4 ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ
4.1 Компрессорлық станциядағы қауіпті және зиянды өндірістік факторларды талдау.
Компрессорлық станция (КС) комплексіндегі еңбек шаралары басқа өндірістегі шараларға қарағанда айырмашылығы үлкен. Көптеген объектілерді қызмет етуші персонал аралау кезінде мезгіл-мезгіл қарап тұрады. КС комлекстерінің объектілерін, газ жинау пункттерін пайдалану кезінде жасалынатын жұмыстарда жоғары қысымды жұмысшы агенттер мен жоғары кернеулі электр тоқтармен байланысты болатын, қауіпті моменттер кездеседі.
КС пайдалану кезінде көптеген бақытсыз жағдайлар көмірсутектілердің жану және жарылуы кезінде жүреді. Әсіресе жабық қоймаларда, жоғары қысымды газ құбырларында жарылатын концентрацияның жинауы қауіпті. Жану мен жарылу газ коммуникацияның элементтеріндегі мұзды және гидратты тығындарының ашық отта еруі кезінде жүреді, іштен жану двигательдерімен іске қосылатын автомобильдердің және басқа да агрегаттардың шығу газдарының шоқтарының, қолды саймандармен соққылау кезінде пайда болатын искралардан, электрожабдықтарды қосу мен ажырату кезінде, сондай-ақ пісіру жұмыстары кезінде жүреді.
Конденсаттың булары ауадан ауыр болады. Олар нашар желденетін бөлмелерде жиналуы мүмкін, және олардың ауадағы құрамы жарылу және уландыру концентрациясына дейін жетуі мүмкін.
Газдың ашық түрде бөлінуі газо бұрмалы свечкалардан, сақтандырушы клапандардан, сепараторлардан және конденсатты алу орындарында жүреді. Бұл жерлердегі жұмыс, жарылу қаупі бар жерлерге жатқызылады. Әсіресе қауіпті жұмыстар болып, оларды жүргізу кезінде жұмысшы аймаққа – жарылатын, өртенетін немесе адам ағзасына зиян келтіретін зиянды булар мен газдардың бөлінуі, сондай-ақ гидрат түзілуі мүмкін кезінде ауаның құрамы (көлемдік үлесі 20% кем) жеткіліксіз болуы кезіндегі жұмыстар жатады. Бұл жұмыстар механизациаланбаған және автоматталмаған жағдайларда жүргізіледі.
КС объектілерін пайдалану кезінде газо қауіпті жағдайдың пайда болу себептері келесідей.
Ішкі коррозияның немесе тозуының себебінен аппараттрдың, құбырлардың, арматуралардың механикалық беріктілігінің герметикалығының бұзылуы;
Реттеуіш және сақтандыру клапандарының істен шығуы себебінен аппараттар , құбырлар, арматуралар үшін жүйеде қысымның өсуі ;
Газ коммуникацияларында гидратты және мұзды тығындардың түзілуі;
Бақытсыз жағдайлар, ысырмалармен счетчиктерді ауыстыру кезінде ыдыстар мен аппараттардың жарылуымен, байланысты болады.
Тұйық жүйеде газ және газоконденсаттар қыздыру нәтижесінде қысымның өсуі қауіпті. Қысымның жоғарлауына ыдыстардың және сеператорлардың жарылуы, негізінен сақтандырушы құрылғылардың дұрыссыздығынан болады. Қысымнан коммуникациялардың жарылуы ысырмаларды қыздыру кезінде ысырманың жабылып қалмауінан немесе оларды дұрыс ашып жаппауынан жабық желіге компрессорларды қосу кезінде болады.
КС потенциалды қауіп болып жоғары қысымдардағы газ құбырларының зақымдалу мүмкіндігі болады. Жоғары қысымдағы газ құбырларының зақымдау салдарынан аса күшті жарылыс боуы мүмкін .
Қауіпті фокторлларға сондай-ақ мыналар жатады: қоректену жүйесіне және компрессорлы станциядағы газокоммуникацияларда конденсаттың құралуы.
Гидрат түзілудің алдын -алу үшін КС пайдаланудың технологиялық процессінде метанол, триэтиленгликоль сияқты химиялық реагенттер қолданылады. Қауіптісі болып метанол болып табылады.
Технологиялық компрессорлардың жұмысы, оның адам ағзасы үшін зияндығы : газотурбокомпрессорлар жоғар желікті құрайды, газомоторлар және электромоторлы компрессорлар – орта жиілікті шуды құрайды.
Қозғаушы тораптары бар машиналар мен механизмдердің апаттары қызмет ету персеоналы денсаулығына және өміріне қауіпті болады. Сондықтан апаттың алдын-алу шаралары жарақаттанудың алдын алу шаралары ретінде қарастырылады,
Электроқондырғылардың және электржабдықтардың, электрлі машиналармен аппараттардың барлық тоқ жүруші бөліктері өндіріс жағдайларында электрлік тоқпен ұру қауіпін тудырады.
Есептеу орталығы және оператордың бөлмелері бір-бірінен бөлек орналасқан, ал қондырғыдан ара-қашықтық 50 м.
Есептеу және өлшеу техникалары қондырылған бөлме қауіптілігі жоғары категорияға жатады. Есептеу орталығы бөлмесінде шу деңгейінің шамасы 85-90 Дб-ге жетеді, бұл СН-245-71 талабын жоғарылатады. Ашық ток жүргізілген бөлімдер - қауіпті аймақтар. Техникалық құралдардың қоректену кернеуі - 220 В, қысқа тұйықталған- ток - 60 А, грунттың меншікті кедергісі - 45x10 Ом/қорытпа.
Адам денсаулығына әсер ететін негізгі факторларға мыналар жатады:
─ жұмыс орнын күндізгі және түнгі уақыттарда жарықтандыру;
─ жылдың жазғы уақытында бөлме ішіндегі артық жылу;
─ адамның электр тоғымен зақымдану мүмкіндігі;
─ өрт шыққан кезде кұю және уланып қалу мүмкіндігі;
─ шу, зиянды заттар.
4.2 Қорғаныс шаралары
4.2.1 Өндірістік санитария
4.2.1.1 Микроклимат
Жабық өндірісітік орындарда метерологиялық жағдайды сипаттайтын көрсеткіштер:
ауа температурасы;
ауаның салыстырмалы ылғалдылығы;
жылулық сәуле алудың қарқындылығы.
Микроклиматтың тиімді көрсеткіштері өндірістік орындардың барлық жұмыстық аймағына таралады. Ол кезде жұмыс орындары тұрақты және тұрақты емес болып бөлінбейді. Тұрақты және тұрақты емес жұмыс орындары үшін жіберілетін көрсеткіш мәндері орнатылады.
Жұмыстық аймақта температураның, салыстырмалы ылғалдылықтың және ауа қозғалысы жылдамдығының тиімді және жіберілетін мәндері қабылданған нормаларға сәйкес келуі керек. Метеорологиялық шарттар қызметкерлер сияқты техника үшін де қолайлы болуы керек.
Ауа температурасы – уақытын автоматты реттеуішпен өзгертетін термометрмен немесе термографпен өлшенеді. Температура тұрақты 20-25°С болу керек.
Ауа ылғалдылығын термометрмен, салыстырмалы ылғалдылық пирометрімен және психрометрмен өлшенеді. Уақыт бойынша ауа ылғалдылығының ауытқуын жазу үшін, автоматикалық аспаптар, мысалы: гидрографтар және психрографтар қызмет етеді. Ауа ылғалдылығы 40-60 % болады. Ауаның қозғалу жылдамдығы 0,2 м/с аспау керек. Бұл үшін ауаны желдеттіру қолданылады, онда температуралар, ылғалдылықтар, қозғалыс жылдамдықтар және ауа тазару деңгейлер сипаттамаларының тұрақтылығымен ұйымдасқан ауа берілісі. Ауа желдеттіру қондырғысында келтірілген параметрлер автоматты түрде реттеледі.
Ауа желдеткіші жүйесінің уақыт әрекеті бойынша, оларды тәулік бойына, жыл бойына және мерзімділік әрекет қондырғыларына бөледі. Қыста қалыпты температураны ұстау үшін жылу жүйесі қолданылады. Санитарлы-гигиеналық катынастарда тиімділіктің артықшылығы сумен жылыту жүйесі болады.
Ауа тазарту (ауа алмастыру немесе ауа жаңарту) – бұл оператор бөлмесіндегі тұрақты ауа параметрлерінің пайда болуы, оператор бөлмесіндегі ауа ортасын мөлшерлі қамтамасыз ететін негізгі шара болып табылады.
Оператор бөлмесіндегі нақты жылу балансы ауа жаңартқыштар мен ауа тазарту құрылғыларының өнімділігін есептейді. Жылудың артығы қысқы және жазғы кезеңге есептелінеді.
ЭЕМ машиналық залында жылудың жазда түсуі келесі құрылымда орналастырылады
Qм3 = Qобор + Qn + Qосв + Qогр (Дж/с), (62)
мұндағы Qм3 – жылудың маш. залға түсуі;
Qобор – жылудың қондырғыдан бөлінуі;
Qn – жылудың адамдардан бөлінуі;
Qосв – жылудың электржарықтандырғыштан бөлінуі;
Qогр – басқа қоршаған жылудың бөлінуі.
ЭЕМ машина залындағы қыстағы жылудың артықшылығы мына өрнекпен анықталады
Qм3 = Qобор + Qп + Qосв + Qогр (Дж/с), (63)
мұндағы Qогр — қоршаған құрылыс арқылы жылудың жоғалуы.
Жылудың каталог бойынша көмекші құрылғымен есептеуіш машинасынан бөлінуі
Qобор = 980*N*J1*J2 (Дж/сағ), (64)
мұндағы N – қуаттың қондырылған жиынтығы;
J1 – қуаттың қолданылған коэффициенті, 0,95 тең;
J2 – жұмыстың бір уақыттағы коэффициенті, 1 тең;
860 ккал = 3600000 Дж;
N = 4,852 + 11,081 = 15900 Вт = 55340000 Дж; (65)
Qобор= 3600*55340,0*0,95* 1 = 5388900 Дж; (64)
Qn = n*q, (66)
мұндағы n – машина залдағы жұмысшылар саны;
n - 5 адам;
q= 541200. (Дж/с);
Qn = 2*541,2 = 1082400 Дж/с;
Qосв = 3600*N*K1* K2, (67)
мұндағы N - жарықтандырулардың қондырудағы қуатының қосындысы;
K1 – электржарықтандырудың қондырғы аспабының тәсілдік коэффициенті, (K1 = 0,7);
К2 - жарықтандырудың ерекшелігін есептеу коэффициенті,
(К2 = 1,2).
Qосв= 1300*0,7*1,2 = 1400000 Дж/с.
Qогр =F * K * (tn - tb) Дж/с. (68)
мұндағы Ғ - жылуберіліс коэффициенті, (Дж/м);
К – құрылысты қоршайтын алаң, (м);
tn, tb - ішкі және сыртқы ауаның температурасы, (°С).
tn = 30°С, tb = 20°С, К = 120833000 Дж/м, Р = 48 м.
Qогр = 48*120833*(30 - 20) = 58001840 Дж/с.
Сонымен, маш. залдағы Ғ жылуы:
Qм3 = 5388,9 + 1,4 + 1082,4 + 58001,84 = 17909,5 Дж/с. (63)
Оператордың залын желдету үшін, керекті ауа мөлшерін есептейміз:
L' = 64474.54 / (76.44-42.84) = 1918.9 кг/с; (69)
L = Y*L' = 10122*1918,9 = 2153 м3/с. (70)
Опратор бөлмесі үшін «Самсунг» фирмасының ауа желдеткішін алуға болады, суық өнімділігі 19833,3 Дж/с, ауа өнімділігі 3500 м3/с.
Өндіріс ғимараттарының жарықтануы келесі негізгі талаптарға жауап беруі тиіс: жарықтану жеткілікті және біріңғай болуы керек, шектен тыс жарық, қалың және тез көлеңке тудырмау керек, жарық ағынының дұрыс бағыты.
4.2.1.2 Жарықтандыру
Жарықтануды теңестіру талабы көзді жарық жерден қараңғыға және керісінше аудурғанда көру қабілеттілігі бұзылады да сәтсіз жағдайға себепші болатын көздің қажауын тудырады.
Сондықтан да, цехтың бір жерлері жарық, ал басқа жерлері жарық емес болуын болдырмау қажет. Жарықтану біріңғайлылығы дұрыс жарықтанумен, жалпы жарықтану светильниктерін тік биіктікте алумен орын алмастырумен жетіледі.
Қанағаттанбаушы жарық жұмыс жүргізуді қиындатады, жұмысқабілеттілікті және еңбек өнімділігін төмендетуге әкеледі, көздің әлсіреуіне және шаршағандығына ұшыратады, техникалық адамдардың және оператордың жұмыстағы қабілеттілігіне әкеп соғады. Еңбек жағдайын болдыру үшін мағыналы мән – жұмыстық орнының рационалдық жарықтануы болып табылады, Объектінің кіші өлшемінің аз дәлдіктің айырымы 1∙10─3 ден 5∙10─3 м тең.
Жасанды жарықтану жүйесіне жалпы талаптар СНиП.ІІ-А.9-71 енгізіледі. Жасанды жарық. Жобалау мөлшері
Оператордың пульті жеткілікті жарықтандырылған (ЗН-245-71 талабына сай).
Күндізгі уақытта табиғи жарықтандыру, түнгі уақытта қолдан жарықтандыру. Күн сәулесі көзге кедергі болмас үшін, терезелерде күннен қорғау жалюздері қарастырылған. Жасанды жарықтандыруды есептейміз
Есеп берілгені
Бөлме: щитовая;
Өлшемдері: 15х20х4;
Шам саны: 16;
Шамның түрі: ППР-100;
Көру жұмысының разряды: IV,г;
Шағылысу коэффициенті: Рпот = 30, Рст = 10, Рпон = 10.
Шешімі.
Көру жұмысының разряды IV (г), сондықтан нормалды жарықталық 1.2 тавблицасынан алынады – 200лк.
Дәлділік әдіспен шамдардың санын және нормалды өлшемде шам түрін анықтаймыз. См. Рисунок 1.
Ілгіштің есептік биіктігін анықтаймыз:
h=H-(hраб+hсвеса) (71)
h=4-(1+0)=3 м
Шамдардың арақашықтығы (Z):
1.Ұзындығы:
L= λ·h, где λ =1,2-2
LA=1,5·3=4,5м lA=1,5м
2. Ені:
L= λ·h, где λ =1,2-2
LB=2·3=6м, lB=1м
Котрольді нүктені анықтаймыз А.Ол үшін барлық шамдардың суммарлы жарықтылығын келесі түрде анықтаймыз:
А нүктесінен шамға дейін проекциясының арақашықтығын табамыз – d. Содан кейін d түзуінен төбе арасындағы бұрышты анықтаймыз. Сол бұрыш арқылы бұрыштық жарықтылықты анықтаймыз.
(72)
Сурет 15 Шамдардың орналасу схемасы.
(73)
Шартты жарықтылықты анықтаймыз:
(74)
мұндағы, Iα – анықтамадан анықтаймыз.
Суммарлы шартты жарықтылықты анықтаймыз:
∑e=3,87∙4+0,16∙4+0,4∙4+0,014∙4=18,28 (75)
Формула бойынша жарық ағынын анықтаймыз:
(76)
мұндағы, Kз=1,3 - 1.10 таблицасынан табамыз.
ППР-100 шамдары үшін Ф=1450лм, сондықтан бұл шамдар жарамайды. Әлде қайда қуатты шам түрін аламыз. Мысалы ППР-500. ППР-500 үшін жарық ағыны Ф=8300лм тең.
Бөлме жарықтануын қолдану коэффициент әдісін қолданамыз:
Ілгіштің есептік биіктігін анықтаймыз:
h=H-(hраб+hсвеса) (77)
h=4-(1+0)=3 м
1.Ұзындығы:
Шамдардың арақашықтығы (Z):
Z= λ∙h, где λ =1.2-2, Z=1,5∙3=4,5м.
Шамнан жарға дейінгі арақашықтық:
L= 1,5м.
2. Ені:
Шамдардың арақашықтығы (Z):
Z= λ∙h, где λ =1.2-2, Z=2∙3=6м.
Шамнан жарға дейінгі арақашықтық:
L= 1м.
Бөлменің индексі келесідей анықталады:
(78)
мұндағы, А – бөлме ұзындығы, м
В – бөлме ені, м
Қолдану коэффициентін анықтаймыз (η):
Щитовой бөлмесін жарықтау үшін қыздыру шамдарын аламыз, ППР шамы өзінің жетіспеушіліктерінен жарамайды.
i=3 кездегі қыздыру шамдарының η мәні 2.5 таблицасынан алынады. Ол 35% тең.
1.10 таблицасы бойынша қор коэффициентін анықтаймыз:
Кз=1,3.
Бөлмеде орналасқан шамдардың саны келесі формуламен анықталады:
(79)
мұндағы, Е – берілген максималды жарықтылық;
Кз – қор коэффициенті;
S – төбе ауданы;
Z – тегіс емес жарықтың коэффициенті;
n – шамдағы лампалардың саны;
Фл – жарық ағыны;
η – пайдалану коэффициенті;
Жарық ағыны Ф=8300лм тең ППР-500 типті қыздыру шамын таңдаймыз. Есептік мәнмен паспортты мендерінің айырмашылығы 7%-ке тең. Бұл мүмкін.
Сурет 16 Шамдардың орналасу схемасы.
4.2.1.3 Шу және діріл
Оператор бөлмесіндегі шуды бағалау үшін шудың сипаттамасы қарастырылады, шудың деңгейі децибелмен. МЕСТ 16325-76 талабына сәйкес.
ЭЕМ жұмысы кезінде дауыс деңгейі 75 дБ болу керек. ЭЕМ машиналық залының дауысы ретінде, баспа қондырғылар, енгізу-шығару қондырғылары алынады. Магнитті жинау бөліміндегі шу 78-80 дБ құрайды. Басқару пультінде шу шамасы 68-78 дБ дейін жетеді, ал бұл шу нормативті мәнінен жоғары.
Шуды төмендету үшін «Мосметаллоконструктор» өндіріс бірлестігі перфорирлік панельдер қолданылады. Толықтырушы ретінде минералдық плиталар қолданылады.
500-1000 Гц орташа жиілік шу деңгейін, қабырға беті және төбемен сорып алынады. Сонымен, шу денгейі нормативті деңгейге дейін төмендейді.
Өндіріс ғимаратындағы шуды азайту үшін әртүрлі әдістер қолданылады; шуды, оны тудырғыш көзінде азайту; дауысты жұту мен дауысты бәсеңдету; шуды тұтындырғыш қондырғы; СИЗ-ді қолдану.
Механикалық шуды азайту үшін жабдыққа өз уақытын жөндеу жұмысын жүргізу, соққы үрдістерді соққысызға ауыстыру, ықтиарсыз май жағуды қолдану қажет.
Оператор бөлмесінде шудың көздеріне дисплейлік және баспа құрылғылары жатады. Дыбыстың қысым деңгейі (қызмет атқаратын және нормотивті) 5.1- кестесінде көрсетілген.
Адам ағзасына зиянды әсерлер тек есту мүшесінің зақымдануын ғана емес, сонымен бірге жүйке жүйесінің қызметіне кері әсерімен сипатталады. Шудың адам ағзасына ұзақ уақыт бойы әсерінің нәтижесінде, келесі төмендегідей дерттерге шалдығуына әкеліп соғады: жүрек қағыс ритмінің бұзылуы, қан қысымының өзгеруі, есте сақтау қабілетінің нашарлауы. Шу деңгейін төмендету үшін, дыбыс жұтқыш қаптама беттер, жеке қорғаныс қүралдарын қолдану арқылы жүзеге асырылады.
Аэродинамиқалық шудың төмендеуін тындырғыш қондырғысымен дыбыс бәсендету конструкциясының аэродинамикасын азайту арқылы жетуге болады.
Электр магнитті шулар электрлі машиналардағы конструктивті өзгертулермен төмендетеді.
Кәсіпорында жұмысшыларға емдеп-сақтандыру қызметін кәсіпорынның санитарлық бөлімі іске асырады. Медициналық қызметкер жұмысшыларға жүйелі бақылау өткізіп, кезеңді медидциналық байқау жүргізеді. Осындай байқаулардың негізінде санитарлы-гигиеналық және емдеп-сақтандыру шаралары көзделеді. Санитарлы мәдениет пен тазалықты бақылау сақтандыру жұмысының маңызды жағы болып табылады. Санитарлық ағарту мен эпидемияға қарсы шаралардың жүргізілуі.
4.2.2 Қауіпсіздік техникасы
Электроэнергия өндірісте өте кең тараған және аса кең қолданатын энергияның түрі болып табылады. Сондықтан электрқауіпсіздікпен қамтамасыз етуге өте көп уақыт бөлінеді, горизонталь және вертикаль ұзындығымен санын анықтау (шиналардың дәнекерленуі), жіберілген кедергінің жерге қосылу көлемінің ережелерін белгілеу, сонымен қатар жіберілетін кернеудің қадамы мен жұғысуы.
Генераторлармен трансформаторлардың 100000 Вт қуатында жерге қосылған құрылғыға жабдықтың сырты 1000 В дейін кернеу қосылады, яғни оның кедергісін 4 Ом жоғарлатпау керек.
1000В дейін кернеу бейтарап тұйық жерлендіру. Үш фазалық сәтте 0 мәніне дейін қолданылады. Нольдік электрлі қосынды арнайы тоққа қосылған нольдік, тоқ өткізетін кернеу арасындағы бөлікте жатуы мүмкін.
Бұл бөлімде электр тоғының адам организміне әсерінің және шудың адам денсаулығына әсерінің талдауы, жермен қосудың есебінде 110 кВ жермен қосу құрылғысын, ал 10/0,4 кВ ЖТҚ үшін шығарылған жермен қосқыш құрылғысын есептедім. Өнеркәсіпте жасанды жарықтандыру реконструкциясын жүргіздім. Есептеулердің нәтижелері нормаланған мәндерден аспайды, яғни шарттар орындалады.
Сыртқы қабатының меншікті кедергісі және төменгі қабатының меншікті кедергісі бар «Робот» қосалқы станциасының шекарасындағы ашық және жабық типті тарату құрылғылары үшін жермен қосу құрылғыларын орындау қажет.
Жермен қосу контурының периметрі бойынша жерге диаметрі , ұзындығы және жерінің үстіңгі қабатының қалыңдығы , тік стержньдер қағылуы керек.
10/0,4 кВ ЖТҚ үшін шығарылған жермен қосқыш құрылғысын есептеу
Қозғалтқыштарды қоректендіру кабельдерінің ұзындығы 50-200 м-ді құрайды. Жеке кабельдердің ұзындығы 1 блокқа 1500 м-ге дейін жетеді, сәйкесінше ұзындық үш есе артады. Өзіндік мұқтаждықтың басты мехнизмдерінің өзінің жеке кабельдерінен қоректенетін резервтік қозғалтқыштары бар екенін ескеру қажет, осыған байланысты:
; (80)
Кернеуі 1000 В-тан жоғары, бейтарабы оқшауланған электр есептік ток ретінде келесі формула бойынша жуықталып есептелген токты алуға болады:
; (81)
мұндағы U – тораптың фазалық кернеуі, кВ; lK –торапқа қосылған кабельдік желілердің жалпы ұзындығы, км; lВ–торапқа қосылған әуе желілерінің жалпы ұзындығы, км.
;
Жермен тұйықтағыштың сыртқа орналастырылатын түрінде жермен тұйықтағышты жермен тұйықталан жабдықтан белгілі бір қашықтықта орналастырады. Сондықтан жермен тұйықталған қораптар таралу өрісінен тыс орналасады – яғни жерде, бұл жағдайда адам қорапқа жақындап, , коэффициентін ескермегендегі жерге қатысты толық кернеуге түседі.
, , , ;
,; ;
деп қабылдаймыз.
Есептелуі:
(82)
(83)
; (84)
; (85)
; (86)
.
Бейтарабы оқшауланған, кернеуі 1000 кВ-тан жоғары торап үшін жанасу кернеуінің рұқсат етілетін мәні және адам денесі арқылы өтетін кернеудің мәні t=1 c –қа тең болған кезде Uпр=50 В и Ih=50 mA тең, яғни қауіпсіздік шарттары орындалады.
Компрессорлық жабдық орнатылған ғимараттар жанбайтын материалдардан жасалған. Мұндай ғимараттарда әйнек өте аз мөлшерде қолданылады.
Жарылысқа қауіпті аймақтарда және сыртқы қондырғыларда жарылыстан сақтандырылған электр жабдығын қолдануға болады. Олар жарылыстан сақтандыру деңгейі, монтаждау әдісі бойынша жарылысқа қауіпті аймақтың класына, жарылысқа қауіпті қоспаның категориясына және тобына сәйкес келеді.
