебиеттегі хаттар ( Қосымша эпистолярлық жанрлар)
- Әдеби достық хаттар (стилистикалық стиль)
- Жариялану үшін авторлық өндеуге түскен хаттар
- Баспалық құлақтандыру хаттар
- Өлеңмен жазылған хаттар (арнау)
-Әдеби мазмұндағы (тұрмыстық емес) жеке хаттар
- Әдеби қосымшасы бар жеке хаттар
- Әдеби шығарма құрылымындағы хаттар
- Ашық хат ( Редакцияға жазылған хаттар)
Хат тұрмыстық шеңберінен шығып, қазіргі кезде публицистикада, әр түрлі мекемелерде (іскерлік хаттар) көрініс таба бастады. Мәселен, хат басқару байланысының негізгі құралы болып табылады. Хабар-ошар алысу мекеме құжаттары жалпы көлемінің 80 пайызын құрайды.
М.Қасымбеков, Қ.Әлімқұлов ресми іс қағаздар қатысты кітабында хаттарды маңызы мен мазмұнына қарай: а) инициативалы ( хат талап, хат өтініш, хат-шағым, хат ескерту, хат хабарлама, хат-ескерту, ілеспе хат) және б) жауап ( ақпарат-түсінік, тыйым салу хаттары) [3,25] .
Жоғарғы мекемелер мен ұйымдардан шығатын хаттар, негізінен, тапсырма беру, хабардар ету, ескерту, түсіндіру, сұрау салу түрінде жиі кездеседі. Ведомстволық бағынышты мекемелер жоғары органдарға жауап қайтарып, хабар береді, өтініш жазады. Олардың әрқайсысының белгілі бір үлгісі, формасы болады.
Жеке-жеке тоқталсақ: