Мазмұны Кіріспе бөлім



бет4/14
Дата10.06.2022
өлшемі70,83 Kb.
#36644
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Өтініш хатта адресат белгілі бір істің атқарылуын немесе оның тоқтатылуын талап етеді, алайда ол жөнінде жауап қайтаруға міндеттемейді.
Сұрау салу хатына белгілі бір мәселені түсіндіріп немесе фактілердің болған-болмағанын растап жауап берілуі тиіс.
Шағым хатта автор шартты міндеттемелердің орындалмауы салдарынан орын алған шығындарды өтеуді талап етеді.
Ескерту хаттар – адресат өзі атқаруға тиісті міндетін уақытылы орындалмаған кезде жазылады.
Циркуляр хаттар – ведомстволық жағынан бағынышты барлық мекемелерге 1 мезгілде жөнелтілетін хат, олар, негізінен, тапсырма беру сипатында болады.
Ақпарат түсінік хаттары дегеніміз – бұрынғы тапсырылған міндетті түсіндіруге, оның кейбір мәселелері мен фактілерін нақтылай түсу мақсатында жазылатын хаттар.
Тыйым салу хатында салынған сұрауға мәселелердің шешілмеген туралы жазылатын болса, шешім хатында – мәселеніің дұрыс шешілгені жөніндегі мағлұмат береді.
Ілеспе хат – адресатқа құжатпен бірге оны орындау жөніндегі қосымша түсінік беруді талап ететін жағдайда жазылады. Онда негізгі құжат не үшін жіберілді, онымен не істеу керек және оны қанша мерзімде орындау қажеттігі көрсетіледі. Ілеспе хаттың мынандай түрлері болады :

  • мағлұмат үшін;

  • уағдаластық бойынша;

  • келісу үшін;

  • қарау үшін;

  • жауап беру үшін;

  • сіздің хатыңызға орай;

  • шара қолдану үшін;

  • қайтаруды сұраймыз.

