ІІІ.Топтық жұмыс. Топтық жұмыс орындалу барысында Мүбәрак Салақовтың орындауындағы А. Байтұрсынұлының «Анама хат» әні аудио таспадан жіберіледі.
І топ. «Ақындар»
Алғашқы үш шумағын мәнерлеп оқу.
Бір шумақты өлең құрылысына қарай талдау (сатылай кешенді талдау).
ІІ топ. «Жазушылар»
4,5,6 шумақтарды мәнерлеп оқу.
Қара сөзге айналдырып, әңгіме құрау.
ІІІ топ. «Өнерпаздар»
Соңғы үш шумағын мәнерлеп оқу.
2.Ақын бойындағы қандай қасиетті байқадың? (ақынның мұғалімдік қызметінен шағын көрініс қойылады)
Ауылға Ахмет келеді.
Ахмет:
-Ассалаумағалейкум, ата!
Қария:
-Уағалейкумсалам. Амансаулық сұрасқаннан кейін Ахмет келген шаруасын айтады.
Ахмет:
-Мен ауданнан келіп отырмын. Өзімнің түрік әрпінен аударған 28 әрпімді оқытуға, балалардың көзін ашуға келдім.
Қария:
-Оқуға балалар берілмейді. Оқығандардың бәрі ату жазасына кетіп жатыр, олар «халық жауы» атанса,балаларымыз ауылда қой бағып, жүре бермей ме? Басшыларыңа солай деп айта бар!
Ахмет:
-Ал, ата, мен енді кетейін. Батаңызды беріңіз?
Қария:
-Бақ қарасын, Қыдыр дарысын,
Жорытқанда жолың болсын,
Қыдыр ата жолдасың болсын!
Әумин!
ІV. Сөздікпен жұмыс. Лаухұлмахбұз – діни ұғым бойынша адам тағдыры жазылатын тақта
Хақ тағалам – жаратушы алла
Жарам – уайым,қайғы
Харам — адал емес
Кермесіне – кедергі,қарсылық мағынасында
V.Сергіту сәті. VІ. Бекіту. «Кім тапқыр?» ойыны. Интербелсенді тақтада берілген тапсырманы оқушы сызба арқылы табады.
Шығармашылық жұмыс.
І топ. «Ақындар» Өз шығармашылығыңнан анаңа жазылған бір шумақ өлең оқып бер.
ІІ топ. «Жазушылар» Ана тақырыбына жазылған мақал –мәтелдер айтып бер.
ІІІ топ. «Өнерпаздар» Анаңа не сыйлар едің? (оқушы интербелсенді тақтаға сурет салады)
Анаға деген махабатты күймен де жеткізуге болады. Музыка пәнінің мұғалімі Сағырбайұлы Құрманғазының «Аман бол, шешем» күйінің тарихымен таныстырады және пән мұғалімімен қосылып, осы күйден үзінді орындайды (домбыра және қобыз аспаптарында).