Мазмұны Содержание Contents



бет8/224
Дата11.02.2023
өлшемі2,07 Mb.
#67099
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   224
Статистикалық әдіс – өзінше жалпы ғылыми әдістерге жатқызыла алады. Дегенмен, құқықтың жазалау салаларының сферасында ғылыми бағыттар және «Құқықтық статистика» оқу пәні бар. Құқықтық статистика құрылымында қылмыстық статистикаға арналған бөлім бар. Қылмыстық статистикада қылмыстық динамика мен болжамдау бағдарламасын анықтау үшін қылмыстық тәртіптің саны мен фактілер сапасын

есептеу бойынша арнайы тәсілдер мен әдістер қолданылады.


Мысалы, статистикалық әдіс негізінде жеке алынған елдер мен аймақтарда жемқорлық (сыбайлас) индекстері саналады. Әлемдік тәжірибеде жемқорлық (сыбайлас) индексі ортақ қаржы-экономикалық, саяси-құқықтық және басқа мақсаттарды шешу үшін тартылған серіктес-елді таңдаған кезде ескеріледі. Осы индекс қан-шалықты жоғары болса, осы мемлекеттің әлемдік ортақ экономикалық процесстерге қосылу мүмкіндігі соншалықты төмен болады.
Әлеуметтік әдісәкімшілік бұзушылықтың, қылмыстық құқық бұзушылықтарының, тәртіптік құқықбұзушылықтың жеке түрлерінің беймәлімділік деңгейін анықтаудағы ең нәтижелі әдіс болып табылады. Латенттік, яғни қалыпты емес тәртіптің жасырын, ресми статистикада белгіленбеген және көрсетілмеген көлемі мен сипаты.
Мысалы, криминологтардың зерттеуінше Қазақстанда орын алған нақты шынайы жемқорлық құқық бұзушылық көлемі ресми деректерде көрсетілгеннен бірнеше есе көп. Мысалы, жол ережелерін бұзғаны үшін 10-12 құқық бұзушылардың арасынан әкімшілік айыппұлды ресми түрде тек біреуі ғана төлейді. Қалған құқық бұзушылар Жол-патрульдік қызметтің (ЖПҚ) қызметкерлеріне пара беру арқылы «құтылады». Жол ережесін нақты бұзған жүргізушілер саны мен заңмен белгіленген айыппұл төлеуге тартылған жүргізушілер санының арасында орын алған арақатынасты әлеуметтік тәсіл негізінде айқындауға болады. Әлеуметтік тәсіл әдістерге мысалы, бағдарламаланған сауал, сауалнама, сұхбат алулар жатады. Жол ережесін

бұзған көлік жүргізушілерінің әрекетінен болатын, ауыр, аса ауыр зардаптарға әкеп соққан құқық бұзушылық үшін қылмыстық заңның қатаңдағаны, заманның талабынан туындап отыр.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   224




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет