Курстық жұмыстың әдістері: талдау,жинақтау,жүйелеу,зерттеу.
Курстық жұмыстың ғылыми болжамы.
Болашақ ұрпаққа ұялы телефондағы хат жазумен шектетпей, түрлі сабақтар арқылы, хат жазудың екрекшелігін үйретсек болашақта сауатты, сөздік қоры бай ұрпақ тәрбиеленетіні сөзсіз.
Курстық жұмыстың құрылымы. Кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан тұрады. Пайдаланған әдебиеттер тізімі берілген.
1 ТАРАУ ХАТТАРДЫҢ ЖАЛПЫ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ МЕН СИПАТТАМАСЫ
1.1 Хаттың түрлері, даму тарихы және оның зерттелу жолы
Хат жанры ықылым заманнан бері бүгінгі күнге дейін әлеуметтік маңызы зор жанрлардың бірі. Хат мәтіні – мәдени және тарихи мәні зор жанрлардың бірі, жазба тілдің ежелгі формаларының бірі. Көптеген ғалымдар хатты «Эпистолярлық стиль», «Эпистолярлық әдебиет», «Эпистолярлық жанр» деп атап жүр.Эпистолярия грекше (epistole) «хат» деген мағынадан шыққан. Қазақ Совет энциклопедиясында: «Эпистолярлық әдебиет, эпистолография( грекше жолдау, үндеу) – сан алуан хат түрінде жазылған шығарма. Эпистолярлық әдебиетке жеке адамдардың бір-біріне жазған, мәдени маңызы бар, әдеби мұраға айналған хаттары да жатады», деп түсінік береді. Ал, орыс ғалымы «Функцоналдық және құрылымдық белгілері бар кез-келген тексті эпистолярлық деп атайды.
Рабиға Сыздықова аталған стиль туралы: «Бұл стиль жеке адамдардың бір-біріне жазысқан хаттарының тілін танытатын сөз мәнері. Әдетте бұл салада зерттелуге тиісті материал кез-келген адамның күнделікті тұрмысқа, үй ішіне, қара басына қатысты жайларды сөз еткен хаттары емес, белгілі қоғам қайраткерлерінің, қалам иелерінің, ғылым-білім өкілдерінің, көбінесе әлеуметтік не өзге де мәні бар мазмұндағы корреспонденциялары болуға тиіс» [1,125],-дейді.
Хат деп белгілі субъектінің екінші біреуге, бірлестікке, қоғамға, мекемеге арнап жазған жеке туындысын айтамыз.
Хат жазу барысында нақты тұрақталған үлгісі болмаса да, белгілі бір жазу мәнері бар. Хат бірінші жақтан баяндалады. Нақтылы адресант (хатты жазушы) пен адресаттың (хат жолдаушы) болуы керек.
Достарыңызбен бөлісу: |