Қызметтік хаттардың еркін түрде жазылатын кездері де жиі кездеседі. Ол әр лауазым иесінің жеке басының шеберлігіне, сауатына, мәдениетіне мен біліміне байланысты болады.
Хат жазудың соңғы жетістіктерінің бірі-бүкіл әлемдік интернет жүйесі арқылы хат алысу. Мұнда әрбір адамда жеке электрондық мекен-жай, мекен-жайын табу үшін өзінің құпия сөзі (код), хат қоржыны болады. Бұл интернет жүйесі арқылы кез-келген электрондық мекен-жайы бар досыңа немесе басқа адамдарға хат жіберсіңіз ол бес секундтың ішінде өз иесін табады, яғни дүниенің төрт бұрышына ортақ байланыс. Соныммен қатар бұл жүйе арқылы көптеген суреттер, документтер, іс-қағаз құжаттарын, т.б. хат арқылы жіберіп, өзіңіз де ала аласыз.
Өкінішке орай бұл жүйе тек ағылшын және орыс тілдерінде. Қазақ тіліндегі нұсқасы шықпаған.
Қорыта айтқанда, хат стилінің адамдар арасындағы қарым-қатынас құралы ретіндегі маңызы зор деп айта аламыз. Болашақта да осы хат жанры өзінің даму шеңберін кеңейте береді деп ойлаймыз.
Хат дегеніміз – көне заманнан бері адамдардың қарым-қатынас жасау құралдарының бірі болған. Ел билеушілері арасында жазылған хаттардан, тарихи деректерді білуге болатыны айтпасақ та түсінікті. Хаттарды жекелеген адамдар да жиі жазатыны белгілі. Әйгілі адамдардың жазған хаттары, олардың өмірлерін тереңірек танып-білуге болатын нақты құжат болмақ. Ағайын-туғандар, дос-жарандар арасында жазылған хаттар, олардың ұрпақтары үшін асыл мұра ретінде сақталатын оқиғалар да аз ұшыраспайды. Мұндай хаттарда, жеке тұлғалардың ауызша айтыла бермейтін көңіл-сырларын білдіретіні, сол кездегі өмір мен өмір-тірліктерін сипаттайтынын ұғыну қиын емес.
Ұлы Отан соғысы кезеңінде майданнан ата-анасына, туыстарына жауынгерлер жиі хат жолдайтын еді. Мұндай хаттардың кейінгі кезде құнды дүниеге айналғаны да мәлім. 1980-90 жылдары «Майданнан жазылған хаттар» деген жауынгерлердің жазған хаттары кітап болып шыққаны осының айқын дәлелі болса керек. Сондай-ақ, қыз-жігіттер арасында жазылған ғашықтық сезімдерін білдіретін хаттардан, олардың таным-түсінігін, ой-өресін, тіл байлығын білеміз. Тіпті, ақындардың кейбір өлең-жырлары хат ретінде жазылған. Ал, әйгілі адамдардың бір-біріне жолдаған хаттарында ауызша айтыла бермейтін көңіл сырларын ашып айтатын көрінеді. Осындай хаттарды оқып отырғанда әдеби шығармаларда, естеліктерде, баспасөзде жарияланған мақалаларда айтуға болмайтындай құпиялы жәйттердің өзін, хат арқылы білдіретінін аңғару қиын емес. Осы тұрғыдан қарастырғанда хаттар дегеніміз, зерттеуге лайық өз алдына бір жанр (эпистолярлық) деп тұжырауға да болады. Бұлай дейтініміз жазысқан хаттары арқылы әйгілі адамдардың ішкі жан-дүниесін, болмыс-бітімін, оның нақты тұлғасын тереңірек білуге хаттардың көмегі зор болмақ. Өйткені, олардың айтылмаған сырлары, ашылмаған құпиясы хат жолдарында өрнектеліп, олардың адам ретінде қандай болғанын, шынайы мақсаты мен мүддесі, ойы мен арманы, күйініші мен сүйініші, өкініші, өмірге, саясатқа деген көзқарасы да бүкпесіз ақтарыла айтылады. Мұны ешқандай естеліктерде, әдеби шығармаларда, не болмаса мақалаларда қамтылмайтын, шынайы ақиқатты көрсететін нақты құжат деп тануға болады. Демек, хат дегеніміз, нақты шындықты бұлтартпай көрсететін құжат. Осы тұрғыдан қарастырсақ, хатты өз алдына жеке жанр (эпистолярлы) деп зерделегеніміз жөн болар. Белгілі қоғам қайраткері, Ілияс Омаровтың жазған хаттары мен оған жолдаған хаттарды оқығанда біз осындай тұжырымға тірелгендей болдық.
Жуықта «Раритет» баспасынан белгілі мемлекет қайраткері Ілияс Омаровтың архивте сақталып қалған хаттары «Ілияс Омаров: хаттар арқалаған сырлар» деген тақырыппен көлемді кітап болып басылып шықты. Ұлт ұлының есімі өткен ғасырдың екінші жартысында Қазақстан жұртшылығына кеңінен белгілі болған. Ол облыстық, республикалық басқару органдарында қызмет атқара жүріп, қазақтың рухани өміріне айтарлықтай ықпал еткен аса көрнекті қайраткер болғаны оның жеке тұлғалармен жазысқан хаттарынан айқын аңғарылады. Ол жазған мақалалар мен жасаған баяндамалар, сөйленген сөздер және ол туралы естеліктер оның қайраткерлік тұлғасын танытатыны сөзсіз. Солай болса да, осынау жинаққа енгізілген хаттарға зер салсақ, Ілияс Омаровтың аса биік парасаты мен білімдарлығы, замандастары арасында абырой-беделі өте зор болғанын, сонымен қатар, бойына ұлттық сезім берік орныққан, қандай жағдай болсын қазақтың ұлттық мүддесін қорғауды мақсат еткенін ұғынуға болады.
Жаңа жинақтың кіріспесінде оның «социалистік қоғамды қалыптастыру мұраттарына деген сенімі берік» болған дегендей баға берілген екен. Шын мәнінде, оның мұндай көзқарасы тек сөз жүзінде айтылып, сырттай қарағанда ғана осылай екені хаттардан анық байқалады. Социалистік қоғамға қызмет еткеннен кейін, оның мүддесін қорғауы міндеті болатыны айтпасақ та түсінікті. Алайда, ол социалистік қоғамға қызмет ете жүріп өзінің халқының мүддесін қорғауды өмірінің басты мәні деп білгені осынау хаттардан көрініс беріп отырады. Сырттай компартияның саясатын мадақтай сөйлегенімен, оның ақыл-қайраты, білімі өзінің халқын, тілі мен дінін, салт-санасын жоюға бағытталған тоталитарлық-большевиктік езгіден қазақ халқын құтқарып қалудың амал-айласын қарастырумен өмір кешкенін хаттардан ұғынуға болады. 1930 жылдарда «Алаш» арыстары қазақтың ұлттық мүддесін ашық, жариялы түрде қорғап күрес жүргізсе, олар жаппай атылған соң, мұндай амалды қолдану мүлдем мүмкін болмағаны айтпасақ та түсінікті. Сондықтан да, қазақтың ұлттық мүддесін қорғаудың өзгеше жолын табу қажет болған. Мұны, Ілияс Омаровқа жазған хаттардан, жауаптардан айқын аңғарғандай болдық.
Кітаптағы хаттардың мазмұны мен мәніне қарай сараптасақ, бірнеше топқа бөлуге болады. Мұнда Ілияс Омаровқа жазылған хаттардан, қатардағы қарапайым азаматтардан бастап, Қаныш Сәтбаев пен Мұхтар Әуезовке дейін әйгілі қайраткерлердің ой толғамдары, Ілияс Омаровтың дарын қабілетіне баға беруі, оны не себептен құрмет тұтуы жөнінде көптеген мағлұматтарға қанық болдық. Сондай-ақ, Ілияс Омаровтың әйгілі өнер және мәдениет қайраткерлеріне жазған хаттарынан да, оның ақыл-парасаты, білімі мен білігі, дарын қуаты қандай болғанын ұғыну қиын емес. Жаңбыр-жаңбырдың арасымен жүргендей болып, сөз арасында немесе сөз астарында қазақтың ұлттық мүддесін қорғау мәселесі үнемі қозғалып отырады. Әрине, сол кезеңдегі тоталитарлық режимнің қанды шеңгеліне ілініп кетпеу үшін ұлт мәселесі жөнінде әр сөзді сақтықпен қолданған. Оған жазылған хаттардан, сол кезеңде Ілияс Омаровтың қазақ халқының ең басты қорғаушыларының бірі болғаны, қазақтың өнері мен мәдениетінің, әдебиетінің дамуына жөн-жоба көрсететіндей кемеңгерлігі де аңғарылады. Одан ақыл-кеңес сұраған немесе іс-әрекетіне пайдалы болу үшін ой саларлық хаттар да аз жазылмапты.
Жалпы, Кеңес одағы тарихында 1937 жылдардан кейін «ұлтшылдық» деген айыппен екі рет қуғындау науқаны жүргізілген екен. Оның біріншісі, Бекмахановтың қазақ тарихына, оның ішінде Кенесары ханға байланысты «тазалау» жүргізген болса, 1970-ші жылдары Украинаның бірінші басшысы «Шелесті кадр таңдауда «ұлтшылдыққа жол берді» деген сылтаумен жүргізілген науқан болды. Сондықтан да, қазақтың ұлттық мүддесін қорғаушылар үшін өздерінің іс-әрекеттерін аса сақтықпен жүргізуге тиісті болғаны Ілияс Омаровқа жазылған хаттардан да аңғаруға болады.
Мәлік Ғабдуллинге 1953 жылғы 2 мамырда жазған хатында Ілияс Омаров, асыра сілтеу саясатымен тыйым салыну қаупіне ұшыраған «Ер Сайын», «Едіге» туралы эпостарды болашақ ұрпақтың игілігіне айналдыру жолында күрес жүргізу жөнінде ақыл-кеңесін аса сақтықпен айтады. «Біз сияқты халықтарға да фольклор үлкен мұра, бірақ оны біз бір жағынан бағалай отырып, екінші жағынан оны аспанға шығарудан сақ болуымыз керек, дәл болса біздің әдебиетімізден әлі фольклористика кетіп болған жоқ, ол қазіргі заманда бәлендей жақсылық емес, екіншіден фольклор өзіне тән өткенді өркеңдеңкіреп көрсетіп, дәріптеушілік туғызуы мүмкін.
Сол себепті әрбір эпостың артынан ере тұру керек. Екінші жағынан мұраның бәрі мұра деп кеудесіне нан пісіп жүретін жалған ұлтсүйгіштер болатын. Олар қазақтан басқа ел жоқтай қазақшалап айтқанда даңкөтендікке салынып, көрінген нәрсеге «во» деп оң бармағын шоқтыратып жүретін таусоғарлар. Әрине, бұларға тыйым салу керек. Біздің халқымыздың тарихта «скромный» ғана орны бар, кеуде кермей, мақтанбай ғана көрсетсек, біз тарих алдында кінәлі болмаймыз» [3,73-74].
Кітапта қамтылған жүздеген хаттарды сараптасақ Ілияс Омаров әсіресе, Бауыржан Момышұлымен жиі хат жазысқанын көреміз. Бауыржан Момышұлының бүкіл қазақ зиялылары арасынан ең жақын тартып сырласатын адамы Ілияс Омаров болғаны, олардың арасында жазылған хаттардан айқын байқалады. Бауыржан үшін Ілияс әрі сырлас-мұңдас дос, әрі ақылшы ұстаз, әрі оның өміріне де, шығармашылығына да бағыт-бағдар сілтейтін тәлімгер болыпты.
Бауыржан әскерде жүргенде-ақ, шығармашылықпен айналыса бастаған кезден бастап, кейінгі шығармаларына дейін Ілияспен ақылдасып, әр туындысын қалай жазатыны, жазылған шығармалары жөнінде пікірін сұрап отырған екен. Ал, Ілияс болса Бауыржанды шалыс басудан, қызбалыққа түсуден сақтандырып, оның қазақ халқы үшін қандай тұлға болатынына дейін ескертіп, ұғындырып отырыпты.
Бауыржанның көбінесе, ұлт мәселесінде қызбалыққа салынуына кейбір зиялылардың асыра сілтеу көзқарастары түрткі болғанын жұртшылық жақсы білсе керек. Кейбір қазақ зиялылары, сол кезеңдегі саясатты тура мағынасында бұлжытпай ұстанғандықтан да, сергек ойлы азаматтардың нақақтан зәбір шеккен оқиғаларды да жасыруға болмас. Бұл ретте қатардағы қаламгерлерден бастап, ұлы жазушымыз Сәбит Мұқановқа дейін ұшқары көзқарас танытқан оқиғалар болғаны да шындық. Мұндай жәйт Бауыржанды да талай қынжылысқа түсірген болса керек. Мәселен, ол 1967 жылы Омаровқа жазған хатында, ұлы жазушы Сәбит Мұқановқа деген ренішін былай баян етіпті: «Мұхтар мен Ғабиттен еш нәрсе шығара алмағаннан кейін, енді мені біраз ермек еткісі келген болуы керек. Тексеріп жатқан сенің приемнигің дейді.
Мен үріккен танадай сыртқа қашып жүрместен, барлық жақсылық-жаманшылықты елге барып көрейін деген принциппен барлық қызметтерімді–шығармаышылыққа тоқтатып, келесі аптада Алматыға аттанбақпын.
Шынымды айтсам, орынсыз жерде етегімнен алып, қызметтеріме кедергі болғандарына өте ренжіп отырмын. Амал қанша – барайын, көзбе-көз отырып тілдесейін.
Демек, мен опальный қазах болмақпын» [4,390]. Әрине, мұндай реніштерге басу айтып, ақыл қосып отырғандардың бірі Ілияс Омаров. Б.Момышұлы кейін Сәбит Мұқановпен тіл табысқаны, оны құрмет тұтқаны белгілі. Бауыржан, тіпті, Ілияспен өзінің жеке басының, тірлік тұрмысының түйткілдеріне дейін бүкпесіз айтып сырласып отырған. Мәселен, 1966 жылы 3 тамыз күні жазған хатында, Момышұлы жұртшылыққа беймәлім өзінің ішкі құпиясын былай деп білдіріпті.
Жалпы, Ілияс Омаровқа сырын бүкпесіз айтып, ақыл сұраған немесе шығармашылығын оқып баға беруін өтінген қазақтың ақын, жазушылары мен өнер адамдары аз болмапты. Қасым Аманжоловтан бастап, Хамза Абдуллинге дейін, Әбдіжәміл Нұрпейісовтен бастап Сырбай Мәуленовке дейін қазақ қаламгерлері мен өнер адамдары арасындағы жазылған хаттардың мазмұнына үңілсек, олардың бәріне де Ілияс ең бірінші ақылшысы, сыншысы, әрі қамқоры болғанын ұғынамыз. Мәселен, Ілияс Омаровтың Жұбан Молдағалиевке жазған хатында оның өлеңдері мен поэмаларын оқып, жоғары бағалағанын әңгімелей келе сөз арасында «Мен қазақпын» поэмасын қолжазбасынан оқығанын да айтып өтіпті. Сірә, Жұбан Молдағалиев бұл дастанды ұлтшылдық дегендей жала жабылады-ау деген күдікпен әуелі Ілиясқа оқытқан. Ал, Ілияс өз кезегінде мұндай жаланың орынсыз болатынын айтып, бұл шығарманы батыл түрде жариялау қажеттігін түсіндірген болса керек. Кезінде Әнуар Әлімжановты қазаққа да, бүкіл одаққа да аса талантты қаламгер деп таныстырып дәлелдеген Ілияс Омаров екенін қазіргі ұрпақ біле бермесе керек. Әнуар Әлімжановтың «Көгілдір таулар» повесін Ілияс Омаровтың жан-жақты сараптап талдауының өзіндік мәні бар. Осы шығарма арқылы қазақтың өркениеті көне Отырар қаласында қалай гүлденгенін шығарманы талдау арқылы құлшына баяндаған. Мұнда қазақ халқы жабайы емес, терең тарихы бар, мәдениеті ежелден қалыптасқанын ұғындырып, ұлттың рухын ояту, қазақтың дұшпандарына қарсы тұра білудің жолын нұсқау Ілиястың мақсаты болғанға ұқсайды. Осындай көзқарасты ұстану жөнінде, ол тіпті Мұхтар Әуезовке дейін құлаққағыс етіп отырыпты.
Ал, Әуезовтың Ілияс Омаровтың әдебиет жөніндегі таным-түсінігін, сараптауын, ой-толғамын аса жоғары бағалағаны белгілі. М.Әуезов болса оған:
«Сенің еңбегіңді оқып шыққаннан кейін айрықша бір түйген жайым: шынайы «адамша сөздің» басын сонда Ғабит бастаса, міне, бүгіндер содан арғы өнеге бойын, шарықтауын, нәрлі өрлеу сыйпатын сенің еңбегің аяқтап тұр деп айта аламын» [7,154].
«Сенің еңбегіңдегі аса бір еңсесі биік қадірлі талап осы жолдағы қамқорлық ойда. Роман жөніндегі алғашқы айтқан, ең алғаш іріктеп алған ойларыңда қазақ әдебиеті, қазақтың бүгінгі қауымы, оқушы сыншы жүрты жай өсу ғана емес, шынайы барынша бар сынға жауап ұрардай: олқысыз, ақаусыз үлкен өнері бар орталар болса екен дейсің. Бұл соншалық адал, зор жүректің ақ ниеті. Әр жүректің түбінде жататын шынның шыны, арманның асылы. Соны айтуға бекінген сәтінде еш нәрсені (көлденең, күйбең, кейбір күйкі жайларды) елемей, аса биік тұрғыға шығып тұрып үн қатқансың» [8,258] – деп жазыпты.
І.Омаровтың өз басынан халқының мүддесін жоғары қоюды өзіне де, өзгеге де өнеге етуден жаңылмаған аса парасатты, әрі аса білімдар тұлға болғаны жөнінде естеліктер аз жазылған жоқ. Мұны, осы кітаптағы хаттардан да нақты білуге болады. Жалпы, Ілияс Омаров қазақ ұлтын жойылып кетуден сақтаудың ең оңтайлы амалы, ең күшті қаруы қазақтың әдебиеті мен өнерін дамыту, қазақ ұлтына шынайы берілген патриоттардан кадрлар даярлап өсіріп шығару деп түсінген. Республика басшысы Д.А.Қонаевқа жазған хатында: кадрларды іріктеу мен өсіру дұрыс бағытта келе жатқаны жөнінде пікірін білдіре отырып, солардың арқасында әдебиетіміз бен өнеріміз, мәдениетіміз гүлденетінін қадап айтыпты. Сөйтіп, кадрларды қазақтың ділі мен тілін ұлттық мәдениетін жақсы білетін қазақтардан іріктеу жөніндегі ойлары да қолдау тапқанын аңғаруға болады. Сөйтіп, сол кезеңде әрі білікті, әрі патриот кадрлардың арқасында тіліміз бен діліміз өшпесе, ұлттық мәдениетіміз гүлденсе онда қазақ деген халық мәңгі жасай бермек деген сенімді ол берік ұстанған және осы жолда күрес жүргізуді өзінің өмірінің мәні, азаматтық парызы деп біліпті.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет