Мазмұны Содержание Contents



бет3/224
Дата11.02.2023
өлшемі2,07 Mb.
#67099
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   224
1-тақырып. Жалпы ережелер


Жоспар


1. «Сыбайлас жемқорлықсыз білім» оқу пәнінің пәні, мақсаты, міндеті және жүйесі
2. «Сыбайлас жемқорлықсыз білім» оқу пәнінің әдістері
3. Педагогикалық мамандықтар бойынша мамандарды дайындаудың жалпы жүйесіндегі сыбайлас жемқорлықсыз білімнің орны мен бағыты


1. «Сыбайлас жемқорлықсыз білім» оқу пәнінің пәні, мақсаты, міндеті және жүйесі

Жалпы білімнің өзі – жалпымемлекеттік маңыздылықтар мен интеллектуалдық құнды-лықтар жүйесіндегі міндетті атрибут.


Қазақстан Республикасы Конститут-циясының талқылама сөздігін құрасты-рушылардың пайымдауынша, білім – жеке инди-видты адамилық, моральдық және рухани құн-дылықтарға, жоғары деңгейдегі айдынға (идеалға) сәйкес қалыптастыруға мақсатты бағытталған процесс. Бұл білім беру процесінің нәтижесі тұлғаның қалыптасуы. Білім беру тәрбиелеуді, білім алуды және дайындықты қамтиды.
Тәрбиелеу – қоғамның адамның қалып-тасуына және дамуына, оның құндылықтары мен мақсатының қалыптасуына ықпал ету процесі.
Білім беру – белгілі бір қызметті жүзеге асыруындаадамның бойына бейімділіктер мен икемділіктерді қалыптастыру үрдісі.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 бабында айтылғандай «білім» термині адам тәрбиесіндегі, білім алудағы және дайындықтағы белгілі бір деңгейге жетуін, мемлекеттің ресми құжат түріндегі бекіткен бағасының формальды критериі.*


Білім мен адамның материалдық әлаухатының жақсы қалыпта болуының ара жігі, мемлекеттің экономикалық-қаржылық құндылықтарымен, ұлтқа тән қасиеттің ұлттық сапасының айнымас белгісімен байланыстыратын, халықтың өркениет-тілік сипатын анықтайтын, мемлекеттің халық-аралық деңгейдегі мәртебесімен анықталады.
Білім – әлеуметтік-мәдениет саласының даму жағдайына шешуші ықпал ететін, әр жеке индивидтің өзінің болашақтағы мамандығын қалауындағы таңдауына мотивациялық рөлді орындайтын сипатқа ие болатын құндылық. Білім әлеуметтік процесстердің сипаты мен мазмұнына тікелей әсер етеді. Егер білім жалпыадамдық құндылықтар жүйесіне кіретін қағидалар негізінде құрылса, осы саладағы дүниежүзілік стан-дарттардың сақталуын қамтамасыз етуге бағыт-талған болса, онда мемлекет өзін дамитын, гүлденетін мемлекеттер қатарына дайындап жатқандығына сөз жоқ деп объективті негізбен сенімді пайымдауға болады.
Интеллектуалды ұлтты қалыптастырудың міндеті, тек қана алдыңғы қатарлы білім беру жүйесіне ғана негізделген.
Интеллект – адамның абстрактілі ойлау қабілеті, пікірі, санасуы. Интеллектуалдылық – санамен түсіну қабілеті. Интеллектуалды адам – жоғары интеллекттілік қабілеті бар тұлға. Сонда,
___________________
*Қараңыз.: Қазақстан Республикасы Конституциясының түсіндірме сөздігі. – Алматы: Жеті Жарғы, 1996 – Б. 97-98.
интеллектуалды болып қалыптасудың маңызды тәсілдерінің бірі білімде.
Сонымен, жалпы интеллектуалды дамыған тұлғаны қалыптастырудағы білім міндеттерінің бі-рі, адамның өз интеллектісін жалпылап, одан әрі өз бетімен білімін кеңейту мүмкіндігін қалыптас-тыру болып табылады. Білім берудің адамгершілік жағына тоқтала кететін болсақ, ол адамның мораль нормалары мен заң ережелеріне қайшы емес әдіс-тер мен тәсілдерді қанағаттандыруға нақты мүм-кіндіктерін өзінің қажеттіліктерімен салыс-тыра, сәйкестендіре алатын, заңға бағынатын, заңды бірінші орынға қойып пір тұтатын азамат-тарды қалыптастыруға бағытталған нық қағиданың қалыптасуына септігін тигізеді.
«Сыбайлас жемқорлықсыз білім» оқу пәнінің жоғары санаттағы мамандарды дайындау процесіне енгізілуі, соның ішінде педагогикалық мамандықтар бойынша, жалпы ұлттық білім жүйесіндегі сыбайлас жемқорлықтың деңгейінің жоғарылап кетуіне байланысты әлеуметтік сұраныс бойынша қажетті-ліктерді қанағаттандыруға бағытталғандығымен ерекшеленіп отыр.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   224




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет