Мазмұны Содержание Contents


«Сыбайлас жемқорлықсыз білім» оқу пәнінің әдісі



бет6/224
Дата11.02.2023
өлшемі2,07 Mb.
#67099
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   224
2. «Сыбайлас жемқорлықсыз білім» оқу пәнінің әдісі
Жүйелі танымның кез келген саласы жалпы, арнайы және жекеге бөлінетін белгілі бір әдістерді пайдалануды болжайды. «Сыбайлас жемқорлық-сыз білім» оқу пәні жинақтаушы сипатта болатынын және құқықтың әртүрлі салаларының және құқықтық теория мен оқудың мәліметтерін өзіне сіңіретінін ескере отырып, арнайы және жеке тәсілдер ретінде құқықтың және құқықтық ғылымның салалық тәсілдері еленеді. Жалпы тәсілдерді алғанда, олар бірыңғай маңызды және құқық пен құқықтық ғылымның барлық саласында қолданылады, ол педагогикалық ғылым жүйесінде де бірдей сипатқа ие.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы білімді тану бойынша жалпы ғылыми тәсілдерге тарихи, формальды-логистикалық, диалектикалық тәсілдер жатады.
Танымның тарихи әдістері онда бұл оқиғалар мен фактілер болған және орын алған, қалыптасқан нақты тарихи-мәдени, әлеуметтік-құқықтық жағдайға өзара байланысты оқиғалар мен фактілерді зерттеу мен қарастыруды көздейді. Мысалға, өзінің заңдық күшін жойған заң актісіне баға бере отырып, оны өз уақытында қабылдауға негіз болған нақты қалыптасқан тарихи жағдайды ескеру қажет. Кез келген нормативтік құқықтық акт өз қызметінде уақытпен шектеледі. Уақыт ұзақтығы әртүрлі болады. Бұл ұзақтық осы немесе басқа акті қабылданатын қол жеткізу мен шешімнің мақсаты мен міндетіне байланысты болады. Сонымен қатар, әрбір кейінгі сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің (жаңа) мемлекеттік бағдарламасын қабылдау, әдетте, мынаны білдіреді:
1) алдыңғы бағдарлама орындалды және мемлекеттің өмірі мен қызметіндегі өзгертілген немесе жаңартылған тарихи-мәдени, әлеуметтік-экономикалық және саяси-құқықтық салаларында бұл күрестің жаңа кезеңі басталды;
2)алдыңғы бағдарламалардың кемшіліктері талданып, осы кемшіліктердің себептері анықталып, олардың барлығы жаңа бағдарламаны дайындау барысында ескерілді;
3)қолданыстағы нормативтік актілердің қоғамның нақты сұранысына сәйкес келмеуіне әкелетін мемлекет ішіндегі және халықаралық сипаттағы елеулі өзгерістер орын алды.
Сонымен, сыбайлас жемқорлықпен күрес мемлекеттік бағдарламасы қолданыстағы заңнамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізген жағдайда ғана немесе қолданыстағы заңнаманы жаңа нормативтік актіге ауыстырған жағдайда тиімді бола алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   224




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет