Мазмұны Содержание Contents


Танымның формальды-логистикалық әдістері



бет7/224
Дата11.02.2023
өлшемі2,07 Mb.
#67099
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   224
Танымның формальды-логистикалық әдістері құқықтық нормаларды түсіндіру үшін негіз болып табылады.
Құқық нормаларын формальды-логистика-лық түсіндіру дегеніміз құқық нормаларының ма-ңызы мен мазмұнын ойлау заңының көмегімен ұғындыру және анықтау. Ол түрлі тәсілдерден тұ-рады: құқық нормасы жазбаларының бірқатар құ-қықтық салдарынан шыққан логикалық дедукция (яғни, жеке жағдайлар жалпы жағдайдан шыға-рылатын логикалық ой тұжырымы); «қарсыдан» түсінігі; аздан көпке және керісінше қорытынды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы зерттеген кезде фоормальды-логикалық түсінікті жүзеге асыру қажет, өйткені құқықтық норманы мазмұндау тілі өзінділігімен ерекшеленеді. Бұл ерекшелік күрделі категориялық-ұғымдық аппаратымен және терминдердің үлкен мазмұ-нымен негізделеді.
Танымның диалектикалық әдістері қозға-лыс заңы және материалдық әлемнің, табиғаттың, қоғам мен ойдың даму заңдарының негізіндегі құбылыстардың мәнін түсінуге көмектеседі.
Мысалы, сыбайлас жемқорлық сонау біздің ғасырға дейін XXIV ғасырдан бері әлеуметтік жағымсыз құбылыс ретінде танымал. Қазақстан Республикасында «сыбайлас құқық бұзушылық» ұғымы тек 2014 жылы 03 шілдеде Қазақстан Республикасының жаңа Қылмыстық кодексін қабылдаумен қатар Қылмыстық кодекске алғашқы рет енгізілді. Адамзатқа төрт мың жыл бойы белгілі құбылыстың терминологиялық мәнін заңдылық қабылдау процессының диалектика түрінде шарттасқан ұзақтығы осындай.
Танымның арнайы әдістері бұрын айтылғандай құқықтық ғылымның салалық әдістерін қамтиды. Оларға: компаративистика (түрлі мемлекеттердің құқықтық жүйе шегіндегі аттас құқықтық институттарды, категорияларды,

олардың негізгі принциптерін салыстыру әдісі), статистикалық, әлеуметтік және т.б. жатады.


Компаративистика әдісі сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты жүзеге асырумен байланысты қатынастарды құқықтық реттеудің ең тиімді әдістерін анықтауға көмектеседі.
Мысалы, кейбір елдердің білім беру жүйелерінде сыбайлас құқық бұзушылықтар жоқ. Осындай елдердің құқықтық тәжірибесін зерттеу өз елімізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы ша-раларды дайындауға өте пайдалы болады. Солай, Жапонияда білім беру мекемелері мен ұйым-дарында сыбайлас жемқорлық құбылысы жоқ. Бұл феноменді зерттеу барысында Жапонияда осы ел-дің әр азаматы жоғары білім алуға міндетті екенін көрдік. Сонымен бірге, жоғары оқу орындарында білім алу тегін және толығымен мемлекеттік бюд-жет есебінен қамтамасыз етіледі. Профессорлық-педагогикалық құрамды іріктеуге, соның ішінде адамгершілік сипатына өте жоғары талап қойылады. Профессураның жалақысы әлемдегі ең жоғары жалақы. Жоғары білім алудың осындай тәсілі интеллектуалды ұлтты құру және сақтап қалу жалпы мемлекеттік саясатымен алдын-ала анықталған. Сыбайлас жемқорлықсыз білімі бар мемлекеттердің тиімді тәжірибесін қолданудың құқықтық жағынан тиімділігін қарау керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   224




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет