Мазмұны Кіріспе бөлім



бет6/14
Дата10.06.2022
өлшемі70,83 Kb.
#36644
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
4. «Сандар сөйлейді» кезеңі (ұлы ғалымның өміріне шолу жасау, интерактивті тақтаға жылдар тізбегі шыққан сайын, оқушылар өз білімдерін көрсетіп, бір-бірін толықтырып отырады)
5. Шоқанға арналған естеліктер
a) ХІХ ғ. өкілдерінің, ұлы ғалымның достарының айтқан естелік сөздерін айту, ой бөлісу. Мысалы, досы Г.Потанин «Еуропаға ашқан терезе сықылды болды»,- деп айтқан, өйткені...
Мұғалімнің сөзі: Енді өз заманымызға көз жүгіртейік:
b) Кітап көрмесін тамашалау (ұлы ақындар мен жазушылардың шығармаларымен таныстыру).
c) Интерактивті тақтадан әр қалада, басқа мемлекеттерде Шоқанға арналған ескерткіштерді көрсетіп, әңгімелеп отыру (Петропавлдағы Шоқан және Ф.Достоевскийге арналған ескерткіш туралы әңгімелеу)
6. Мәтінмен жұмыс
a) Мұғалімнің сөзі: Шоқанның ұлылығын танытатын, оны биіктете түсетін нақты мәліметтердің бірі- өзі ерекше сүйіп, бағалаған достарымен жазысқан хаттары. Осы хаттардың әрқайсысынан да Шоқанның азаматтық бейнесі ерекше таныла түседі. Бүгін сондай хаттардың біреуімен танысамыз (сабақтың тақырыбын, эпиграфын дәптерге жазғызу).
b) Мәтінге арналған сөздік
Достығы бір үзілмейді, нығая түседі, шын жүрегінен, құрметін таныта түседі (сөздердің мағынасын түсіндіріп, айтылуын қадағалап, сөйлемдер құру арқылы естеріне сақтап, сөздікке жазғызу).
c) Мәтінмен танысу( тыңдау, оқу, мазмұнын түсну, бөлімдері бойынша оқушыларға оқыту)
Мұғалімнің сөзі: Бұл хатты кім жазған?
Ф.Достоевский Шоқанға қандайкөңіл білдіреді?
Бұл хаттың негізгі ойы қандай?
Бұл хат қандай жанрда жазылған? (осы сұрақтарға жауапты ауызша айтып, қысқаша дәптерлеріне жазып отыру). Мысалы, бұл хат эпистолярлық жанрда жазылған, себебі шығарманың алдында сәлемдесуі бар...
Мұғалімнің сөзі: Ш.Уәлихановты туыстары да, айналасындағы достары да өте жақсы көріп, құрметтеген. Өйткені, ұлы ғалым өзін тек қана жақсы жағынан көрсете білген. Бұл Шоқанның тектілігіне, өскен ортасы, алған тәрбиесіне де байланысты шығар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет