|
екендігі дәлелденгеннен кейін-ақ, мүндағы екі әлеуметтік екендігі дәлелденгеннен кейін-ақ, мүндағы екі әлеуметтік
биологиялық формулалардың оздері екі грамматикалдық
формулалармен гомологиялық қатынаста екенін мойындау
керек. Жүмбақтарды шешу мен инцестгің арасьщца сыртқы
фактуалдық қатынастар емес сана-сезім деңгейінде жатқан
ітикі қатынастар. Сондықтан да ешнорсеге карамастан клас-
сикалық антика мен ала ботен Америка сияқты әр-түрлі
оркениеттер арасьшда ассоциация пайда болды. Жүмбақтың
шешілу барысы қалай жүргені сияқты, инцест бір-біріне
мүлде ботен болуы тиіс деп табылған терминдерді жақын-
дастырады: баласы анасымен қосылады, ағасы қарындасы-
мен — міне осындай жолмен жауап та, елестету қаншалық-
ты қиын болып саналса да оз сүрағын табады.
Эдип туралы аңызда оның Иокастамен некеге түруы
Сфинксті жеңгеннен кейін болуы кездейсоқтық емес. Эдип
типтес аңыздарда (осыны айта отырып, біз оған тура анык-
530
тауыш таіггық) басты кейіпкердің жұбактарды шешудің ор
нына инцестгің шешілуін ұқсатуға көп көңіл аударады, ана-
ның да мынаның да түрлі эпизодтары түрлі планда және
түрлі тілде бірнеше мөрте қайталанады. Олардың келтіретін
дәлелі — Граал жайлы ежелгі аңыздардағыдай инверттелген
түрде: қүпия создерді бас-коз демей озара араластыру, не
месе — қандас туыстарды, оздері білмегенмен олар іштерінен
шіріп бүзыла бастайды, табиғи күштердің адуындығы, фи-
ван обасын еске алсақ — жыныстық бедеулік сияқты (озара
бір ауыз создің басын қүрай алмайтындар іспетті) жануар
лар мен осімдік әлемінің осімталдығы мен кобеюге деген
қабілетін өлсіретеді.
Адамның ақыл-есіне майдай жағатын - мәңгілік жаз
бен моңгілік қыс сияқты (бірі азғындыкқа дейін баратын
үятсыздық, екіншісі түқымсыздыққа дейін апаратын пөк-
тік) — адам мезгіл мақамына төн тепе-тендік пен мерзімді-
лікті тандауы тиіс. Табиғатқа тән тәртіп бойынша бүл ырғақ
әлеуметтік түрғыда некеге түру кезінде әйелдерді айрыбас-
тау сияқты функцияға сөйкес келеді, ал әңгіме барысында —
соз алмасу, алғашқысы да осы да әрқайсысының шынайы
байланысқа үмтылудан туылуы, былайша айтқанда зүлым-
дықсыз, бүрмалаусыз, ең бастысы арам ойсыз болуы тиіс.
* * *
Біз дөлеледемелердің негізгі контурларын сызып отуге
тырыстық — алдағы оқу жылында бүл тақырып лекциялар-
да пысықталады*, — басқа ғылымдар сияқты әлеуметгік ан
тропология да шешуге тырысатын инварианттық мәселесі
ашып корсетілетін болады. Алайда, әлеуметтік антрополия
үшін бүл мөселе озіне үнемі койып жүретін адамзат таби-
ғатының омбебаптығы сияқты сүрақтың жаңаша сапалық
белгісі ретінде қарастырылады.
Инварианттарды белгілеу кезінде біз адамзат табиғатына
арқамызда беріп теріс айналып кетіп жүрген жоқпыз ба,
тәжірибе мөліметтері модельдермен белгіленеді, біз алгебра-
дағы теңеулермен жүмыс істегендей дерексіз операциялар
жүргіземіз. Кей кездері бізді ол үшін айыптаған да. Мүндай
*
1960/61 жылдардағы лекция жұмыстары жөніндегі есеп беру жү-
мыстарын қараңыздар.: Annuaire du Collüge de France 1961-1962. p. 200-203.
531
қарсылықтардың іс жүзіндегі төжірибемен айналысатын адам
ушін маңызы жоқтығын ескерсек — ол мұның барлығының
нағыз ақиқатган танудың қаншалықты қымбатқа түсетінін
білетін ол кей кездері одан танған сөтте соңынан толығы-
мен өтейді — айтайын дегеніміз, осылай жасай отырып
әлеумеггік антропология Дюркгейм мен Мосс калдырып
кеткен бағдарламаның болігіне қайта оралады.
“Элеуметгану әдісіне” жазған кіріспесінде Дюркгейм озін
үжымдықты жеке-даралықтан заңсыз түрде болгені үшін
айыптайтындарға жауап береді. Оның айтуынша, мүндай
болу қажетті, алайда болашақта “индивид психологиясы мен
әлеуметтану үшін қандай да бір дәрежеде ортақ негіз болар-
лық ортақ формалды психология ойлап табылуы мүмкін...
дейді Дюркгейм, — ол үшін аңыздар, ертегілер мен халық-
тардың салт-дэстүрін озара салыстыра отырып, әлеуметгік
түсініктер бірін-бірі қалай толықтыратыны немесе біріне-
бірі қарама-қайшы, үқсас немесе айырмасы бар екенін зер-
ттеуге тура келеді...”. Оның қорытынды-сында айтуынша,
мүндай зерттеу кобіне абстракциялық ойлауга жақынырақ.
Мынадай қызық мәліметгі айта кетуді жон деп санап отыр-
мыз, Леви-Брюль мифологиялық түсінікгерді логика үгымы-
на қарай ыгыстырып тастамаганда жэне содан кейін де ло-
гикалық ойлауга дейінгі ойлау түсінігінен бас тартқанда
үзілді-кесілді болініске бет бүрмаганда ол осы багдарламага
етене жақын болар еді. Мүның нәтижесі, агылшындар айт-
пақшы, кір сумен бірге жас нәрестені де лақтырып жіберді
дегенге саяды: когинтивтік белгінің “қарапайым ділдігіне”
шек келтірмеу (Леви-Брюльге де алгашында осылай
корінетін) мен аффекгикгік қүрдымына толығымен жіберілді-
Дрюгеймнің әлеуметтік реалийінен негіз алган “қараңғы
психология” идеясына баскаларга Караганда адалырақ Мосс
антропологияны “адамдарга жалпы больш саналатын... адам
дар символдардың комегімен қатынасады... бірақ олар бүл
символдарды иемдене отырып, инстинктері үқсас болган-
дықтан гана байланысқа түсе алуын зерттеуге бейімдеді”.
Мүндай түжырымдама (біз де болісетін) басқа магына-
дагы сынга жол беруге негіз болмай ма? Егер сіздің мақса-
тыңыз — ойлау мен адамгершіліктің кейбір эмбебап пішін-
деріне қол жеткізу болса, дейді олар сізге, (“Сый жайлы
очерк” адамгершілікті мінез-қүлықты қорытындылаумен
532
аяқталады) онда неге өзіңіз примитивті, яғни қарапайым
деп атайтын қоғамға басты назар бөлінеді? Қандай қогам-
нан бастау алганына қарамастан гипотетикалық түрде сол
нәтижеге келу талап етілмей ме? Үзақ сонарга созыльш кет
кен лекцияны тамамдар алдында атап өткім келіп түрған ең
соңғы мәселе.
Мүнда лекция тындауга келген кейбір, жылдам транс
формация процессінде келе жатқан қогамды зерттеген эт-
нологгар мен әлеуметганышулар қарапайым қогамдар түжы-
рымдамасы жайлы дауласуы мүмкін болғандықтан бүл аса
қажет болып отыр. Оларга тагылатын ерекшелейтін белгі-
лері — қолдан жасалган сагым, шын мәнісінде онда не бо
лып жатқанын білмеудің нәтижесі, объективті түрде бүл
белгілер ақиқатқа сөйкес келмейді, — деп болжам жасауга
әбден болады.
Созсіз, (кезінде озіміз зерттеген), шынтуайтқа келгенде
мәселелері біздікіне етене жақын анагүрлым кең бірлікке
сіңіп кетіп саны аз жабайы тайпалардың жойылуына қарай
этнографиялық зерттеулердің мазмүны да озгереді. Ал егер,
Мосс үйреткендей, шын мәнінде антропология жеке дара
үйренуге арналган негіз емес танып білудің таптырмас тәсілі
екені рас болса, онда бүдан қазіргі заман үшін этнология
қызмет етуде екі тәсілді: таза күйінде және былайша айтсақ
аралас күйді жетекшілікке алады деп қортынды жасауга бо
лады. Оның тәсілі баска тәсілдермен араласып, ал пәні бас
ка гылымдардың пәніне сіңісіп кететін жерін терендетуге
тырысу саналы түрдегі гылыми багдар болып саналмайды.
Бүл кафедра таза этнологияга гана арналатьш болады, алай
да бүл дегеніміз, оның теориялық зерттемелері басқа мақ-
сатга қолданылмайды немесе белгілі бір дәрежеде жене белгілі
бір қырынан тікелей этнологиялық тәсілге үксас қазіргі за
мангы қогамдарга қатысы жоқ деген соз емес.
Біз үшін басқа терминдердің жоқтыгынан примитивті*
деп атайтын, алайда олар ондай больш табылмайтын когам-
дарга бүйректің бүрып түруы үшін қандай негіз бар?
*
primitive (фр.) термині бір мезгілде бірнеше мағына береді: бастап-
қыдағы қарапайым; жабайы; алғашқы ауқымды. — Аудармашының тү-
сініктемесі.
533
Шынын айтқанда мүндай себептердің бірі — философия-
лық жағьшан алынған. М. Мерло-Понгга жазғандай, “әлеу-
меттанушы [мүндай ол антрополог туралы айтып отыр],
өзінен әлде қайта алыс мәдени формацияларды түсінудің
қүралы больш саналатын өз білімінің өрімтал өзекгеріне бет
бүрган сайын — ол еріксіз философияга беріледі”*. Шын
мәнісінде, кез-келген этнологиялық зерттеудің негізі сана
латын далалық зерттеу — сенімсіздік тууының, философия-
лык негіз қалыптастырудың par excellence анасы мен қорек-
тендірушісі. Бүл “антрополгиялық сенімсіздік” еш нөрсе
білмегенінді таньш білу үшін гана емес, сонымен қатар, білім
болып саналып келгеннің бәрін үзілді-кесілді жоққа шыға-
рып отыру, ал өзіңнің білместігінді, оларга белгілі дәрежеде
қарсы келетін аса қүнды идеялар мен өдеттеріңнің бәрін
соққыға қию үшін қажет.
Бір қараганнан солай болып көрінуі мүмкін болганмен,
этнология әлеуметтанудан қатаң философиялық әдісімен
ерекшеленеді. Әлеуметтанушы алдаудың қүрбаны болып
қалудан қорқатындықтан белгілі бір дәрежеде объективист-
ке айналады. Этнологта ондай қорқыныш жоқ, себебі ол
зерттейтін алыс қогам ол үшін ботен болгандықтан және
барлық белгілер, болшекгер мен магыналық қүндылықтар-
ды — бір сөзбен айтқанда оз қогамының қадагалаушысы өзі
кездесіп қалуы мүмкін нөрселердің бәрін тамырымен
жойып тастауды алдына мақсат етіп қоймаган.
Осындай жолмен субъект пен объектіні тандай оты
рып, олардың арасы қарама қарсы дәрежеде алшақ екенін
ескере отырып, антропология өзі жайлы қалыптасқан білім
оның ішкі ерекшеліктерін қажетті дөрежеде ашпай,
субъектінің көзімен қарагандагы оған деген қатынастың
өзгеріп отыруына байланысты релятивті ой қалыптасьш қала
ма деп күдіктенеді. Мағынасы бойынша, бізге келген эк-
зотикалык мейманның біздің қогам жайлы білімі қанша-
лықты дәрежеде қалыптасса, этнографиялық білімнің бү-
рынгысынша гажап әрі қалыпты емес күйде қалу қаупі бар.
Нью-Йоркке Боастың ақпаратшысы болу үшін шақырыл-
ган квакиутль - үндіс кошелердегі автокөліктер тыгыны
мен зеңгір үйлерге бойкүйездікпен қарады, оның барлык
интеллектуалдык қызығушылыгы сол кездері Тайм Скверде
* Merleau-Ponty М. Signes. Paris, I960. P. 138.
534
көрсетіліп жатқан ергежейлілер, алыптар мен сақалды өйел-
дерге, дайьш тағамдардың автомат-дистрибьюторы мен бас-
палдақтардың ұстайтын ағаштарының шетін безендірген жез
шарларда болды. Осының барлығы (менің мүнда негіздерді
санамалап отыратын мүмкіндігім жок) оның жеке мәде-
ниетіне үқсас болды, сондықтан да ол біздің мәдениеттен
өзіне танысты ғана алуға тырысты.
Басқа түрде болғанмен, этнологтар, коп жағдайда жоға-
рыда айтылғандай жаңа заманғы теориямен етене жақын
келістіре отырып, басқа елдердің салттары мен институтта-
рын заманның жаңа ағымына қарай түсіндіру кезінде осын
дай жағдайға беріліп кетпей ме екен? Тотемизм мөселесін,
копшілігіміз оны айдан анық, түсінікті және негізі жоқ деп
келген ол коп уақьгг бойы этнологиялық рефлексияға үстем-
дік қүрып келді. Енді ғана біз, оның мағынасы ерсілік пен
келемеж суреттерге бейімділік сияқты талғамнан туған екенін
түсіндік, ол баланьщ дін аддандагы қорқынышы сиякты ауруга
үқсас — белгісіздіктің алдындағы оздігінен туындайтын озін
озі үстаудағы бақыланбайтын келеңсіз әрекеттер, одан бақы-
лаушының да сытылып шыққан кезі болмаған. Сондықтан,
тотемизм теориясы “оз-озімізде” емес “біз үшін” деген магы-
наны білдіретін теория негізінде қүрылған болатын, сонда да
ол қазіргі түрінде де баяғысынша сондай сағымдардың бірінен
негіз алмағанына ешкім кепіл бола алмайды.
Менің заманымдағы этнологтар, Фрэзэрдің оз омірін ар-
наган зерттеулерге деген жиіркеніш сезімі оларды біршама
абдыратьш алатын. “Ол былай деп жазды, — Адамзат қателік-
терінің қайғылы хабарлары: ессіздік, еш кеткен күш-жігер,
бос кеткен уақыг, талқандауга бейім үміт”. Сондықтан, Леви-
Брюльдің “Жазба кітапшасынан” аңыздарга қандай баға
бергені бізді бүдан кем таң қалдармасы анық, оның пікі-
рінше, “олар бізге ешқандай дәрежеде эсер етпейді... біз
үшін таң... тіпті ботен және ақылга қонымсыз деп айтса да
болады... әңгімелер... оларга деген қызыгушылық ояту үшін
озінді қинап күштеуің қажет...”. Біз, әрине, экзотикалық
омір сүру мен ойлау қальпггары жайлы шьшайы білім алдық,
сол білім бізге дейінгілерге жетіспеген еді. Сондай-ақ, сол
баяғы сюрреализмге — қогамымыздың ішінде қалыптасқан, —
эсер алгыштыгымызды коркейтіп байыта түскен, соның ар-
қасында барлык біздің зерттеушілік қызметіміздщ қайнаган
ортасындагы ашылып жатқан жаңалықтары, лиризм мен
шынайлыққа қол жеткізген жоқпыз ба?
535
Сонымен, біз өр нәрсеге сенгіш объективизмнің азғыруы-
на көнбейміз, алайда, бақылаушы ретіндегі біздің позиция-
мыз соншалықты берік болмағандықтан ойламаған жерден
объективтіліктің алғышартына айналады. Біз айтып жүрген-
дей примитивті қоғамдар біздікінен әлдеқайта алшақ бол-
ғандықтан, біз оларға, Мосстың сөзімен айтсақ, “жалпы кыз
мет етуге бейім фаткілерге дейін біле аламыз”, олардьщ “ана-
ғүрлым әмбебап” жэне “шынайы ақиқатқа” жақынырақ
болуға барлық мүмкіншіліктері бар. Тағы да сол Мосстың
созімен айтар болсақ - сол қоғамдарда біз адамдарды, топ
тар мен олардьщ озін-озі үстаудағы әрекетін танимыз, олар
дын механизм іспетті қозғалыста екенін кореміз, массалар
мен жүйелерді кореміз”. Алыс қашықтықтан жүзеге асыры-
латын, осындай бақылаулар мен зерттеулердің озіне тән ар-
тықшылықтары бар; ол дегеніңіз, табиғатга қоғам мен біздің
қоғамның арасында шын мәнінде де айырмашылықтар бар
екендігіне шәк келтірмейді. Мысалы, астрономия, аспан
денелерінің алыс орналасқандығының арқасында ғана бар
болып отыр; сондай-ақ, ондағы уақыттың біздікіне кара-
ганда басқа ырғақпен жүруі маңызды, әйтпесе, Жер оз
тіршілігін астрономия пайда болғанға дейін-ақ доғарар еді.
* * *
Әрине, біз айтып отырған примитивті, яғнй қарапайым
қоғамдар тарихган алынып отыр; олардьщ откен шағы біздің
қоғамның откен шағындай коне болып табылады, себебі ол
оз бастауын адамазаттың пайда болуынан алады. Мындаған
жылдар бойы олар қаншама түрлі трансформацияларға үшы-
рады, дағдарыстар мен гүлдену кезеңдерінен отгі; соғыстар,
жер аударулар корді, қауіпті жағдайларға үшырады. Бірақ,
олар біз тандағаннан озге жолдарда калыптасты. Мүмкін
олар қазіргі кездің озінде, кейбір қатынастар бойынша ежелгі
омір сүру жағдайларына анағүрлым жақын шығар; ол
дегеніңіз, басқа қатынастар бойынша олар бізге қарағанда
конелік негізінен анағүрлым алшақтап кетпегенінің кепілі
бола алмайды.
Тарихта болып келген мүндай қоғамдар, олар оздерінің
ішкі жағдайына тарихтың енуіне мүкіндік беріп, оз күры-
лымын кандай да бір дөрежеде озгертуге бейімделген озге-
рістерге қарсы түра алатын даналық қалыптастырғанға не
месе оны қатаң сақтағанға үқсайды. Өзінің ерекшелік белгі-
536
лерін бүгінгі күнге дейін ең тиянақты түрде сақтап келген
қоғамдарды, біз үшін өз өмір сүру ережесін өзгеріссіз кал-
дыруға тырысқан қоғамдар осы басты міндеттерінен рахат
алатындай эсер қалдырады. Олардың өз табиғи ортасын
калыптастыруы, оларга өмір сүрудің қарапайым деңгейін
жэне сонымен қатар, табиғи ресурстарының корғалуын кам-
тамасыз етеді. Олар қолданатьш некеге қатысты реттеу нор-
малары, оз сипаты бойынша түрлі бола түра, демография-
лык жагьшан қарасақ, жалпы сипатқа ие — туылу нормала-
рының шектеледі әрі белгілі бір көрсеткіште гана болуы
тиіс. Енді саяси омір, барлыгы бірдей қолданылган шешім-
дердің гана кабылдануьша негізделген, соган қараганда, билік
пен оппозиция арасындагы теке-тірес, азшылық пен көпші-
лік, қанаушылар мен қаналушылар сияқты дифференциал-
ды алшақтық пайдаланылатьш үжымдық өмір сүру механизмі
жайлы ойлар санага кіріп те шықпайтын сыңайлы.
Бір сөзбен айтсақ, озінің тарихи температурасы бойын
ша нолдік корсеткішке жақын болгандықтан “салқын” деп
атауга келетін бүл қогамдар, неолитикалық тоңкерістен кейін
іле-шала жер шарыныңтүрлі түстарында пайда болган “ыс-
тық” қогамдардан санының шекгеулігімен ерекшеленеді және
сипаты жагынан механизмдік қызмет ету сипатымен ерек-
шеленеді, онда толассыз түрде касталар мен кластар арасын
да жіктелу пайда болып, онысымен қуат алуга жөне қалып-
тасуга мүмкіншілік тугызады.
Мүндай айырмашылықтың басты дөрежеде теориялық
маңыздылыгы зор, себебі, өзінің түтастыгы мен түрлі бол-
шектері жагынан екі типтің де бірінші немесе екіншісіне
түп-тура сәйкес келетін қандай да бір белгілі қогамды табу
мүмкін емес. Басқа магынада алсақ, өлеуметгік антрополо-
гияньщ екүдай мотивацияға багынатьшдыгы рас болса, онда
олардьщ арасындагы айырмашылық та салыстырмалы гурде
болмак. Біріншіден, ретроспекгивті, себебі примигивті, ягни
қарапайым қогамньщ омір сүру салтына жогалып кету қаупі
төнуде, сондықтан олардан қажетісін алып қалуга үлгіру
үшін асыгуымыз керек. Екіншіден, перспективті, эволюция-
лык озгерістерді сезіне отырып, оның қарқьшды түрде даму
ыргагына қарап озімізді шоберелерімізбен салыстырмалы
түрде “примитивті” сезінеміз жөне осы қалпымызда орны-
ғып, озіміз сияқты болган жөне казір де сондай болыи қалып,
омір сүрін қагидаларын озгертусіз қалдыруга үмтылгандар-
ды іздеп соларга жақын болуга тырысамыз.
537
* * *
Торага мырза жөне әріптестер, лекцияның қорытынды
бөлігінде, мен Франциск I бері төрт жүз жыл бойы дәстүрі
үзілмей келе жаткан ғимаратка кіріп келе жатқан антропо-
логтың қандай таңғажайып эмоциялық күй кешетінін ай
тып кеткім келеді. Әсіресе, егер ол американист-антрополог
болса, онда Еуропа Жаңа Дүниенің ашылғаны жайлы және
ол этнографиялық танымға қарай ашылған кезде оны осы
дәуірмен оны қаншама нөрсе байланыстыратыны белгілі.
Антрополог осы дәуірде өмір сүргісі келіп кетеді — өр күнді
сонда болғандай етіп өткізеді. Сондай-ак, маңызды болып
саналатын мәлімет, Бразилия үндістері (мен сол жерде ал
гаш рет біздің осы мамандыққа іс жүзінде кірістім) “Мен
сақтаймын” дегенді үран орнына да қабылдар еді, оларды
зерттей келе, оның екі мағынасы бар екеніне көз жеткіздік:
алыс жерлерге сапар шегу, жөне таң болып корінсе де, откенді
зерттеу дегенді білдіреді.
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|