4.3 Өрттен – жарылыстан сақтандыру
Компрессорлық станцияға алаң таңдаудың маңызы үлкен. Себебі көптеген көіртекті булар ауадан ауыр. Алаңды жоспарлау кезінде әртүрлі бөліктердің биікте тұратынын ескеру керек. Сонымен қатар тез тұтанатын немесе жанатын сұйықтар мен булар лақтырылуы кезінде персоналға қауіптілікті және өрт қауіптілігін төмендету шаралары қабылдануы керек. Алаң таңдау кезінде, сондай-ақ желдің басым бағыты және су басу мүмкіндігі ескеріледі. Бұл төгілу кезінде бу ағындарының басқа қондырғыларға немесе тұтану көздеріне түсуін азайту үшін жасалады.
Төгілген жеңіл тұтанатын сұйықтың алаңнан орнықты және қауіпсіз етіп әкету үшін дренаждық жүйе жасалған. Барлық дренаждық тізбектер қоршауда орналасқан тұндырғышқа жіберіледі. Ағынды тізбектер дренаждық кірістерде сұйық бөлгіштермен (гидронығыздағыштармен) жабдықталған.
Блоктағы бөліп тұратын көшелер өртке қарсы жолақтар ретінде жақсы қолданылады және өрт сөндіретін жабдықтың қозғалуына көмектеседі. Сондай-ақ өрттің таралуын болдырмайтын бөгет, блок ретінде көгалдандырылған жолақтар және территориялар қолданылады. Бұл территориялар объектіге қазіргі заман келбетін беруге, Тұрғылықты халыққа жағымды етуге көмегін тигізеді.
От берілетін қыздырғыштар, факельдік қондырғылар және техникалық қызмет көрсетілетін шеберханалар және басқа жалын шығуы мүмкін жабдықтар негізгі жабдықтың желден ық жағында орналасуы керек. Технологиялық қондырғылардың жақын орналасуы айдау тізбегінің айналымын тездетеді, қондырғыны басқаруды орталықтандыруға және электрмен қамтамасыз ету жүйесін жинақы етуге мүмкіндік береді. Жақын орналасу қондырғылар арасындағы дірілдеуді азайтады және басқа экономикалық тиімді жақтары бар. Бірақ жақын орналасу қондырғылар арасында өрттің тез тарау мүмкіндігін жоғарылатады және техникалық қызмет көрсету жұмыстарын қиындатады.
Басты технологиялық қондырғылар арасындағы қашықтық 20 м-ден кем болмауы керек (жабдықтардың екінші тізбектері арасында). Авариялық факельдік жүйені есепке алмағанда қондырғылар арасында қашықтық 61 м-ден жоғары болса тәукел төмендетіледі. Тез тұтанатын сұйықтармен, бұлармен жұмыс істейтін компрессор секілді механикалық жабдықтар атмосфераға кездейсоқ ағымды жіберетін жабдық болып есептелінеді. Компрессорлар пеш секілді жану көздерінен 12 м қашықтықта болады. Сальниктің жануынан жақын тұрған жабдық қызатын болғандықтан қашықтық неғұрлым үлкен болғаны дұрыс.
Қондырғылар арасындағы ең кіші қашықтық қондырғыны болашақта ұлғайту территориясы ретінде қарастырымайды. Компрессорлық жабдығы бар толық жабық ғимараттарды жаңғыш газдарды анықтайтын жүйелер орнатылуы тиіс. Тасымалдау құралдарының маршруттары кәсіпорын территориясындағы қауіпті аймақтарда қозғалысын мүмкінгінше азайтатындай болуы қажет. Себебі автомобильдер жану көздері ретінде қарастырылады. Өртке қарсы сақтандыру, пайдаланудың үнемділігі және техникалық қызмет көрсету үшін қажетті кіру жолдары қарастырылған. Технологиялық алаң ішінде әрбір қондырғы және объект өртке қарсы жабдықтың кіруіне мүмкіндік беретін жолдармен жабдықталған.
Қызмет көрсету ғимараттары жанбайтын материалдардан дайындалуы керек. Административтік ғимараттар мен лабораториялар жобалары өртке қарсы нормаларға сәйкес жасалуы керек. Кез келген изоляциялау материалы және қабырғалар мен төбедегі ішкі жасақтау жанбайтын болуы керек және құрамдарында асбест болмауы керек.
Компрессорлар және олардың жетектері қауіпсіз өшіру және авариялық сигнализация құрылғылары мен жабдықталуы тиіс КС құрамындағы авариялық тоқтату жүйесі (АТЖ) қондырғының екі қарама қарсы жақтарында орнатылған тәуелсіз екі бөліктен басқарылуы тиіс. АТЖ қосылу кезінде жабдық өшіріліп, отынның берілуі тоқтатылып, үрлеу клапаны арқылы қысым түсірілуі керек.
Тұтанудың төменгі шегінен 20% деңгейдегі газ концентрациясы тіркелгенде авариялық сигнал іске қосылады. Бұл кезде сәйкесінше жүйе жабдықты тоқтатады.
Техникалық қызмет көрсету жұмыстары кезінде барлық газ тізбектері, лақтыру тізбегін қоса алғанда (компрессорге кіретін және одан шығатын) бекітілдуі тиіс. Тығындардың орнына шығару клапаны бар қос ашып жабу арматурасын қолдануға болады. КС-да авариялық ситуацияларды болдырмас үшін КС үрлеу клапандары мен, ашып жабу вентильдерімен және қайта жіберу клапандары мен жабдықталуы тиіс. Көп қолданылатын вариант – мұндай клапандар мен вентильдерді қоршау перимертінің шегінде 61 м-ден жақын емес және 152 м-ден алыс емес (басты компрессорда) қашықтықта орнату.
Көміртегі газдарының компрессорлық агрегаты бар ғимаратқа қайта келуін болдырмас үшін (факельдік жүйедегі қарсы қысымның әсерінен) сақтандыру клапаны және факельдік коллектор арасындағы үрлеу тізбегіндегі кері жіберу клапаны орнатылады. Сондай-ақ КС АВС категориялы агрегат өрт сөндіргіштерімен, ВС категориялы ұнтақ өрт сөндіргіштерімен компрессорлық жабдығы бар ғимараттың, коммуналдық шаруашылық ғимаратының әрбір 232 м2 еденіне жабдықталуы тиіс, сондай-ақ ең аз өнімділігі 3800 л/мен және қысымы 8,8 кгс/см2 өрт сөндіру сорабы болады.
Өрт сөндіруге сумен қамтамасыз ету болуы мүмкін өрт өлшемімен, өртті қадағалау әдістері мен және жабдығымен анықталады. Өрт сөндіру объектілері, маңызды БӨҚ және автоматика, көмекші қондырғылар ең нашар жағдайда жұмыс істей алуы қажет. Олар өртті сөндіру және аварияны жою кезінде соңғы сақтандыру тізбегі ретінде қолданылады.
Қондырғыда орнатылған бақылау өлшеу құралдарында шекті параметрлерді шектейтін белгілері, кәсіпорын орнатқан пломбасы немесе клеймосы болуы керек.
Бақылау өлшеу құралдары жұмыс істемейтін немесе мүлдем жоқ технологриялық жабдықты, аппараттарды және құбыр өткізгіштерді қолдануға тиым салынады.
Барлық объектілер «мұнай және газ кәсіпшілінде өндірісті қондырғылар мен құрылыстарда статикалық электрдің пайда болуынан сақтандырудың уақытша ережелеріне ГОСТ 12.1.018-93 «өрт қауіпсіздігі», «электрлік қауіпсіздік» ережелеріне сәйкес статикалық электрден сақтандырылуы тиіс.
Өрт қауіпсіздігі бойынша нормативтік құжаттарға сәйкес өнеркәсіпп басшыларымен нұсқаулар жасалған, оларға кіретін негізгі бөлімдер.
- территорияны, ғимараттарға баратын жолдарды, кірістерді, құрылыстар мен су көздерін дұрыс күтімге алу талаптары;
- объект территориясына транспортпен өрт қауіпсіздігі бойынша талаптар;
- Объектіде жөндеу және газ қауіпті жалынды жұмыстарды орындау тәртібі;
- өртке қауіпті заттар мен материалдарды қоймаларда, өндірістік және көмекші ғимараттарды, лабораторияларда сақтау талаптары;
- өндірістік жабдықты және ерекше өртке қауіпті өндіріс бөліктерін күту талаптары;
- өрт болған жағдайда өрт сөндіру құралдарын қолдану және өртке қарсы қорғанысты шақыру талаптары;
- өрт кезіндегі персонал қимылдары;
- адамдарды, жанғыш заттарды және бағалы материалдарды эвакуациялау тәртібі;
- темекі шегу орындарын орналастыру.
Достарыңызбен бөлісу: |