Зерттеудің базасы:264мектеп-лицей
Зерттеудің дерек көздері:ғылыми,мөлшерлік нұсқаулық,құжаттар,педагогикалық психологиялық әдебиеттер,әдістемелік мерзімді басылымдар,интернеттік сайт ресурстары,т.б
І–тарау. Бастауыш сынып оқушыларының танымдық қызығушылығын арттырудың педагогикалық-психологиялық негіздері.
Бастауыш сынып оқушыларының танымдық қызығушылығының педагогикалық негіздері.
Бастауыш мектеп – оқушы тұлғасы мен санасының дамуы қуатты жүретін, ерекше құнды, қайталанбас кезеңі болып табылады. Сондықтан бастауыш білім – үздіксіз білім берудің басқышы, білім негізінің іргетасы. Бастауыш мектеп балаға белгілі бір білім беріп қана қоймай, оны жалпы дамыту, яғни сөйлеу, оқу,айту,тыңдау қоршаған орта жөнінде дұрыс көзқарас қалыптастыру, кез-келген жағдайды бақылап, талдау жасауға үйрету, ойын дұрыс айтуға, салыстыра білуге, дәлелдеуге,сыни тұрғысынан ойлауға, сөйлеу мәдениетіне үйретеді.
Осы орайда егеменді еліміздің білім беру жүйесінде әлемдік деңгейге жету үшін жасалынып жатқан талпыныстар оқытудың әр түрлі әдіс – тәсілдерін қолдана отырып, терең білімді, ізденімпаз, барлық іс - әрекеттерінде шығармашылық бағыт ұстанатын, сол тұрғыда өз болмысын таныта алатын жеке тұлға тәрбиелеу ісіне ерекше мән берілуде. Демек, мектептегі оқыту үрдісі оқушының танымдық қызығушылығын арттырып, шығармашылық әрекеттерін дамытуын жол ашуы қажет.
Адам өзін қоршаған ортаны, әлеуметтік дүниені , табиғи әлемді танып білу барысында, олардың ішкі қасиетін анықтап, даму заңдылықтарын біледі, ондағы өзінің орнында біліп, басқа адамдармен қарым – қатынасын анықтайды. Осылардың негізінде өзі белсенді іс - әрекетке араласады, өзінің сұранымын, қажеттілігін қанағаттандырады. Олардың өзара маңызды байланыстары танып – білуші субьектіден тәуелсіз өмір сүреді. Заттар мен оның қасиеттерін түйсік, қабылдау және ақыл – ой арқылы танып білуге болады. Осы тұрғыдан алғанда философтар: ”Таным дегеніміз – сыртқы заттар мен құбылыстардың, олардың қатынастарының адам санасында идеалды образдар жүйесі ретінде бейнеленуінің қайшылыққа толы күрделі процесі”,-деген анықтама береді. Олай болса, таным барысында адам өзін қоршаған ортаны игереді, ол туралы білімі кеңейіп, тереңдей түседі, шынайы білімге айналады. Ендеше танымды адамның жаңа әрі тың білімді игеріп, рухани баюы деген қорытынды жасауға болады. Антик философиясы тарихының “кіндігі” аталған Сократ өзінің басты назарын адам табиғатына аударып қоймай, ақыл – ойға негізделген адамның мәні оның белсенді іс - әрекетімен сипатталады деген қорытындыға келген. Сократ бойынша таным игілікті істің, қайырымды қылықтың қажетті алғы шарты. ”Ізгілік – бұл білім”,-деген тұжырым жасаған. Платон таным мәселесін жанда әуел бастан нақтылық түрінде ұшырасатын ақиқатты ажыратып алу ретінде қарастырады. Платон жан мен тән антропологиялық дуализмді позициясын ұстанады. Бірақ жан ғана адамды адам ететін субстанция болып табылады, ал тән оған қарсы материя ретінде қарастырылады. Сондықтан да адамның жалпы сипаттамасы оның мақсаты және әлеуметтік статусы жанның сапасына тәуелді.
Неміс философы И.Кант танымдағы субьекттің белсенділігін мойындайды. Бұл белсенділік субьекттің обьектіге әсерінен көрінеді. Канттың пікірінше, кез – келген таным субьектпен сипатталады, яғни барлық таным оның ұйымдастырған тәжірибесінен басталады. Обьект туралы тәжірибелік білімді біз сезімдік әсерлерді ұғымдық өңдеу нәтижесінде аламыз. Барлық сезімдік әсерлер сыртқы нақтылықтан туындайды. Адамның танымдық әрекет аумағына енген сыртқы нақтылық обьект деп аталады, ал танымдық қабілеттің тікелей бағытталған нәрсесін Кант “зат” деп атады. Біз өзіміздің танымдық әрекетіміз аумағына енген нәрселерді ғана танимыз. Ал біздің танымдық қабілетімізден тыс жатқан нәрселер танылмайды және оларды Кант “өзіндік зат” деп атады.
Канттың ізбасары И.Фихте ұстазының ілімін ғылыми жүйеге келтіруге тырысты. Фихтенің пікірінше, кез – келген ғылым өзінің жетілген формасына келгенге дейін 2 кезеңнен өтеді. Ол кезеңдер: эмпирикалық және теориялық. Теориялық деңгейде таным үрдісінің барлық формалары жүйелі түрде қосу жолымен адамның танымдық қабілетін ғылыми негіздеу жүзеге асады. Адамның танымдық қабілетінің субстанциясы қиялдың іс -әрекеті болып табылады. Фихтенің айтуынша, адам теориялық іс - әрекетте қиялдағы бейнелермен еркін қимыл жасайды.
Философ Д.Кішібеков: ”Таным дегеніміз сыртқы заттар мен құбылыстардың, олардың қатынастарының адам санасында идеалды образдар жүйесі ретінде бейнеленуінің қайшылықа толы күрделі процесі,” - деген анықтама берген.
Бұдан шығатын қорытынды, таным барысында, адам өзін қоршаған ортаны игереді, ол туралы білімі кеңейіп, тереңдей түседі, адамның заттар мен құбылыстар туралы жалпы мәліметі ішкі мәнге қарай ұмтылып, жүйелі шынайы білімге айналады. Олай болса, танымды адамның жаңа әрі тың білімді игеріп, рухани баюы деп есептеуге болады.
Танымды ішкі және сыртқы деп 2 – ге бөліп қарастырған әл – Фараби: “Әлемдегі заттар мен құбылыстарды сезім арқылы танып білуге негізделген таным – адам танымының сыртқы негізін түзеді,” - дейді. Ал танымның ішкі бөлігін абсалютті таза, киелі рух көрініс алған ақыл – ойдың қызметімен байланыстырады. Адамның өткінші дүниедегі іс -әрекетімен, бағыт – бағдары қасиетті және пайдалы мақсатқа талпынудан тұрады және кей кездерде азаттық жасап, қайырымдылықтан асып та кетіп жатады. Бұл мақсатта адамның өзгелермен қарым – қатынас нәтижесінде ұлыланған ақыл – парасаты өзінің алған таза табиғи күйін сақтап қалғанда ғана жеткізген.
Психологиялық жинақтаған деректерге қарағанда танымдық қажеттілікті қанағаттандыру адамның дұрыс дамуының алғы шарты.
Көптеген зерттеулерде Л.А.Венгер,П.Я.Гальперин, Д.Б.Эльконин, В.В.Давыдов, Л.С.Выготский, А.Н.Леонтьев, Л.В.Занков, Н.А.Менчинская, Н.Ф.Талызина, Л.И.Божович т.б. психолог - ғалымдар нәтижелі зерттеп келді, әрі оқыту мазмұнына психологиялық талдау жасай отырып, сенсорлық дамудағы форма, түс эталондары математиканы оқытудағы түрлі үлгілер мен схемалар өлшемін енгізді. Баланың таным әрекетін қалыптастырып зерттей келіп, П.Я.Гальперин олардың кезең - кезеңдік қалыптастыру тұжырымдамасын талдап шешті. Мұның өзін автор, әрекеттің ішкі жоспарға көшуі, сыртқы әрекеттік заттармен “оралуы” деп түсіндірді. П.Я.Гальперин және оның қызметтестерінің ойынша даму дәрежесінің негізгі көрсеткіші оның бірінші бөлігі деп саналуы әбден дұрыс. Баланың ойлауын әрі оның дамуын, соның ішінде практикалық ойлаудың сөздік ойлауға көшуін зерттеген Л.С.Выготский болды. Бұл зерттеулерді әрі қарай жалғастырған А.А.Люблинская, Г.И.Менчинская, болды. Сонымен бастауыш сынып оқушыларының оқу процесін қалыптастыра отырып, танымдық іс -әрекетін де қалыптастырып дамытуға болады. Танымдық ұғымның танымдық іс - әрекеттен айырмашылығы оқушылардың оқу тәрбие процесіндегі әрекеттің танымдық іс – әрекетпен тығыз байланыстылығында. Оқу –тәрбие процесімен қатар, танымдық әрекетін де жүйелі деңгейге дамып жетіліп отыратындығында.
Енді танымдық іс - әрекет мәселелері жөніндегі біраз ғылыми көзқарастарға тоқталып өтейік. Н.Ф.Талызина өзінің “Төменгі сынып оқушыларының танымдық іс - әрекетінің қалыптасуы” атты еңбегінде: “Танымдық іс – әрекет әлеуметтік тәжірибенің меңгеру өнімі”,-дейді. Адамның онтогенетикалық даму барысында көптеген өмір жаңалықтарын кездестіреді, сол себептен ең алғашқы кезеңінде әлсізі дәрменсіздігін байқатады. Себебі, адам өзінің даму жолында көптеген жаңалықтарға кездесіп, оны танымдық меңгеру барысында біраз қиындықтарды басынан өткереді. Ендеше, дүниені тани отырып, соның танымына сай икемделіп, бейімделіп, жетіліп отырады. Мысалы: оқушы өзінің жіберген қателерін өзі түзету арқылы, ережелерді меңгерту жүйесін анықтап, танымдық іс - әрекетін біртіндеп қалыптастырады. Ендеше, алғаш жіберген қателерін екі рет қайталамауға тырысады. Бастауыш сынып оқушыларының танымдық іс - әрекетін қалыптасыру үшін мына мәселелерді ескеру қажет.
1.Сол заттың қасиетін анықтай білуге үйрету.
2.Жалпы ұғымнан жекелеген ұғымдарды түсінуге үйрету.
3.Меңгеріп отырған материалдың негізгі жағдайлары мен жанама жағдайларын анықтауға үйрету.
Қазақтың ұлы ақыны А.Құнанбаев адамның танымдық қасиетінің табиғаты туралы 31 – сөзінде:”естіген нәрсені ұмытпастыққа 4 түрлі себеп бар: әуелі – көкірегі ояу байлаулы берік болмақ керек, екінші сол нәрсені естігенде я көргенде ғибраттану керек, көңілденіп, тұшынып, ынтамен ұғыну керек, үшіншіден сол нәрсені бірнеше уақыт қайталап, ойланып, көңілге бекіту керек. Бұл нәрселер – күллі ақыл мен ғылымды тудыратын ұғым нәрселер,”-деп жазды.
Абайдың айтуынша, адамның өмірі мен оның бүгінгі және болашағы үшін ең басты қажеттілік, адамның мақсатына, мұратына жетуі үшін өзін және қоршаған ортаны кеңірек танып, оның нәтижесін өмірде қолдана білуі керек.
Қазіргі дидактика, педагогика мен психологиядағы жаңа жетістіктерге сүйене отырып, қызығушылықтың оқушыға білім берудегі, дамытудағы және оның жеке тұлғалық қасиеттерін қалыптастыруға үлкен мүмкіншілік ашып отыр. Оқытудағы қызығушылықтың ерекше түрі – танымдық қызығушылық. Оның саласы танымдық іс - әрекет оқушының оқу пәндерінің мазмұнын және қажетті амалдар мен біліктерді, дағдыларды меңгеруі, осылардың көмегімен оқушы білім алады.
Балалар әрекетінің мотивтері - қызығушылықтар. Негізгі қызығушылықтың тікелей қызығушылыққа айналуын А.Н Леонтьев мотивтің мақсатқа жақындауы деді.
Танымдық қызығушылық оқушыға білім берудің белсенділігі мен дербестігінің даму факторы. Оқытудағы қызығушылық мәселелері, оның маңызы жөнінде көптеген дидакт- педагогтар жазып кетті.
Я.А. Коменский жаңа мектепті білімнің қуаныштың, жарықтың қайнар бұлағы деп қарастырса, қызығушылықты осы жағдайды жасаудың басты жолдарының бірі деп есептеді.
Ж.Ж. Руссо тәрбиеленушінің оны қоршаған заттар мен құбылыстарға тікелей қызығушылығына сүйене отырып, балаға оңтайлы және жағымды оқуды құруға тырысты.
Белгілі ғалымдар М.Беляев, Н.Морозова, С.Рубинштейннің пікірлері бойынша: қызығу әр қырынан алып қарауға болатын күрделі ұғым, адамның белгілі бір обьектіні ұғынып, білуге ұмтылған іс- әрекетін қуаттандыратын психологиялық ерекшелік. Қызығу жаңаны танып –білуге, әрекеттің жаңа әдістерін іздестіруге әкеледі. Танымдық әрекет қажеттілік арқылы жүзеге асады. Олай болса, оқушы оқу пәніне қызығады, кейіннен ол пән оқушының іс - әрекеттің мақсатқа қозғағыш күш – мотивіне айналуы мүмкін. Бұл жөнінде Н.Морозова “Іс- әрекет көздеген мақсатқа жетуге түрткі болады” дейді.
Танымдық қызығушылық болмаса оқуға деген шығармашылық қабілетті дамыту мүмкін емес.
Бірінші сыныпта оқитын оқушылардың танымдық қызығушылығының даму деңгейлері әр түрлі болуы мүмкін. Танымдық қызығушылықтың ең қарапайым деңгейі оқушылардың сабақта естіген жаңа деректерге, қызғылықты құбылыстарға тікелей қызығуы.
Кейбір балаларда танымдық қызығушылық жақсы дамыса, ал кейбірінде нашар көрінеді. Әр сыныпта сабақ үстінде сұрақ қойып, үй тапсырмасын даярлағанда қосымша әдебиеттер оқып, сөздіктер мен анықтамаларды пайдаланып, өте жоғары баға алуға тырысатын балалар болады. Керісінше, ешқашан қолын көтермейтін, енжар, селқос, ғылыми көпшілік көркем әдебиеттерді оқымайтын балалар да болады.
Біз өз жұмысымызда іс -әрекетке жұмыс таңдағанда оқушылардың танымдық қызығушылығын ескере жоспарлаймыз. Дербес жұмысты орындай отырып , оқушы алған білім, біліктілік дағдыларын пайдаланады, ізденеді, шығармашылық, белсенділік әрекет анық көрінеді танымдық жаңа деңгейіне көтеріледі.
Достарыңызбен бөлісу: |