Мазмұны Кіріспе бөлім



бет7/14
Дата10.06.2022
өлшемі70,83 Kb.
#36644
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   14
Байланысты:
Хаттарды окытудын негизги ерекшеликтери (1)

7. Суреттермен жұмыс (әр суретке қарап, әңгімелесу, ой бөлісу)
a) Шоқанның әжесі Айғанымның суреті( әжесінің берген тәрбиесі туралы)
b) Арғы атасы Абылайханның суреті (мінездерінің ұқсастығы туралы)
c) Шоқан және Достоевскийдің Семейде түскен суреті (достығы туралы)
d) Шоқанның әскери киімде түскен суреті (жеке тұлғасына сипаттама)
8. Сабақты қорытындылау (сызба арқылы қорытындылау)
Хатты талдау 3-ші бөлім Ф.Достоевскийдің
Шоқан туралы ойлары
Үш бөліктен тұрады
1-ші бөлім 2-ші бөлім
Шоқанның хаты Ф.Достоевскийдің Шоқанға жауабы
9. Бағалау
10. Үйге тапсырма (6- деңгейлі тапсырма беру)
Мысалы, «Егер қазір Шоқан тірі болса...» эссе жазу.
« Егер мен ғалым болсам...» ой толғау. Шоқанға хат жазу. Мәтіннің мазмұнын айту. Ш.Уәлиханов туралы реферат дайындау. Диалог құру, сөйлесу.
Тақырыбы: А. Байтұрсынұлы «Анама хат» өлеңі
Сабақтың мақсаты: Білімділік: А.Байтұрсынов – тілші, әдебиетші, көркемсөз шебері, ақын, аудармашы, қоғам қайраткері екенін таныту. Өлеңнің мазмұнын меңгерте отырып, идеясын ашу; Дамытушылық: оқушылардың ойын еркін айта білуін қалыптастыру; Тәрбиелік: мейірмділікке, адамгершілікке, ұлтжандылыққа баулу, ұлыларымызды үлгі тұтуға тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: топпен жұмыс, топтастыру, сұрақ-жауап, талдау, ой толғау.
Сабақтың көрнекілігі: интербелсенді тақта, домбыра, қобыз, сызба -кестелер, ҚР. картасы, кеспе қағаздар және жұлдызшалар, суреттер.
Сабақтың түрі: кіріктірілген сабақ.
Сабақтың типі: жаңа тақырыпты меңгерту.
Пәнаралық байланыс: тарих, қазақ тілі, ән-күй.
І. Ұйымдастыру кезеңі
а)оқушылармен амандасу, түгендеу.
ә) психологиялық дайындық
Сабақтың дәйек сөзі: «Ахмет Байтұрсынұлы – ұлттық тарихымызда ешкіммен салыстыруға болмайтын ерекше тұлға» Ә.Кекілбаев.
ІІ.Жаңа сабақ
А.Байтұрсынұлының өткен сабақта қандай шығармасымен таныстық? («Қара бұлт» өлеңі)
Өлең тақырыбы не жайында? (Адам бойындағы жақсы,жаман қасиеттер жайында)
Ал бүгінгі сабағымызда «Анама хат» өлеңі.
Өлеңнің шығу тарихымен таныстырылады. (сызба-кестемен)
Бұл өлеңі домбырада әнімен орындалған. (Музыка пәнінің мұғалімі домбырамен «Анама хат» әнін орындайды)
Ән тыңдау кезінде «Ақын туған жерінің келбеті» слайдтары көрсетіледі.
Музыка пәні мұғалімі ән туралы сұрақтар береді:
— Ән қандай екпінде орындалды? Әнді тыңдау барысында қандай көңіл-күйде болдыңыздар?


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет