Мазмұны Содержание Contents


«Сыбайлас жемқорлықсыз білім» пәнінің пәні



бет4/224
Дата11.02.2023
өлшемі2,07 Mb.
#67099
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   224
«Сыбайлас жемқорлықсыз білім» пәнінің пәні білім алушылардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы нық азаматтық көзқарасын қалыптастырудағы, сыбайлас жемқорлықтың әлеуметтік маңызды теріс құбылыс ретіндегі табиғаты мен құқықтық сипаты туралы мәліметтердің, әртүрлі әдістер мен тәсілдердің ғылыми жүйеленген негізін құрайды.
«Сыбайлас жемқорлықсыз білім» пәнін оқытудың мақсаты келесіні қамтиды:
- білім алушылардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы ережелердің сақтауына (заңға бағынышты) мінез-құлықтары мен нақты көзқарастарының қалыптасуын қамтамасыз етеді;
- педагогикалық қызмет бойынша бакалавриат бітірушілерінің болашақта білім алушыларын сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлықтағы тәрбие берудің тиісті деңгейдегі ақпараттық-көріп үйренудің негізін қалыптастыру.
Көрсетілген мақсатқа жету үшін, білім алу аясында келесідей міндеттерді шешу керек:
- Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатын жүзеге асыру шеңберінде берілетін білімді алу және бекіту;
- білім беру мекемесі мен ұйымдардағы педагогтың (тәрбиешінің) білім алушыларына сы-байлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлықтың қа-лыптасуына үйрету және бейімдеу;
- білім беру мекемелері мен ұйымдарында қызмет жасайтын педагогтардың (тәрбиешілердің) және қоғамдық өмірдің барлық салаларында жал-пыға бірдей танылған сыбайлас жемқорлыққа қар-сы мінез-құлықтың стандарттарының сақталуын қамтамасыз ету.
«Сыбайлас жемқорлықсыз білім» пәнін оқу нәтижесінде бакалавриат студенті білуі қажет:
- «сыбайлас жемқорлық» ұғымын және оның маз-мұны негізінде туындайтын ұғымдарды: сыбайлас-тық жемқорлық, сыбайлас жемқор, сыбайлас жемқор-лыққа қарсы саясат;
- сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұлттық заңнаманың жүйесі мен құрылымын;
- сыбайластық жемқорлықпен қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін тағайындалатын құқық-тық жауапкершіліктің түрлерін;
- сыбайлас жемқорлықтың мемлекеттің экономи-касына келтіретін зардаптарының неғұрлым қауіпті және талан-таражға салып жіберетіндігін;
- білім беру жүйесіндегі мекемелер мен ұйымдарда болатын сыбайлас жемқорлықтық құқық бұзушылық-тардың сипатын;
- педагогикалық (тәрбиешілік) қызметті жүзеге асы-ру барысындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы төтеп бере алатын әдістерді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   224




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет