ҚОРЫТЫНДЫ «Компрессорларды ағымдағы және күрделі жөндеу кезінде техникалық қызмет көрсету кезіндегі жұмыстардың үлгілік көлемі» дипломдық жобасы бес бөлімнен тұрады. Технологиялық бөлімде, компресорлық станцияны қайта жаңарту,жөндеу кезінде, қабылданған тиімді технологиялық шешімдер келтірілген. Екінші бөлімде газөткізгіштің гидравликалық есебі, газдың физикалық қасиеттерін анықтау, компрессор станциялардың арасындағы газ құбырының нақтыланған жылулық және гидравликалық есебі көрсетілген. Экономикалық бөлімде компрессорлық станцияны қайта жаңартуға қажетті капиталды салымдар, оны пайдалану кезіндегі шығындар мен түсетін пайдасы есептелген, сонымен қатар жобаның экономикалық тиімділігі, ақталу мерзімі есептелді. Қоршаған орта мен еңбекті қорғау бөлімдерінде компрессорлық станцияны пайдаланудың шаралары мен апатты болдырмау тәсілдері қарастырылды.